Каталогтармен жұмыс жасайтын командалар. Бұл топқа DIR, CD, RD, MD командалары жатады.
1. DIR командасы – каталогтардың және файлдардың толық аттарының, көлемiнiң және құрылған уақыты мен мерзiмiнiң тiзiмiн бередi. DIR командасын параметрсiз қолданғанда экранға каталогтың мазмұнын шығарады. Мыс: C:\>dir – С: түпкi каталогының мазмұнын көрсетедi.
Параметр деп түпкi каталогты немесе кез келген деңгейдегi iшкi каталогты көрсететiн маршрутты айтады. Каталог мазмұнының тiзiмi үлкен болған жағдайда ақпаратты парақтап шығару үшiн қосымша /P параметр қолданылады. Бұл жағдайда экран бетi ақпаратқа толған соң ақпарат экранға шықпай тоқтайды, ал оны жалғастыру үшiн кез келген перненi басу керек. Ақпарат экранға жинақты түрде шығу үшiн /W параметрi қоланылады. Мыс:
C:\>dir /р - С: түпкi каталогының мазмұнын экранға бет-бет қылып көрсетедi.
C:\>dir /w - С: түпкi каталогының мазмұнын экранға жинақты түрде көрсетедi.
2. MD (Make Directory - каталог жасау) - ағымдағы кез келген каталог iшiнен жаңа каталог ашу командасы. Мыс:
C:\>md Gruppa – С: дискiсiнен Gruppa атты каталог құру.
C:\Gruppa>md Student - С: дискiсiндегi 1-шi деңгейдегi Gruppa атты каталогынан 2-шi деңгейдегi Student каталогын құру.
C:\>md Gruppa\Student - С: дискiсiндегi 1-шi деңгейдегi Gruppa атты каталогынан 2-шi деңгейдегi Student каталогын құру.
3. CD (Change Dirctory - каталог ауыстыру) – бiр каталогтан екiншi каталогқа көшу командасы. Жоғары дәрежедегi каталогтарға көшу мына параметрлер ’..’, ’/’ арқылы iске асады. Мыс:
C:\Gruppa\Student>cd.. - 2-шi деңгейдегi Student каталогынан 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогына көшу.
C:\Gruppa>cd.. - 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогынан түпкi каталогқа көшу.
C:\Gruppa\Student>cd \ - түпкi каталогқа бiрден көшедi.
4. RD (Remouve Dirctory - каталогты жою) – iшiнде файлдары жоқ бос каталогтар мен iшкi каталогтарды жою командасы. Мыс:
C:\Gruppa>rd Student - 2-шi деңгейдегi Student каталогын жою.
C:\>rd Gruppa - 1-шi деңгейдегi Gruppa каталогын жою.
Достарыңызбен бөлісу: |