Жұмыстың мақсаты: Операциялық жүйемен жұмыс жасап үйрену. NORTON COMMANDER бағдарламасымен жұмыс жасау. Windows операциялық жүйесімен танысу және жұмыс жасап үйрену. Блокнотты, калькуляторды және оның түрлеріне, WordPad мәтіндік редакторымен, PAINT графикалық редакторымен терезелерімен танысу және жұмыс жасап үйрену.
Операциялық жүйелер – компьютердi басқаруға арналған және қолданбалы бағдарламалармен байланысы бар нақты бағдарлама. Дербес компьютерлер үшiн кең тараған операциялық жүйелерге MS DOS, WINDOWS*, UNIX және т.б.
Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердiң барлығы да тек бiр адамдық болып табылады. WINDOWS*, UNIX көп мақсатты жүйелер болып табылады. Көп мақсаттылықта – бiр компьютерде бiр уақытта қатарласа бiрнеше есептi шығару мүмкiндiгi немесе бiрнеше әрекеттiң қатар атқарылады.
Көптеген компьютерлерде MS DOS пен көп терезелi WINDOWS операциялық жүйелерiн падаланады.
Операциялық жүйе ЭЕМ-нiң бағдарламалық құралдарының ажырамас бөлiгi болып саналады. Әрбiр адамға ЭЕМ-нiң барлық құрылғыларын басқару мүмкiншiлiгiн беретiн, сол себептi басқа бағдарламаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босатын, компьютерде жұмыс iстегiсi келетiн әрбiр адамға өте қажет операциялық жүйенiң алатын орны ерекше.
Операциялық жүйе екi негiзгi қызметтi орындайды:
Барлық қолданбалы және жүйелiк бағдарламалардың жұмыстарын қолдап, олардың бiр-бiрiмн және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;
әрбiр адамға ЭЕМ-дi жалпы басқару мүмкiншiлiгiн беру.
Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: ЭЕМ-нiң жадын бөлу, жұмыс кезiнде туындайтын әртүрлi оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелеренi қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, ақпараттарды сыртқы ортадан алу және беру т.б. Операциялық жүйенiң негiзгi ядросы машина iске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нiң жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшiн операциялық жүйенiң командалық тiлi пайдаланылады, оның көмегiмен адам дискiнi белгiлеу, мәлiметтердi көшiру, кез-келген бағдарламаны iске қосу, керектi жұмыс режимiн орнату сияқты әртүрлi әрекеттер орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |