Операциялыќ жїйемен жўмыс жасап їйрену


Файлдармен жұмыс iстейтiн командалар



бет6/10
Дата06.01.2022
өлшемі228,5 Kb.
#11649
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
MSDOS ОЖ

Файлдармен жұмыс iстейтiн командалар. Бұл топқа COPY, REN, DELETE, TYPE, DATE, TIME және т.с.с командылар жатады.
1. COPY - файлдарды көшiру командасы. Файлдарды көшiргенде файлдың бұрынғы атын сақтап (егер олар басқа каталогқа көшiрiлетiн болса) немесе атын өзгертiп көшiруге болады. Параметр ретiнде қандай файл, қайдан, қайда және қандай атпен көшiрiлетiнi көрсетiледi. Жалпы түрдегi команда форматы:

сopy <қайдан, ненi>_ <қайда>


C:\Gruppa>copy C:\book.txt - С: дискiсiндегi 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогына С: түпкi каталогынан book.txt файлын көшiру;

C:\Gruppa>copy С:\ret.doc as.doc - 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогына С: түпкi каталогындағы ret.doc файлын as.doc атымен көшiру;

C:\Gruppa>copy alla.bas alma.bas - 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогындағы ALLA.BAS файлды, өзi орналасқан сол каталогқа ALMA.BAS деген атпен көшiру (екiншi көшiрмесiн бөтен атпен алу);

C:\STUDENT\LEX>copy a:\port.txt - A: дискiсiндегi port.txt файлын 2-шi деңгейдегi LEX каталогына көшiру;

C:\Gruppa\Student>copy book1.txt+book2.txt+book3.txt book.txt – 2-шi деңгейдегi Student каталогындағы book1.txt, book2.txt, book3.txt файлдарын осы каталогқа book.txt деген атпен бiрiктiру;

copy con - жаңа пернелерден енгiзетiн мәтiнен тұратын файл құру үшiн қолданылады. Мәтiндi терiп болғаннан кейiн Ctrl+Z және Enter пернелерiн басып тоқтады.

C:\Gruppa>copy con book.txt – 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогынан book.txt атты мәтiндiк файлын құру;

C:\Gruppa>copy ret1.txt+con ret.txt – 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогына ret1.txt файлының соңына пернелерден терген мәтiн жолдарын енгiзу;

C:\Gruppa>copy con+ret1.txt ret.txt – 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогына ret1.txt файлының басына пернелерден терген мәтiн жолдарын енгiзу;

2. REN - файлдардың аттарын өзгерту командасы, парамерлердiң файлдардың ескi және жаңа аттары, мысалы:

C:\Gruppa>ren alla.bas alma.bas - 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогындағы ALLA.BAS файлының атын ALMA.BAS деген атқа ауыстыру;

C:\Gruppa>ren *.doc *. txt - 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогындағы барлық .doc типтi файлдарды .txt типiне өзгерту;

3. DEL – ағымдағы немесе көрсетiлген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын өшiру командасы.

C:\Gruppa>del *.txt - 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогындағы барлық .doc типтi файлдарды өшiру;

C:\Gruppa>del ret.txt - 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогындағы ret.txt файлын жою;

C:\Gruppa>del book.* - 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогындағы аты book болып келетiн барлық файлдарды жою;



4. TYPE – мәтiннен тұратын файлдың iшкi мәтiнiн экранға шығаратын команда.

C:\Gruppa>type ret.txt - 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогындағы ret.txt атты файлының мазмұнын қарау;



  1. DATE командасы үстiмiздегi ағымдағы ай, күн және жыл мерзiмiн экранға шығару және оны өзгерту.

  2. TIME командасы – ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдыңғыға – DATE командасына ұқсас.

  3. CLS-экранды тазарту экранды тазартып операциялық жүйенiң жұмысқа шақыру қатарын сол жақ жоғары бұрышқа орналастырады.

NORTON COMMANDER – қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңiлдетуге арналған бағдарлама, онда командаларды пернетақтада термей-ақ тек пернелердi басу арқылы орындауға болады. Ондай операциялық жүйемен жұмысты жеңiлдетуге арналған бағдарламаларды “операциялық қабықша” деп атайды.

NORTON COMMANDER қолданушыға келесi мүмкiнiктер бередi:


  • экранда әрдайым каталог мазмұның көрсетедi;

  • диск, каталог, файл және жедел жады мөлшерi туралы ақпарат алуға;

  • бiр каталогтан екiншiсiне көшуге;

  • каталогтар құруға, атын өзгертуге, көшiруге және өшiруге;

  • каталогтардан файлдарды көшiруге, ауыстыруға, атын өзгертуге және өшiруге;

  • кез-келген файлды көруге және мәтiндiк файлдарды түзетуге;

  • командалық жолдарды түзетiп, DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет