Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет53/67
Дата09.05.2022
өлшемі2,25 Mb.
#33218
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Байланысты:
Диссертация АШО1

Нәтижелерін өңдеу.

Бейнелеу есінің коэффициентін үйлестіріп есептеу.


Стимулды материалдар

Мысалы:




































IV. Есте сақтауға сөздердің эмоционалдық мәнерінің әсер етуі.

Тез әсерленгіш ес.

Эксперимент жүргізуші төмендегі сөздерді оқиды. Зерттелушілер оларды есте сақтап қалуы керек.



Достық, сөгіс, сыйлық, қуаныш, шам, мейрам, қарындаш, бояу, марапаттау, жағымсыздық, ауыру, жол, би, қайғы, сан, бақытсыздық, әдемілік, өсек, терезе, әріп, жоғалту, жеңіс, әуен, ыза, диван, сумка, ұрыс, демалыс, сатқындық, отырғыш, ағаш, ұят, сый, аяқ, көз жасы, тесік, сәттілік, той, ұру.

Содан соң 2 мин. ішінде зерттелушілер есінде қалған сөздерді жазып шығу керек.



Нәтижелерін өңдеу.

Әр топтың қанша сөз жазғанын есептеу керек.

«+» - жағымды түсі

«-» - жағымсыз түсі

«o» - бейтарап сөздер

Әр топтың сөздерінің есте қалу коэффициентін есептеп шығару:



мұндағы А - анықталған топтың жазылған сөзінің саны.

Үлкен коэффициенті бойынша қандай да бір полюстегі хабарламаның эмоционалдық мәнері есте сақтауға қаншалықты әсер ететіндігін анықтау.
V. Оралымды, шапшаң есте сақтау

Бұл әдістеме негізгі маңызды жүктемелерді аз уақыт есте сақтау керек болатын жағдайларды, яғни аз уақыттық есті зерттеуде қолданылады.

Зерттелуші қағаздарын (бланкілерін) дайындап болған соң, эксперимент жүргізуші мынадай тапсырма береді: «Мен қазір сіздерге 5-10 қатар сандар оқимын. Әр қатарда 5 саннан. Сіздер оларды мұқият тыңдап отырып, 1-ші сан мен 2-ші санның қосындысын, 2-ші мен 3-нің қосындысын, 3-ші мен 4-нің, 4-ші мен 5-нің қосындыларының нәтижелерін ғана рет-ретімен жазасыздар». Егер зерттелушілердің түсінбеген сұрағы болса, эксперимент жүргізуші түсіндіріп беруі керек. Әрбір қатардың арасына 15 сек. салып оқиды.

4-6 сыныптарға - 5 қатар

7-8 сыныптарға - 8 қатар

9-11 сыныптарға - 10 қатар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет