«Операциялық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен 5B060200 – «Информатика»мандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет5/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#21591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Операциялық жүйелер

Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау, т.б. Яғни, ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіде сақталып қойылады. Сондықтан ОЖ-ны дискілік операциялық жүйе деп те атайды (DOS). Процессордың типіне қарай, DOS-тың көптеген нұсқасы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған. 16 не одан жоғары разрядты IBM PC –ге үйлесімді компьютерлерде пайдаланылатын операциялық жүйе – MS DOS (MicroSoft Disk Operating System).

Алғашқыда оның да бірнеше нұсқалары жарыққа шықты. Одан соң шыққан кәсіби компьютерлер командалар жүйесі кеңейтілген MS DOS 6.0 және т.б. нұсқаларын, ал қазіргі кездегі ЭЕМ-дер мен ДК-лер MS DOS-тан жүздеген есе күшті, параллельді бірнеше есепті шеше алатын MS Windows 95, 98, 2000, UNIX және т.б. операциялық жүйелерін пайдаланады. МS DОS-пен жұмыс істейтін компьютер іске қосылған кезде монитор экранының төменгі жағында операциялық жуйенің шақыруы деп аталатын С:\> не осы сияқты белгілеме көрінеді. Әдетте шақыру шыққан жол командалық жол делінеді. Пайдаланушы компьютерге беретін командасын шақыру белгісінен соң комаңдалық жолда теріп алып, Енг (енгізу) пернесін басуы тиіс.1985 жылы МісгоSoft фирмасы алғашқы рет МS DОS'қа қосымша пайдаланатын Windows 1.0 атаулы жүйелік программаны, ал соңғы жылдары оның кеңейтілген түрлі нүсқарын дайындап шықты. Одан соңғы жылдары мүмкіндіктері МS DОS -тан жүздеген есе артық 3.0, 3.1, 3.11 және т.б. нүсқалары жарыққа шықты. Мүндай жүмысын жеңілдететін Norton Commander сияқты қабықша программа (ол жөнінде 7қысқаша келесі дәрісте баяндалған), бірақ оған қарағанда мүмкіндігі мол және пайдаланудың басқа принципіне негізделген.

Windows-тың тарихы мен дамуы.

Windows-тың тарихы 1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1.0 шыққаннан басталады. Оның құрамында операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды. Сол кезде қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне қарағанда Windows-та графикалық интерфейс қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға емес, терезе деп аталатын экранның ішкі аймағына шығарылды. Сол кездегі 8086 процессоры бар компьютерлерде операциялық жүйе жөнді жұмыс жасаған жоқ.

Екі жылдан соң 1987 жылы қараша айында Windows 2.0 версиясы пайда болды. Ал шамамен бір жарым жылдан соң Windows 2.10 версиясы шықты. Бірақ бұл версиялар ондай аса танымал бола қойған жоқ.

1990 жылы Windows 3.0 жаңа версиясы шығып, ол көптеген дербес компьютерлерде қолданыла бастады.

Windows-қа арналған программа жазудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, Windows-тың басқаруымен жасайтын программалардың көптеп жазылуына әкелді. Ақырында, жүйені танымал қылған оның әртүрлі компьютерлік құрылғылармен жұмысының жақсы ұйымдастырылуы болды.

Келесі Windows 3.1 және Windows 3.11 версиялары жұмыстың сенімділігін арттыруға бағытталды. Мұнда жадымен жұмыс жақсартылды, жоғары дәрежеде масштабталатын True Type шрифтілерін қолданды, белгілерді экран бетінде маус көмегімен жылжыту мүкіндіктері пайда болды, сонымен бірге параллель жасайтын программалардың арасында информация алмасудың жаңа механизмі қолданылды. Windows 3.11-дің тағы бір артықшылығы компьютерлік желіде жақсы жұмыс жасады.

1988 жылы Microsoft компаниясы Windows жүйесімен бірге параллель түрде Windows NT операциялық жүйесін жасауды қолға алды. Жаңа операциялық жүйе желілік жұмыстармен қуатты әрі сенімді жұмыс жасауға арналған операциялық жүйе жазу мақсатында жазылды. Сонымен бірге жүйенің интерфейсі Windows 3.0 жүйесімен бірдей болуы тиіс болды. Бір айта кететін нәрсе Windows NT жүйесінің де ең танымал болған версиясы үшінші, яғни Windows NT 3.0 версиясы болды. Ол 1992 жылы жылы пайда болды, ал 1994 жылы Windows NT 3.5 жазылды.

Операциялық жүйелерді дамыту ісі бір орында тұрмады. 1995 жылы Windows тарихында жаңа кезең болып табылған операциялық жүйе пайда болды. Жаңа жүйені жасау кезінде оның аты туралы көп әңгіме болды. Басында Windows 4.0 деп, кейіннен Windows Chicago деп, ал ақыр соңында Windows 95 деп аталды. Windows 3.1 –ге қарағанда интерфейс көп өзгеріске ұшырады, әрі программаның жұмыс жасау жылдамдығы да артты.

Windows 95-тің жаңалығының бірі компьютердің қосымша құрылғыларының бір-бірімен конфликтісіз жұмыс жасауы үшін оларды автоматты түрде баптау мүмкіндігі пайда болды. Бұл технология Plug end Play деп аталды. Жүйенің тағы бір ерекшелігі Интернетпен ешқандай қосымша программаларсыз жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Windows 95 – тің интерфейсі Windows типті жүйлердің бәрінің негізі боды. 1996 жылы өзгертілген Windows NT 4.0 версиясы шықты. Мұның интерфейсі Windows 95 жүйесінің интерфейсіне ұқсас болды.

Windows 95 – тің дамуының жалғасы болып, 1998 жылы Windows 98 шықты. Мұнда Интернетпен жұмысқа көп көңіл бөлінді.

Windows дамуының келесі кезеңі Windows 2000 және Windows Me (Millennium Edition – редактор тысячелетия) шығуы болды. Windows 2000 жүйесі Windows NT жүйесінің негізінде жазылды. Ал Windows Me Windows 98 жүйесінің жалғасы болды, бірақ көптеген жаңа мүмкіндіктерді қамтыды. Соның ішінде мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу жақсы дамытылды. Windows Me көмегімен кез-келген қолданушы үш-төрт компьютер негізінде файлдарды, папкаларды принтерді ортақ пайдалану үшін жергілікті желі жасай алады. Ең жаңа компонент жүйенің видеофильмдер редакторы болды. Бұл программа көмегімен фильмдерді монтаж жасауға болады. Цифрлық фотокамералар мен сканерлермен жұмыс жасау жеңілдеді. Мұнда фотоларды компьютер жадына енгізу үшін қосымша программалар қажет емес. Кең танымал МР 3 форматты дыбыстық файлдарды қолданушы өзі құра алатын болды. Жүйенің қауіпсіздігі мен қорғанысы да жақсартылды. Plug end Play технологиясының жақсартылуы компьютерге әртүрлі тұрмыстық приборларды жеңіл қосуға мүмкіндік берді.

Біртіндеп Windows жүйелерінің арасындағы айырмашылық жойылып, 2001 жылы Windows XP пайда болды. Ол Windows NT мен Windows 2000-ның қауіпсіздік жүйесі мен сенімділігін Windows Me-нің қолайлылығын біріктірді. Сондықтан да бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті, сонымен бірге ол үйренуге қарапайым болды, әрі жеке үйдегі қолданушыларға арналған көптеген құралдар пайда болды.

Әртүрлі салада, бағытта қолдануға арналып, Windows XP жүйесінің көптеген варианттары шықты.

Microsoft Windows XP Home Edition үйдегі жұмыс жасайтын жеке қолданушыларға арналған.

Microsoft Windows XP Professional, аты айтып тұрғандай профессионалдарға арналған жүйе. Бұл версия мекемелерде көп қолданылады.

Компьютерлік жүйедегі көп қолданушылардың жұмысын ұйымдастыру үшін, қуатты компьютерлерге арналып Microsoft фирмасы Windows Server 2003 операциялық жүйесін жазды.

Қазіргі таңдағы Windows XP-дің мүмкіндіктері жоғары. Басқа версиялардың бәрі де уақыт өте келе ескірді. Сондықтан жұмыс жасауға тиімдісі әрі ыңғайлысы Windows XP жүйесі болып табылады.

Ал Windows XP жүйесімен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын талаптар мынадай:



  • Компьютердің оперативті жады 128 Mb-тан кем болмауы керек. Жүйе жылдам жұмыс жасауы үшін 256 болғаны дұрыс.

  • Кез-келген процессор жарайды, бірақ тым ескі болмағаны дұрыс. Егер тактілік жиілігі 300 Мгц тен жоғары болса жарайды, бірақ 1 Ггц-тен жоғары болғаны дұрыс.

  • Қатқыл дискте операциялық жүйенің файлдары мен уақытша файлдар орналасуы керек әрі бос орын қалуы керек. Қазіргі уақытта кішкентай көлемді дисктер сатуда жоқ болғандықтан ол жөнінде қиындық болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет