Операциялыќ жїйемен жўмыс жасап їйрену



бет4/10
Дата06.01.2022
өлшемі228,5 Kb.
#11649
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
- COMMOND.COM командалық процессоры әрбiр адамға қажет түрлi iс әрекеттi орындайды, ол ЭЕМ iске қосылған кезден бастап ОЖ-нің барлық резиденттi немесе iшкi командаларының орындау iсiн жүргiзедi. Транзиттi командаларды орындау үшiн ол дискiден соларға сәйкес бағдарламалық файлды iздеп, егер табылса, оны жедел жадыға жүктеп, соған басқаруды бередi. Бағдарлама жұмысы аяқталған соң командалық процессор оны жадыдан жойып, экранға әрi қарай жұмысқа дайын екендiгiн бiлдiретiн шақыру мәлiметiн шығарады.

- DOS-тың сыртқы немесе транзиттi командалары – операциялық жүйемен бiрге бөлек модульдер түрiнде берiлетiн бағдарламалар, кейде утилиттер деп те айтыла бередi. Олар сыртқы командалар ретiнде әртүрлi қызметтер атқара бередi.

- құрылғылар драйверi – DOS жүйесiн толықтырып, жаңадан қосылған шеткерi құрылғыларды басқару iсiн орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердiң жедел жадына операциялық жүйемен бiрге оқылады да, олардың аттары CONFIC.SYS деген арнаулы файлда жазылып тұрады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейiн дискiден конфигурациялық файл CONFIC.SYS қјылып құрылғылар драйверлерi де жедел жадта орналасады. Мұнан кейiн командалық COMMOND.COM файлы қосылып, ол iске кiрiседi. Бұл командалық процессор тағы бiр командалық AUTОEXE.BAT файлы iске қосып, оның iшiндегi командалар мен программаларды бiртiндеп орындай бастайды.

ОЖ жұмыс iстегенде оның негiзгi жұмыс құралы – команда. Ол компьютерге белгiлi бiр әрекеттi орындататын арнаулы программаларды шақыру үшiн қолданады.

Команда формат деп аталатын, арнаулы құрылымнан тұрады. Формат команданың атынан және параметрiнен тұрады.

MS-DOS барлық командалары резиденттi және транзиттi болып екi үлкен топқа бөлiнедi. Резиденттi командалар қызмет ететiн COMMOND.COM файлының құрама бөлiгi болып табылады. Олар – тез орындалатын жиi қолданылатын қарапайым командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б.

Транзиттi командаларға дискiдегi программалық файлдар жатады. Оларды iске қосып орындаудан бұрын дискiден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет