Нәтижесін өңдеу:
Зерттелушінің жауаптарын кілтпен тексеру керек. Әрбір дұрыс жауап 1-5 сыныптар үшін - 20%, 6-11 сыныптар үшін - 10% болып есептеледі.
1-5 сыныптарға 5 суретті карточка.
6-11 сыныптарға 10 суретті карточка көрсетіледі. Егерде нәтижесі 70% -тен жоғары болса, онда көрнекі -бейнелеп ойлауы жақсы дамығаны.
Кілті
1. Арыстан 6. Шырша
2. Жүгері 7. Қоға
3. Жүзім 8. Бесбұрыш
4. А 9. Бензокалонка
5. Ине 10.Микроскоп
II. Көрнекі іс-әрекетті ойлау
А. Жарты айды 2 түзу сызықпен 5 бөлікке бөліңдер.
Ә. Сіздердің алдарыңызда 12 сіріңкіден жасалған 4 төртбұрыш тұр. Сіріңкілердің орнын алмастыру арқылы өлшемі осындай бір-бірімен байланысып тұратындай етіп 3 төртбұрыш жасаңыздар.
Кілті: 1) 2)
Б. Қолыңды қағаздан алмай (үзбей) отырып үш бесжұлдызды сыз.
Кілті: 1) 2) 3)
В.
-
16 сіріңкеден 5 төртбұрыш берілген. Осыдан 3 сіріңкенің орнын ауыстырып, осындай өлшемде 4 төртбұрыш жаса.
Кілті:
Г. Қолыңды қағаздан үзбей сызып шық.
Өңдеу: әрбір дұрыс орындалған тапсырма 20% болып есептеледі.
100% - жоғарғы деңгей
60-80% - орташа деңгей
40% - төмен болса - төменгі деңгей.
III. Логикалық ойлау
Сөздік-логикалық ойлау
2-6 сыныптар. Қарапайым ұқсастықтар.
Мақсаты: логикалық ойлауының даму деңгейін анықтау.
Тапсырманың орындалу жолы.
Зерттелушіге мынадай мысал көрсетіледі:
Дәптер Сурет дәптері
Қалам Өшіргіш, Қарындаш, майлы бояу, суретші, эскиз,
графика.
Мұнда, дәптерге қаламмен жазатын болсақ осыған ұқсас сурет дәптеріне қарындашпен саламыз. Осыны оқушылар толық түсініп болған соң тапсырманы орындауды бастайды.
Нәтижесін өңдеу.
Мұндағы А - дұрыс жауаптар саны, В - берілген тапсырма саны.
70-100% - жоғарғы деңгей.
50-60% - орташа деңгей.
0-40% - төменгі деңгей.
2-4 сыныптарға - 10 тапсырма.
5-6 сыныптарға - 20 тапсырма.
Әдістемеге материал
1. Жылқы Сиыр
Құлын Мүйіз, сүт, БҰЗАУ, өгіз, жайылым.
2. Жұмыртқа Картоп
Қауыз Тауық, бақша, капуста, сорпа, ҚАБЫҚ.
3. Қасық Шанышқы
Ботқа Май, пышақ, тәрелке, ЕТ, ыдыс.
4. Құлақ Тіс
Тыңдау Кіру, емдеу, ауыз, щетка, ШАЙНАУ.
5. Ит Шортан
Жүн Шапшаңдық, қой, балық, қаймақ, ҚАБЫРШАҚ.
6. Тығын Тас
Жүзу БАТУ, жүзу, гранит, тасымалдау, құрылысшы.
7. Ағаш Қол
Бұтақ Балта, қолғап, аяқ, жұмыс, САУСАҚ.
8. Жаңбыр Аяз
Қолшатыр Таяқ, ТОН, салқын, қыс, мұз.
9. Мектеп Аурухана
Білім беру Дәрігер, оқушы, мекеме, ЕМДЕУ, ауру адам.
10.Ән Картина
Саңырау Ақсақ, СОҚЫР, суретші, сурет, шебер.
11.Балық Шыбын
Ау ТОР, маса, бөлме, ызың, шаң.
12.Пышақ Стол
Болат Шанышқы, АҒАШ, орындық, тағам, жапқыш.
13. Құс Адам
Ұя Адамдар, жұмысшы, жануар, ҮЙ, шебер.
14.Нан Үй
Наубайшы ҚҰРЫЛЫСШЫ, вагон, қала, баспана, бөлме.
15.Пальто Бәтеңке
Iлгек Етікші, Дүкен, аяқ, БАУ, бас киім.
16.Шалғы Ұстара
Шөп Шөп, өткір, ШАШ, болат, құрал.
17.Коньки Қайық
Қыс Мұз, сырғанақ, ЖАЗ, ескек, өзен.
18.Шәй Сорпа
Шекер Су, тәрелке, тауық, ТҰЗ, қасық.
19.Аяқ Қол
Етік ҚОЛҒАП, жұдырық, шаруашылық, саусақ, буын.
20.Су Тамақ
Шөлдеу Iшу, ҚАРЫН АШУ, нан, ауыз, ас.
7-11 сыныптар
«Күрделі ұқсастықтар» әдістемесі
Әдістеменің мазмұны: Зерттелушілерге 20 жұп сөз беріледі. Тақтаға 6 жұп сөзді жазып қояды (шифр). Зерттелуші өзіне берілген 20 сөздің әрқайсысының тұсына тақтадағы 6 сөздің сәйкес келетінінің реттік номерін қояды.
«Күрделі ұқсастықтар» әдістемесіне материал
Шифр
1. Қой - отар (бөлік-тұтас)
2. Құлпынай - жеміс (нақты-жалпы)
3. Теңіз - мұхит (өлшемінде айырмашылық бар)
4. Жарық - қараңғы (қарама-қарсы)
5. Улану - өлім (себеп-салдар)
6. Жау - дұшпан (синоним)
Кілті
1. Қорқу - қашу 5
2. Физика - ғылым 2
3. Дұрыс – дәл 6
4. Атыз - бақша 1
5. Екі - жұп 6
6. Сөз – сөйлем 1
7. Сергек - енжар 4
8. Еркіндік - бостандық 6
9. Қала - елді мекен 3
10. Мадақтау - жазалау 4
11. Кек алу - өртеу 5
12. Он - сан 2
13. Жылау - еңіреп жылау 6
14. Тарау - роман 1
15. Тыныштық - қозғалыс 4
16. Ерлік - батырлық 6
17. Салқын - аяз 3
18. Алдау - сенімсіздік 5
19. Ән айту - өнер 2
20. Тумбочка - шкаф 3
Оқушының шынайы оқу мүмкіндіктерін анықтау бағдарламасы
Биологиялық ерекшеліктер
Бағдар
|
|
Өлшемдері мен белгілері
|
1. КӨРУ
|
5
|
көру дефектілері (ақаулары) жоқ
|
4
|
аз мөлшерде көру ақаулығы бар
|
3
|
көзәйнек кию арқылы түзетуге келмейтін көру ақаулығы бар
|
2
|
көру ақаулығының ерекшелігіне орай оқушыны арнайы мектепке ауыстыру мәселесін қою
|
2. ЕСТУ
|
5
|
есту ақаулығы жоқ
|
4
|
сыныпта оқушылардың орнын ауыстыру арқылы аз мөлшердегі есту ақаулығын қалыпқа келтіруге болады
|
3
|
сыныпта орнын ауыстыру арқылы қалыпқа келтіруге келмейтін есту ақаулығы бар
|
2
|
оқушыны арнайы мектепке ауыстыру мәселесі қойылатын есту ақаулығы бар
|
3. СӨЙЛЕУ
|
5
|
сөйлеу ақаулығы жоқ
|
4
|
жұмыстың сапасы мен шапшаңдығына әсер етпейтін сөйлеу ақаулығы бар
|
3
|
оқу жұмысының шапшаңдығын төмендететін сөйлеу ақаулығы бар
|
2
|
оқу жұмысының шапшаңдығы мен сапасын төмендететін ақаулықтар бар
|
4. ДЕНЕ ЖҰМЫСЫНА ҚАБIЛЕТТIЛIГI
|
5
|
сыныптың көпшілік оқушыларына қарағанда (салыстырғанда) барлық сабақтарда және жұмыс күнінде жұмысқа қабілеттілігінің жоғарғы деңгейде көрінуі
|
4
|
жұмысқа қабілеттілігін тек көпшілік оқушылардың алдында ғана көрсетеді
|
3
|
көпшілік оқушылармен салыстырғанда жұмысқа қабілеттілігі төменгі деңгейде
|
2
|
жұмыс күнінің және сабақтың ортасында қабілеттілігі тез төмендеп кететіндігі аңғарылды
|
Интеллектуалдық ерекшеліктері
Бағдар
|
|
Өлшемдері мен белгілері
|
1. ТАЛДАУ
|
5
|
есепті, оқылған құбылысты талдай алады
|
4
|
талдау барысында жеңіл-желпі қателіктер жібереді
|
3
|
талдау барысында елеулі қателіктер жібереді
|
2
|
практикалық талдау жасай алмайды
|
2. СИНТЕЗ
|
5
|
түсінігін синтездеп жүзеге асыра алады
|
4
|
синтезді жүзеге асыруда елеусіз қателіктер жібереді
|
3
|
талдауды жүзеге асыру барысында елеулі қателіктер жібереді
|
2
|
құбылысты оқып үйренуде практикалық талдау жасай алмайды
|
3. САЛЫСТЫРУ
|
5
|
барлық құбылыстарды оқып үйренуде ортақ және әр түрлі ерекшеліктерін анықтай алады
|
4
|
құбылыстардың елеулі белгілеріндегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба алады
|
3
|
құбылыстарды салыстыруда елеулі қателіктер жібереді
|
2
|
құбылысты салыстыра алмайды
|
4. ШОЛУ
|
5
|
оқылатын сабақ пен құбылыстың негізгі ерекшеліктерін бөліп және біріктіріп көрсете алады
|
4
|
шолу жасауда ескерілмейтін қателіктер жібереді
|
3
|
берілген тапсырманы орындауда, шолу жасауда елеулі қателіктер жібереді
|
2
|
шолу жасай алмайды, тапсырманы орындай алмайды
|
5. МАҢЫЗДЫНЫ БӨЛУ
|
5
|
оқушыға мәтіннен оқылған абзацына тақырып беру, оған жоспар құру, мәтіннің негізгісін екі-үш сөйлеммен жеткізу, түйінін шығару т.б. оңайға түседі
|
4
|
маңыздысын бөліп көрсетуде ескерілмейтін қателіктер жібереді
|
3
|
практикалық қателіктер жібереді
|
2
|
оқылған материалдың маңыздысын біліп көрсете алмайды
|
6. ДЕРБЕСТIК
|
5
|
оқушы оқу тапсырмасын өз бетінше орындайды, проблеманы және оны шешу жолдарын өзі таба алады, проблемалық жаттығуларды және білімді меңгеруге белсене қатысады, достарының жауаптарын бекітуге және толықтыруға тырысады, есеп шығаруда, шығарма жазуда дербестік элементтерін енгізеді
|
4
|
мұғалімнің басшылығымен проблеманы өз бетінше шешеді
|
3
|
оқушы дайын шешімге ортақтасуға тырысады, сабақта енжарлық байқатады, тапсырманы орындауда көмек қажет етеді
|
2
|
оқушының дербестік қабілеті жоқ
|
7. ОЙЛАУ ИКЕМДIЛIГI
|
5
|
білімді шығармашылық тасымалдауды жүзеге асыра алады
|
4
|
білімді сәйкестік (аналогия) арқылы көшіруді жүзеге асыра алады
|
3
|
білімді тасымалдауда елеулі қателіктер жібереді, «Аналогия» сияқты тапсырмаларды орындауда дұрыс емес түсініктер мен жауаптар береді
|
2
|
білімді тасымалдауды меңгере алмайды, ойлауы шаблонды, трафаретті түрде, көптеген «аналогия» тәрізді тапсырмаларды орындай алмайды
|
8. СӨЙЛЕУ ЖҮЙЕЛIЛIГI (ауызша, жазбаша)
|
5
|
оқушының сөзі жүйелі, логикаға сәйкестігі, қорытындыны дәлелдеуі аңғарылады
|
4
|
сөйлеу жүйесінде елеулі қателіктер жібереді, қажетті бірізділіктер, дәлелдеулер, т.б. бұзылады
|
3
|
сөйлеу жүйесінде елеулі қателіктер жібереді, қажетті бірізділіктер, дәлелдеулер т.б. бұзылады
|
2
|
оқушының сөйлеу қисындылығы (логикаға сәйкестігі) аңғарылмайды
|
9. ОЙЛАУ ШАПШАҢДЫҒЫ
|
5
|
өте тез ойлайды, мимен жұмыс жасайтын операцияларда және сол сәтте проблемаларды шешуде белсенділік кірсетеді
|
4
|
тез ойлайды
|
3
|
баяу ойлайды
|
2
|
ойлау қабілеті өте төмен
|
Оқу еңбегінің дағдысы
Бағдар
|
|
Өлшемдері мен белгілері
|
1. Үй тапсырмасын орындауда үнемі іскерлі-гін жоспарлау
|
5
|
мына талаптарды толығымен орындайды: тапсырманы орындауға уақытты ұтымды пайдаланады, тапсырманы мұғалімнен алған күні орындайды, жұмысты өте қызық және қиын сабақтардан бастап орындайды, әуелі теориялық, содан соң практикалық біліміне көшеді
|
4
|
негізінен жоғарыдағы талаптарды орындайды
|
3
|
үй жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда қателіктер жібереді
|
2
|
үй жұмысын жоспарламайды және оны ұтымды құрамайды
|
2. Сабақта оқу жұмысының ұйымдастырылуы
|
5
|
үнемі қажетті оқулықтар алып жүреді, ұтымды орналастырады, оқу құралдарын, кітаптарын тез дайындайды, тапсырманы орындауға тез кірісіп кетеді
|
4
|
кейде ұйымдастырылмайтындығы көрінеді
|
3
|
ұйымдастырылмайтындығы жиі кездеседі
|
2
|
жұмысты ұйымдастыра алмайды
|
3. Білімге көзқарасы
|
5
|
білімге деген қызығушылығы мен белсен-ділігі жоғары, әрбір сәттілігі мен сәтсіздігіне уайымдайды, оқуға деген жауапкершілігі мен міндеттілік сезімі бар
|
4
|
оқуға жауапкершілікпен қарайды, барлық тапсырманы орындайды
|
3
|
оқуға қызығады, бірақ жауапкершілігі байқалмайды, тапсырманы орындауда ықыласы жоқ
|
2
|
мұғалімнің талабына сәйкес білімге деген көзқарасы қанағаттанарлық
|
Достарыңызбен бөлісу: |