Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары


Деңгейлік саралай оқыту технологиясы



бет21/67
Дата09.05.2022
өлшемі2,25 Mb.
#33218
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
5. Деңгейлік саралай оқыту технологиясы

Ж.А.Қараев технологиясы деңгейлік саралай оқыту шарттарын есепке алатын педагогикалық жүйеге негізделген, ол шағын мақсаттарды және меңгеру нәтижелерін айқын белгілеуімен сипатталады.

Технологияның негізгі сипаттары:


  • міндетті деңгейде оқыту мақсаттарына 100% қол жеткізу кепілдігі;

  • диагностикалық тұрғыда оқыту мақсаттарын қою және оқыту нәтижелерін объективті бағалау;

  • оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу процесі жобасының болуы;

  • дидактикалық процестің тұтастығы;

  • оқытудың әдістемелік жүйесінің (оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары және құралдары) тұтастығы;

  • әртүрлі мазмұннан тұратын блоктардан құралған оқу процесінің модульдік сипаты [124].

Бұл технологияның психологиялық негізі М.Выготскийдің оқыту барысында репродуктивті деңгейден продуктивті деңгейге өту әрекеті негізінде іске асырылатын оқушының ақыл-ой дамуының «белсенді даму» аймағынан «таяу даму» аймағына өтуі туралы теориясы болып табылады [125]. Ж.А.Қараев егер оқыту төмен деңгейден жоғарыға ұмтылу траекториясымен ұйымдастырылса, ол дамытушы сипат алады деп есептейді. Аталған технологияның алғашқы екі деңгейіне ойлау қабілетінің эмпирикалық деңгейі, ал басқа екеуіне – теориялық деңгейі сай келеді. Автордың пайымдауынша, оқу процесін деңгейлік саралау негізінде ұйымдастыру оқытуды мазмұндық тұрғыдан даралауға мүмкіндік береді. Мұндай оқыту әрбір оқушыға өзінің даму динамикасын қамтамасыз етеді.

Автордың ойынша, бұл технология төмендегідей әрекеттер негізінде 100% нәтиже кепілдігін береді:



  • деңгейлік тапсырмаларды күрделендірудің қатаң бірізділігін сақтау;

  • оқудың ішкі және сыртқы қызығушылықтарын тиімді ұштастыру;

  • оқушылар қызметін бағалаудың ерекше тәсілі [116, 4 б.].

Бағалау объективтілігі балалардың дамуын үнемі қадағалап отыратын тақырып бойынша бақылау жұмыстары, көп деңгейлі тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет