1.3 Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың шарттары
Қоғамдағы болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен жетістіктерді саралауды, жастардың шығармашылық мүмкіндігін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап ететiні белгiлi.
Соңғы он жылдықта мектеп өміріне еніп жатқан өзгерістер - жаңа педагогикалық ойлау - ең алдымен оқушыға деген қарым-қатынаспен анықталады.
Қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептерді демократияландыру, гуманизациялау негізінде қайта түрленiп жаңаруына, егеменді мемлекетте жан-жақты жетілген, іскер адамды тәрбиелеуге мүмкіндік тудыратыны анық.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы; екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық-қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет», - деп атап көрсетілуі мектептегі оқу-тәрбие процесіне жаңа бағыт сілтейді [131].
ХХІ ғасырдағы қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер, әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңа үрдістері туғызған реформалар негізінен мектепке көбірек назар аударуды қажет етіп отыр.
ХХ ғ. басында отандық педагогтар білім алушының шығармашылық потенциалына қаншалықты әсер ететіні туралы мәселелерді бірнеше рет көтерді. Я.Зеленкевичтің, В.В.Розановтың жұмыстарында оқытуды даралау мен дифференциациялау қағидаларының негізінде білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру керектігін айтып өткен.
Білім беру арқылы тұлғаның шығармашылық белсенділiгiн көтеру және білім алушының шығармашылығын қалыптастыру мәселесiн біртұтас педагогикалық процесс тұрғысынан қарау қажет деп санаймыз. Себебі оқыту барысында адамның дамуы қазіргі білім берудің басты мақсаты ретінде қарастырыла келе, білім беру процесін ұйымдастыруды ерекше гуманизациялау, дамыту бағытының басымдылығы тұрғысынан қарау керектігін айқындадық.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы білім беру саласының жан-жақты дамытылуы - тек білімде. Олай болса, сапалы білім беру мақсатында жұмыс жүргізуі үшін мектеп әкімшілігі мынадай негізгі мәселелерді шешуі тиіс:
- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту;
- оқу-ағарту саласының барлық буындары үшін конкурстық негізде оқытудың әсерлi әдістемелік жүйесін қалыптастыру, оқу мазмұнының мемлекеттік стандартына сәйкес оқулықтармен, оқу құралдарымен, әдістемелік нұсқаулармен, көмекші құралдармен жеткілікті қамтамасыз ету;
- оқушылардың шығармашылық қабiлетiн дамытуға жағдай жасау;
- жаңа талапқа жауап беретін білімді, білікті кадрларды тәрбиелеу.
Қазіргі кезде педагогқа қойылатын белгiлi бiр талаптар белгiленген, олардың орындалуы бiлiм беру мекемесi мұғалiмiнiң алдында тұрған мiндеттердiң шешiлуiн қамтамасыз етедi. Шиеленесушiлiктi зерттеу мәселелерiн әзiрлеуге ерекше көңiл бөлiндi. Сұхбаттастық қатынас (диалог) оқыту әдiстерiнiң жүйесiн құрудың негiзi ретiнде ұсынылады.
Сонымен, оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру мәселесi өзара субъект-субъектiлiк ықпалдастық пен гумандылық қатынас негiздерiн әзiрлеу кезiнде шешiлуi мүмкiн. Аталған тұжырымдамалық негiздемелердiң жүзеге асырылуы оқу-тәрбие процесiндегi өзара ықпалдастық формалары мен әдiстерiн iрiктеу есебiнен оқыту мен тәрбиелеудiң процессуалдық құрамды бөлiгiн гуманизациялауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Жоғарыда айтылғандай, оқу-тәрбие процесiн ұйымдастырудың бiртұтастық тәсiлiн қамтамасыз ету қажет. Гуманизациялау процесiн жүзеге асырып жатқан мектептерде бұл неден байқалады? Бiрiншiден, педагогикалық ұжым деңгейiнде әрбiр педагогтың ортақ мақсатқа жұмыс iстеуiнен – ықпал етуi емес, ортақ мақсатқа жетудi қамтамасыз етуiнен көрiнедi. Екiншiден, әрбiр сабақта, сабақтар жүйесiнде және сыныптан тыс шараларда әрбiр бөлiгi (сабақ) бүтiнге (процесс) жұмыс iстейтiндей етiп оқытудың, дамытудың және тәрбиелеудiң мiндеттерiн кешендi шешуде көрiнiс табады. Үшiншiден, тәрбиелеу мен өзiн-өзi тәрбиелеудiң, бiлiм беру мен өз бетiмен бiлiм алудың бiрлiгiнен байқалады. Төртiншiден, тек жай ғана бiрлескен қызмет емес, педагог пен оқушылардың өзара белсендi қызметi (педагогикалық өзара ықпалдастық) болуы тиiс. Педагогикалық процестiң тұтастығы осы барлық функцияларды табысты жүзеге асырғанда ғана туындайды.
Сонымен, бiртұтас оқу-тәрбие процесiнiң жүйесін пайдалану тұтастықтың бiрнеше деңгейiн бөлiп көрсетуге және адамның, бiртұтас даралық қасиеттердiң негiзгi салаларының дамуын басымдылықпен анықтайтын жоғары дәрежеге бағытталған педагогикалық процестi жобалауға мүмкiндiк бередi.
Зерттеу жұмысымыз жеке тұлғаның шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталғандықтан, біз жүйелiлiк тәсіліне назар аудардық.
Зерттеу қызметiнiң әдiсi ретiнде жүйелiлiк тәсіл оның құрамдарының өзара ықпалдастығы мен өзара байланысын көрсететiн жүйе құруды бiлдiредi. Сонда жүйелiлiк және бiртұтастық тәсiлдерi жүзеге асырылады, бұл мектепті басқару қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк туғызады.
Жүйелiлiк тәсілі барысында инновациялық қызметтің негізгі мақсаттары анықталды, яғни оқушының жеке тұлғасының :
- қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- жан-жақты дамыту;
- қабілеттерін ашуға мүмкіндік туғызу және білім берудің қазіргі даму кезеңінде оларды реттеу қажеттілігі айқындалды.
Жүйелiлiк тәсілін тиiмдi қолдану барысында талдаудың да маңызы зор. Талдау қызметiнiң формалары мен әдiстерi педагогикалық, ғылыми-әдiстемелiк кеңестерде, кафедра отырыстарында, ашық сабақтар мен iс-шараларда, педагогикалық консилиумдарда, шығармашылық топтарда, оқушылар ұйымдарында (“Оқушылардың ғылыми қоғамы”, “Жас өнер қайраткерлерiнiң одағы”) талданатын мәселелердi гуманизациялау тұрғысынан ұжымдық талдауға бағытталған. Жалпы мектептiң жүйелiлiк талдаудың күннен-күнге артып отырған бөлiгi мұғалiм мен сынып тәрбиешiсiнiң өзiн-өзi талдау нәтижелерiн басшының зерделеуi болып табылады. Өзiн-өзi талдау жазбаша түрде де (қойылған сұрақтарға жауап беру, баяндама тезистерi, әдiстемелiк құралдар), сұхбаттасу, тест, әңгiмелесу формасында да iске асырылады. Ақпараттық-талдау функциясын табысты жүзеге асырудың мiндеттi шарты оны iске асырудың жүйелi тәсiлi, сондай-ақ менеджментте пайдаланылатын жаңа талдау формалары болып табылады.
Мониторинг кез келген инновациялық қызметтi ендiрудiң, соның iшiнде оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған мектеп үшiн де мiндеттi шарты болып табылады.
“Мониторинг” латынның monitor – еске салушы, бақылаушы деген сөзiнен шыққан және қазiргi тiлде адамның шаруашылық қызметiне байланысты қоршаған орта жағдайын байқауды, бағалауды және болжауды бiлдiредi [132].
Бiлiм берудегi мониторинг - бiлiм беру процесiнiң қалаған нәтижеге немесе бастапқы ұйғарымға сәйкестiгiн айқындау мақсатындағы тұрақты бақылау, қадағалау [133].
Мониторинг туралы қандай да бiр инновацияны ендiру процесiнде шынайы педагогикалық ортада жүрiп жатқан процестер мен құбылыстарды ағымдағы байқау нәтижелерiн тез арада басқарушылық қызметке кiргiзу мақсатында оны үнемi қадағалау кезiнде ғана айтылады.
Педагогикалық мониторинг оқушы тұлғасы туралы бiртұтас түсiнiк алу мақсатында әлеуметтанушылық, психологиялық және медициналық мониторингтi бiрiктiрушi бастау болып табылады, бұл жеке тұлғаға бағытталған бiлiм беру тәртiбiнде жұмыс iстеп жүрген оқу орындары үшiн аса қажет.
Жоғарыда мектеп генезисiнiң талдауы көрсеткендей, әртүрлi уақыт кезеңдерiнде ол мемлекеттiң, қоғамның қажеттiлiктерiне және аса сирек – баланың өз мүдделерiне бағытталып келдi. Соның iшiнде неғұрлым жақсы нәтижеге жеткендер – басты назарға баланы (оның жеке-дара қабiлеттерiн дамытуды, iшкi дүниесiн қалыптастыруды, оны қандай да бiр қоғамда өмiр сүруге емес, нақ қазiргi өмiрге дайындауды) қойған мектептер. Бүгiнгi таңда көп жағдайларда мемлекеттер арасында “шекаралардың жоқтығы”, адамның неғұрлым мол еркiндiк ала бастауы, мәдениеттердiң өзара кiрiгуi мұндай тәсiлдiң дұрыстығын дәлелдеп отыр.
Сонымен, қазiргi мектептiң оқу-тәрбие процесiн гуманизациялауды қамтамасыз ететiн тұжырымдамаларды iрiктеуде олардың iшiнде педагогикалық процестiң мақсаты – бала болып табылатындары ерекше рөл атқарады. Оның үстiне гумандылықтың, гуманизациялаудың мәнiн зерттеу оның психологиялық, экзистенциалды табиғатын бiлуге мүмкiндiк бередi және тұжырымдама iшiнен баланың психикалық дүниесiн дамытуды педагогикалық құралдар арқылы қамтамасыз ету мүмкiндiгiн басымды тұжырымдамалар ретiнде қарастыруды талап етедi. Бiлiм берудiң гумандылық парадигмасы тұрғысынан алғанда мұғалiмнiң басты мiндетi балаға өзiнiң жеке-дара қасиеттерiн дамытуға, өзiндiк құндылығын арттыруға көмектесу болып табылады, сондықтан тиiстi педагогикалық практика адамның жоғарғы күштерiн дамытуға оқушының қажеттiгiн қанағаттандыруға, және жетiлдiруге бағытталуы тиiс. Аталған талаптарды неғұрлым толық қанағаттандыратын әдiснамалық сипаттағы гумандылықты тұжырымдамалардың бiрi - даралық педагогикасының тұжырымдамасы болып табылады. Даралық педагогикасында оқыту процесiнiң мақсаты ретiнде мектеп оқушысының жетi саласын: ерiк, интеллектуалдық, қызығушылық, экзистенциалды, көңiл-күй, тақырыптық-практикалық және өзiн-өзi реттеу саласын дамыту қарастырылады. Педагогикалық мақсаттардың осы тұжырымдама негiзiнде әзiрленуi оқушылардың жеке-дара қасиеттерi саласының тиiстi құрамдарын дамыту есебiнен гуманизациялауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Сонымен, оқу-тәрбие процесiнде даралық педагогикасының тұжырымдамасын пайдалану гуманизациялаудың аса маңызды қағидасын жүзеге асыруға, яғни педагогикалық процестiң мақсаты ретiнде оқушының жеке-дара қасиеттерi мен оның шығармашылығын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Міне, осы жоғарыда атап көрсетілген мәселелерді мынадай құрылымдық жүйе түрінде көрсетуге болады (3 сурет). Бұл суреттен гуманизация, оқушыны шығармашылыққа баулу, оны дамытудың дидактикалық құралы (модульдiк оқыту технология) арасындағы өзара жүйелiлiк байланысты байқаймыз. Тағы бір атап өтетін жайт, біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда оқушының шығармашылығын оқу процесінде дамытуды зерттегендіктен, жүйеде көрсетілген сыныптан тыс тәрбие жұмысына жеке тоқталған жоқпыз.
Жалпыға белгілі, оқу процесі мұғалім мен оқушының өзара әрекетінен тұрады. Олардың өзара әрекетінің жүйелілігін қамтамасыз ету, қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін білім беру процесін қамтамасыз ету педагогикалық жағдайда өз қызметін атқарады.
Оқытуды ұйымдастыру формаларының бірі - оқушылардың шағын топтарда жұмыс істеуі, мұны дәстүрлі оқытуда да, дамыта оқытуда да қолдану мүмкiндiгi. Мұндай жұмыстың басты жетістіктерінің бірі – әрбір оқушыны нәтижелі оқытуға жағдайлар жасау. Шағын топтар жұмысының негізінде оқудағы өзара ықпалдастық қызмет жатыр. Ең басты фактор мұғалім мен оқушының әрекеттестігі болып табылады. Топтық жұмысты басқару негізінде тек қана өзара ықпалдастық, қолдау, көмек көрсету жатуы тиіс.
3сурет – Оқушының шығармашылығын дамытуға бағытталған мектеп іс-әрекетінің құрылымдық жүйесi.
Мұндай іс-әрекеттің біртұтас жүйесін біздер оқу процесіне модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы жүзеге асыруға болатындығын аңғарамыз. Бұл технологияны қолданудың бiр себебi – оқу процесiнде оқушының шығармашылықпен жүйелi түрде жұмыс жасауына бiрден-бiр ықпалын тигiзедi. Модульдік оқыту технологиясының басты маңыздылығы – оқыту процесінде оқушы мұғалімнің берген нұсқауы бойынша көзделген мақсатқа өз бетінше іздену нәтижесінде қол жеткізеді.
Модульдік оқыту технологиясының диалог (сөйлесу) бөлімінде мүғалім мен оқушының іс-әрекеттегі өзара қарым-қатынасын үйымдастыруда негізінен Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасы басшылыққа алынды:
Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. қабілеттерін дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару жеке тұлғаға бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін жеке тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғарғы сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
Оқыту процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс [134].
Осы аталған тұжырымдамаға сүйене отырып, бiз оқу модулінің диалог бөлімінiң оқушының шығармашылығын дамытуға бағытталған iс-әрекет қадамдарын төмендегiдей жасадық (4 сурет):
4 сурет – Диалог бөлiмiндегі оқушының шығармашылық iс-әрекет қадамдары
Теория - проблеманы шығармашылықпен шешудің катализаторы болса, сөйлесу - әр түрлі көзқарастардың тоғысқан жері. Баланың пікірімен санасу, оны сыйлау – шығармашылыққа бастаудың негізгі кілті. Ал, ұжымдық іс-әрекет – шығармашылықты дамытудың негізі.
Еркін топтарда бала өзін еркін сезінеді, яғни мұғалімге тәуелдімін деген сезім болмайды. Мұғалім мен оқушының арасында бiрлескен (сотрудничество) іскерлік қарым-қатынас орнайды және оқушылардың өзінің тұлғалық маңыздылығын сезінуі, өзін көрсете білуі мен өзіне деген сенімділігі артады.
Мұғалім оқу модулінің диалогтық бөлімін дайындаған кезде оқу материалының негізгі мазмұнын құрастырып, оны бөліктерге бөледі.
Диалогтық қарым-қатынас – бұл әңгімелесу, пікірлесу, тілдік байланыста болу арқылы екі немесе бірнеше адамдардың іскерлік немесе достық байланысы. Мектепте субъект–объект ретіндегі қарым-қатынасты (монологтық) диалог арқылы субъект-субъект қарастырады.
Диалогтық қарым-қатынаста ситуацияны бірге талқылап, өзекті мәселені бірге шешуге мүмкіндік туады, яғни барлық қатысушылардың белсенділігін арттырады.
Диалог бөлімін ұйымдастыруда ойын әрекеті, яғни ойын арқылы оқыту маңызды рөл атқарады. Ойын әрекеті, біріншіден, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екіншіден, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін өмір тәжірибесінің нәтижесі болып табылады.
П.И.Пидкасистый, Ж.С.Хайдаров, Н.К.Ахметов, В.Н.Петровалардың пікірінше, оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу, дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру болып табылатындығында [135;136;137].
Тұлғаны дамытушылық педагогикалық жағдаяттардың басты сипаттамасы деп, оның сұхбаттасу құрылуын атап көрсетеміз. Оқыту тәсілі ретінде сұхбаттасуды оқу процесіндегі субъектілер қарым-қатынасының ең бір жағымды формасы деп есептелінеді. Сұхбаттасу тұлғаның жаңа тәжірибені қабылдауы үшін қажет жағымды жағдайлар құруға ықпал ететін арнайы әлеуметтік-мәдени орта ретінде қаралады.
Интерактивті модульдік оқыту технологиясының міндетті шарты –оқытуды ойын түрінде және түрлі белсенді оқыту формалары арқылы ұйымдастыру. Бүгінгі таңда ойын оқыту процесінің тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеледі. Ол сабақта табиғи тілдік қатынас жағдайын құруға әсер етеді, оқушыларды оқу процесіне белсенді қатысуға еріксіз тартады, ынталандырады, пәнге деген қызығушылығын тудырады.
Отандық ғылымда ойын теориясын бастап айтқан ұлы орыс педагогы
К.Д.Ушинский болды. Оның пікірінше, ойын - балаға қызықты сабақтардан қанағаттанып, өзін таныту мүмкіндігін беретін еркін де саналы қызмет түрі.Ойында ұмтылыс, сезім және түсінік ұштасады [138]. Ойын Ж.Пиаженің, Левиннің,Л.С.Выготскийдің, Д.Б.Элькониннің, К.Д.Ушинскийдің, А.С.Макаренконың, Сухомлинскийдің, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаралған. Ойын теориясын дамытуда психолог әрі педагог С.Л.Рубинштейн еңбектерінің маңызы зор. Бүдан әрі бұл теорияны ресейлік философ А.Н.Леонтьев дамытып, әртүрлі жастағы балалар үшін ойынның мәнін анықтады.
Белгілі ғалым Г.П.Щедровицкий: «Ойын - бала өмірінің ерекше формасы, оны бала дамуын басқару үшін қоғам ойлап тапқан; осы тұрғыдан алғанда ойын - ерекше педагогикалық туынды, алайда оны ойлап тапқан жеке адамдар емес, жалпы қоғам, ал ойынның пайда болу және даму процесі «көпшілік», «табиғи-тарихи» процесс болды, онда табиғи-тарихи заңдылық жекелеген адамдардың түрлі қызметі арқылы көрініс тапқан» деп таниды [139].
Теориялық әдебиетте ойын: 1) тұлғаның қоршаған әлемге ерекше қатынасы; 2) баланың субъективті қызметі ретінде өзгеретін ерекше қызметі; 3) ерекше меңгеру мазмұны; 4) бала психикасын дамыту қызметі, бала өмірін ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық формасы ретінде қаралады[140].
Ойынның мәні - онда нәтиже емес, ойын әрекеттерімен байланысты бәрін бастан кешіру процесі маңызды болуында. Бала ойынындағы жағдаяттарды елестетуге болады, ал оның сезімдері шынайы.
Оқуды ойын қызметі арқылы жандандыру мәселелерін Л.И.Божович, Н.М.Касаткина, Л.С.Славина және басқалар да қарастырған. Бірқатар зерттеушілер: Г.А.Ляпина, П.А.Рудик, М.В.Стронин, т.б. ойынның оқушылардың танымдық қызметін жандандыру құралы ретіндегі тиімділігін дәлелдеген. Қазақстандық ғалым Н.Қ.Ахметов ойынды оқу процесінде дербес оқыту түрі ретінде пайдалануды ұсынады.
Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, ойын - дамытушы қызмет түрі. Ойында баланың өзін-өзі және шығармашылығын дамыту қажеттілігі айқындалады. Күрделі әлеуметтік-мәдени феномен ретінде ойынға көптеген философиялық-мәдениеттанымдық, психологиялық және педагогикалық зерттеулер арналған. Белгілі психолог Р.Н.Немов: «Ойын нақты бағытталған қызметті, қисынды ойлауды жетілдіреді, адамдармен іскерлік қарым-қатынас білігі мен дағдыларын қалыптастырып, дамытады», - деп атап көрсетеді [141]. Балалардың ойынға қатысуы оларды өзін танытуға итермелейді, олардың табандылығын, жетістікке ұмтылуын және болашақтағы ересек өміріне қажетті басқа да пайдалы қасиеттерін дамытады. Ойын барысында ойлау қабілеті жетілдіріледі.
Қызмет түрі ретінде ойын құрылымына мақсат қою, жоспарлау, мақсатты жүзеге асыру, нәтижелерін талдау енеді. Ойын қызметіне қызықтыру мақсатына таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері, өзін таныту, өзін-өзі жүзеге асыру қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы жетуге болады. Ойынның педагогикалық құндылығы - оның жалпы бала тұлғасын қалыптастыруға, оның ақыл-ой қабілеттерін дамытуға жағымды әсер етуінде. Қазіргі мектепте ойын қызметі оқу процесін жандандыру және жылдамдату үшін пайдаланылады. Ойындар үғымды, тақырыпты, т.б. меңгерту мақсатында технология элементтері, сабақ немесе оның бір бөлігі, дербес технология ретінде қолданылады. Ойын оқушылардың танымдық қызмет процесіне көтеріңкі көңіл-күймен тартылуын, зерттеу тақырыбын түйсініп, терең зерделеуді, алынған білімнің тұтастығы мен жүйелілігін, танымдық қызметтің саралануын, танымдық дербестікке ұмтылу барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігін қамтамасыз етеді.
Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, ойын арқылы оқыту процесінде оқушылар аз шаршайды және көп мағлұмат алады, ойын процесінде жағымды эмоциялар алып, белсенділiгi артады, сөздік қоры дамиды жеке тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылады. Бiз ойын іс-әрекеті мынадай жүйеде ұйымдастырылса тиімді болатындығына көз жеткiзгендiктен, оны мынадай жүйеде ұсынып отырмыз (2 кесте):
Осы көрсетiлген кестенi басшылыққа ала отырып, диалог бөлiмiнде ойындарды ұйымдастыру реттiлiгi бойынша меңгерту, дамыту пысықтау, бекіту, қорыту ойындары маңызды рөл атқарады.
кесте – Диалог бөлімінде ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жүйесі
Кезеңдері
|
Іс-әрекет қадамдары
|
Орындалатын әрекеттер
|
Дайындық кезеңі
|
Ойын бағытымен таныстыру
|
мақсаты түсіндіріледі;
керекті материалдар дайын-далады
|
Ойынға ену
|
тапсырма беру;
тапсырмалардың мақсатын айту;
рөлдерді бөлу;
топ құру;
кеңес беру;
уақытты белгілеу.
|
Өткізу кезеңі
|
Тапсырманы топта қарау
|
дайындық;
өзекті мәселелерді талдау;
ой елегінен өткізу.
|
Топта өзара пікірлесу
|
топ мүшелері сөйлейді;
өз көзқарасын қорғайды;
таласу тәртібін ескередi;
экспертпен жұмыс атқарады.
|
Талдау және қорыту кезеңі
|
Топтың шешiм қабылдауы
|
ойдан ой тудыру;
талдау, бағалау;
жеке және топтық ойда қалу.
|
Ойын барысында өзара ықпалдастық бала логикасының дамуына әсер етеді. Нағыз пікірталас кезінде бала тұңғыш рет өз ойын негіздеу, дәлелдеу, тексеру қажеттігін сезінеді. Сонымен қатар, өзара ықпалдастық әрекетте бала күшті де ақылды болып келеді, оның неғұрлым көп іс тындыруға шамасы жетеді.
Мұнда өзара ықпалдастық тікелей тұлға арқылы қарым-қатынас ретінде танылады, оның аса маңызды ерекшелігі - адамның "басқа біреудің рөлін қабылдау" қабілеті, өзін қарым-қатынастағы серіктесі немесе тобы қалай қабылдайтынын түйсініп, соған орай жағдайды бұра білуі және өз әрекетін соған сәйкес құра алуы.
Интерактивті процесс дегеніміз — педагогикалық процеске қатысушылардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр [93,70 б.]. «Интерактивтік» деген сөз энциклопедияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, олардың шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Интерактивті процесс оған қатысушылардың қарым-қатынас жасауының жоғары қарқындылығымен, өзара қызмет алмасуымен, қызмет түрлерін ауыстыруымен және түрлендіруімен, процессуалдылықпен (қатысушылар жағдайының өзгеруімен), олардың өз қызметін мақсатқа бағыттау түріндегі рефлекциясымен сипатталады.
Интерактивті процестің мақсаты - педагогикалық өзара ықпалдастық әрекетіне қатысушылардың мінез-құлық және қызмет үлгілерін өзгерту және жақсарту. Өз әрекетін және серіктесінің әрекетін талдай келе, әрбір қатысушы өз мінез-құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы түрде меңгереді.
Интерактивті процесті ұйымдастырудың жетекші қағидалары:
ойлау қызметін ұйымдастыру;
мазмұн шығарушылық қызметті ұйымдастыру;
таңдау еркі;
рефлекцияны ұйымдастыру.
С.В.Белованың зерттеулерінде оқушылардың үш тобы айқындалған:
сүхбаттасуға тек формальды түрде қатысушылар;
өз ұстанымын қорғауға ұмтылуы басым оқушылар;
шын мәнінде сұхбаттаса алатын оқушылар тобы, олар өз ұстанымын қайта қарап, оны байыта түсуге ұмтылады[142].
Оқушыны сұхбатқа тарту - тұлғаны дамытушы педагогикалық жағдаят құру болып табылады.
Ықпалдастықтың өзі мақсат емес, ол тек оқушының білім алуы үшін және қызмет тәсілдерін, қарым-қатынас тәжірибесін, әлеуметтік белсенділікті меңгеруі үшін құрылады. Ол оқушының үлкен ұжымда, шағын топта, тіпті, қажет болса, жеке де жұмыс істей білуі үшін қажет. Оның аса маңызды сипаттамалары:
- мұғалім мен оқушыны жұмылдыратын ортақ мақсаттың болуы; оған жетуге ұмтылу, соған деген ортақ құлшыныс, жағымды қызығушылық;
- оқу процесіне қатысушылардың бірлескен оқу еңбегінің жоғары
деңгейде ұйымдастырылуы, олардың қызмет нәтижесі үшін ортақ
жауапкершілігі;
- оқу міндеттерін шешудегі оқушылар мен ересектер (педагогтар, мектептен тыс мекеме қызметкерлері) қарым-қатынасының белсенді-жағымды, гуманистік сипаты; бір-біріне деген сенім, қайырымдылық, оқудағы қиындықтарда өзара көмек көрсету. Бұл сипат оқушылар мен ересектер арасындағы авторитарлық қатынаспен, ересектердің құқығы, ал балалардың (оқушылардың) міндеттері басым болуымен мүлдем жанаспайды;
- оқушылардың қызығушылығын, өзіндік дербестігін, тәжірибелік және интеллектуалдық бастамашылдығын, шығармашылығын ынталандыратын оқыту әдістемесі. Ол мәжбүрлеуді, педагогтардың білімді түсіндіріп беру үстемдігін, оқушылардың тек дайын ақпаратты ғана қабылдауын болдырмайды;
- оқушылардың бір-бірімен өзара ықпалдастығы, олардың іскерлік
қатынасы және ортақ еңбектің нәтижесіне деген ұжымдық
жауапкершілігі.
В.А.Кан-Каликтің еңбектеріне талдау жасағанда мұғалім мен оқушының өзара ықпалдастығы мен олардың өзара қарым-қатынасының нәтижесі - педагогикалық оқытудың бірлескен шығармашылық қызметпен шұғылдану барысындағы қатынас, қашықтықтан жасалатын қатынас, қорқыныш сезіміне негізделген қатынас стильдері болуы мүмкін екендігін аңғардық.
Мұғалім мен оқушылардың тек олардың әрқайсысы үшін жеке тұлғалық мәні бар бірлескен шығармашылық қызметі жағдайында (яғни, бір-бірімен жеке ықпалдастығы жағдайында) ғана олардың арасында серіктестік қарым-қатынасы орнап, бұл оқытушы мен оқушының өзара байланысымен, өзара ықпалымен, іс-әрекетінің келісімділігімен айқындалады.
Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасының міндетті шарты оқушыға дамып келе жатқан жеке тұлға ретінде қарау болып табылады. Басқаша айтсақ, баланың белгілі бір құқықтарын тану, оған назар аудару, құрметтеу, сенім білдіру, оның мүдделерін ескеру. Зерттеулер көрсеткендей, оқыту процесіндегі ынтымақтастық төмендегіше тарамдалған өзара ықпалдастық желісін білдіреді:
- мұғалім сынып;
- мұғалім оқушы;
- оқушы оқушы (жұптарда, шағын топтарда)
- топ топ.
Қазіргі психология ғылымы оқушылардың бір-бірімен қатынасы, олардың бірлескен қызметі - баланың психикалық дамуының қажетті шарты екенін дәлелдеп отыр.
Соңғы кездері тапсырмаларды ұжыммен орындау мақсатындағы еркін қатынасқа жағдай жасайтын алуан түрлі топтық жұмыс формаларына ерекше назар аударылып жүр. Қандай да бір шартты талаптардың, мұғалімнің алдында қорқыныш сезімінің болмауы, табиғи еркіндік - мұның бәрі жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін айқындап, дамытуда жағымды ахуал қалыптастыратындығын мынадай циклограмма түрінде көрсетуге болады (5 сурет):
Зерттеушілер топтарда бірлесе жұмыс істеу оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратынын атап көрсетеді: білім мен білікті меңгеру барысы неғұрлым қарқынды жүріп, жоғары сапалық деңгейге жетеді. Топтық жұмыс оқушылардың жақындасуына, қарым-қатынастарының жақсаруына ықпал етіп, барлық оқушылардың да, сондай-ақ әрбір оқушының жеке тұлғасының да дамуына жайлы алғышарттар туындатады.
Топтық жұмыстың аса маңызды басымдылығы – топ ішінде, мұғалім мен оқушылар арасында қандай да бір шартты талаптарсыз еркін түрде, демократиялық тұрғыда оқыту мүмкіндігі. Яғни, топ жұмысының тиімділігі үшін қарым-қатынасты ұйымдастыру мәселесінің маңызы зор.
Ауыспалы құрамдағы жұптық жұмысты ұйымдастыру бойынша озық мұғалімдер тәжірибесінің талдауы оқушының жаңа материалды жолдасына, сыныптасына түсіндіру мүмкіндігі болған жағдайда ғана оқытудың неғұрлым нәтижелі болатынын дәлелдеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |