Пән/модуль сипаттамасы Берілген модуль бойынша бастауыш сыныпта Əліппе, сауат ашу, қазақ тілі, əдебиеттік оқу, орыс тілі, математика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, дүниетану, өзін-өзі тану, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру пəндерін оқыту əдістемелерін, мектепте оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру, жаратылыстану бойынша практиканы, байқау практикасын, дипломалды практикадан өтуге қажетті білім, іскерлік, дағды қалыптасады.
Қалыптастырылатын құзыреттіліктер Оқыту нəтижесі: Байқау практикасын жүргізу.
1. Байқау практикасына дайындық жүргізеді.
2. Байқау практикасына қажетті оқу-əдістемелік құжаттарды даярлайды.
3. Бастауыш сынып пəндерінен ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспарларды, сыныптан тыс шаралардың жоспарларын құрастырады.
4. Электрондық оқулықтарды пайдаланып «сабақ ішіндегі сабақты» ұйымдастырады.
5. Болашақ мұғалімнің портфолиосын безендіреді.
6. Əр студент сабақ жəне сыныптан тыс шара өткізеді.
7. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша формативті жəне жиынтық тапсырмалар жасақтайды.
8. Пəндік жəне сыныптан тыс сабақтарда инновациялық технологияларды, оқу-көрнекі құралдарды пайдаланады.
9. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жəне жобалау жұмыстарын ұйымдастырады.
10. Практика есебін рəсімдейді.
|
Пререквизиттер
1. Бастауыш сынып мұғалімінің сыныптан тыс қызметін бақылайды,талдайды.
2. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын,іс-əрекетін бақылап, бақылау хаттамасын жүргізеді, бір оқушыға, сыныпқа мінездеме жазады.
3. Тəрбие жұмысын жоспарлайды, тəрбиелік іс- шараларды дайындайды, тəрбие сағаттарын өткізеді, ұжымдық шығармашылық, ата- аналармен біріккен жұмыстар ұйымдастырады,мұғалімнің портфолиосын жинақтайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |