Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет61/67
Дата09.05.2022
өлшемі2,25 Mb.
#33218
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Байланысты:
Диссертация АШО1

Темперамент

Нұсқау: Сізге өзіңіздің тәртібіңіз бен сезім ерекшеліктеріңізге байланысты бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың тұсында «ИӘ» немесе «ЖОҚ» жауабы үшін орын қалдырылған.

Тез және мұқият жұмыс істеуге тырысыңыз. Бір сұраққа ойланып көп уақыт жұмсаудың қажеттігі жоқ. Сіздің тез қайтарылған жауабыңыз қымбат. Барлық сұрақтарға бірнеше ғана минут арнағаныңыз жөн. Еш сұрақ жауапсыз қалмасын. Парақты аударып, жұмысқа кірісіңіздер. Тез қимылдаңдар, жауаптың «жақсы», «жаман» болып бөлінбейтіні естен шықпасын. Бұл Сіздің ақыл-ойыңызды немесе қабілетіңізді сынау емес, тек темперамент ерекшеліктеріңізді анықтау ғана.


1. Сіздің бұрын кездеспеген әсерлерге еліктеп, көңіл-күйіңізді құбылтып тұруға құмарлығыңыз бар ма?

2. Өзіңізді жақсы түсініп, ақыл айтып, істеген ісіңізді құптап, жұбатып тұратын достарыңыздың сөзінің қажеті бар ма?

3. Сіз өзіңізді еш нәрсемен ісі жоқ адаммын деп есептейсіз бе?

4. Өз ойыңыздан (алған беттен) қайту сізге қиын тимей ме?

5. Сіз іске кірісер алдында көп ойланып, артын күтіп барып, іске кірісесіз бе?

6. Iстің ақыры нәтижесіз аяқталатынын көре тұра сіз берген уәдеңізге тұрамысыз?

7. Көңіл-күйіңіз жиі өзгере ме?

8. Сіз көп ойланып жатпай, тез сөйлеп, жиі қимылдайсыз ба?

9. Алып бара жатқан себеп болмаса да, өзіңізді бақытсызбын деп сезінген кездеріңіз болды ма?

10. Ерегісте сіз еш нәрседен тайынбайтыныңыз рас па?

11. Ұнайтын адаммен сөйлескіңіз келгенде қымсынасыз ба?

12. Қатты ашуланғанда өзіңізді ұстай алмай кететін жағдай бола ма?

13. Минуттік сезімнің әсерінде кететін жәйіңіз жиі бола ма?

14. Iстеген ісіңіз бен айтқан сөзіңізді артынша ойлап, “Әттеген-ай” дейтін уақыттарыңыз жиі кездесе ме?

15. Жұртпен қатысып, сөйлескеннің орнына оқығанды дұрыс көремісіз?

16. Тез ашуланып қалатыныңыз рас па?

17. Көпшіліктің ортасында жиі болғанды қалайсыз ба?

18. Басқаға білдіргіңіз келмейтін ойларыңыз бола ма?

19. Кейде бастаған істі тез орындап тастап, кейде ісіңіздің өнбейтін кездері бола ма?

20. Жаныңызға жақын адамдардың аз болуын қалайсыз ба?

21. Көп армандайсыз ба? (Арманыңыз көп пе?)

22. Сізге біреу айғайлап жатса, сіз де айғайлап жауап беремісіз?

23. Кінәлі екендігіңізді сезіп, мазаңыз кетпей ме?

24. Өзіңіздің істеген істеріңіздің бәрі дұрыс және орынды деп білесіз бе?

25. Көпшілік арасында сезім шылбырын босатып, қатты көңілденіп, еркінсіп кетесіз бе?

26. Сіздің нерв жүйеңіз (жүйке тамырыңыз) қатты жұқарып кетті деуге бола ма?

27. Сізді көңілді және пысық деуге бола ма?

28. Біткен іске ойша қайта оралып, “дұрысырақ жасауға болатын еді” дейтін кездеріңіз бола ма?

29. Көпшілік ортасында сіз өзіңізді еркін сезінемісіз?

30. Біреуден естігеніңізді біреуге жеткізетін әдетіңіз бар ма?

31. Әр нәрсені ойлап, ұйықтай алмайтын уақыттарыңыз бола ма?

32. Бір нәрсені білгіңіз келгенде достарыңыздан сұрап алғаннан да, кітаптан оқып алғанды дұрыс көресіз бе?

33. Жүрегіңіздің қатты соғатын кездері бола ма?

34. Аса үлкен ықтиярлылықты қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?

35. Қалтырап кететін жағдай сізде жиі бола ма?

36. Айталық, сіздің бұрын оңаша жерде артық айтқан сөзіңізді ешкім есіне алмай-ақ қойсын. Кейіннен, басқа ойда бола тұра, жұрттың дегеніне қосылып жүре беремісіз?

37. Бірін-бірі іліп-шалып, қалжыңдап отыратын жұрт арасында болу сізге онша ыңғайлы емес. Солай ма?

38. Ешқандай ауыр жұмыс жасамасаңыз да, алқынып қалатын кездеріңіз бола ма?

39. Жиі ашуланасыз ба?

40. Тез қимыл-әрекет қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?

41. Сәтті аяқталғанымен, әртүрлі кемшіліктері болған іс ойыңызға қайта оралып, мазаңызды ала ма?

42. Сіз асықпай, жәй қимылдайсыз ба?

43. Жұмысқа, кездесуге кешіккен кездеріңіз болды ма?

44. Сіз сөзшеңсіз, ашықсыз, таныс емес адаммен де тез тіл табысып, сөйлесіп кетесіз, солай ма?

45. Жанға батып жүрген ауруыңыз бар ма?

46. Достарыңызды көп уақыт көрмесеңіз өзіңізді “бақытсызбын” деп сезінесіз бе?

47. Сіз өзіңізді ”нерв жүйесі тозған адаммын“ деп есептейсіз бе?

48. Өзіңіздің танитын адамдардың ішінде сізге ұнайтын адамдар бар ма?

49. Сіз өзіңізді ”сенімді адаммын“ деп есептейсіз бе?

50. Сіздің өзіңізді немесе қызметіңізді сынаған кезде тез ашуланып қаласыз ба?

51. Кешкі ойын-сауықтан ләззат алу қиын деп есептеймісіз?

52. Сіз өзіңізді өзгеден кем санап, мазасызданатын кездеріңіз бола ма?

53. Көпшілік ортасына келіп, әңгіме-думанды жандандырып жіберу сізге қиын емес пе?

54. Өзіңізге беймәлім мәселелер туралы кейде сіз әңгіме-дүкен құрасыз ба?

55. Сіз өз денсаулығыңызды сақтауға тырысасыз ба?

56. Сіз өзге адамды келемеждеуді ұнатасыз ба?

57. Ұйықтай алмай мазасызданасыз ба?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет