Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет28/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

49
зекет
бұл байлықты адал етуіне, игілікке айналдыруға 
ешқандай септігі жоқ. Кімде-кім «Харамнан 
жиған байлықты, зекет беру арқылы адал етуге 
болады», - деп ойласа, қателескені. Ислам діні 
бұлай істеуге түбегейлі қарсы. Пайғамбарымыз 
Мұхаммед (с.а.у.) былай деген: 
«Шындығында, 
Аллаһ ізгі, сондықтан Ол тек игі жолдармен жасаған 
құлшылықты ғана қабыл етеді»
(Муслим)
; «
Харамнан 
мал жиып, оны садақа ретінде таратқан (адам), осы ісі 
үшін (ешқандай) сауапқа кенелмейді әрі (осы байлықтың) 
ауыртпалығын өзіне жүктейді»
(Әл-Байхаки)

«Аллаһ 
Тағала (харамнан жинаған малдан берген) садақаны 
да, (толық) тазармағанның дұғасын да қабыл етпейді»
(Муслим, Ахмад бин Ханбәл)
.
Яғни, харамнан жиған байлықтан берген сада-
қаны да, толық тазармағанның дұғасын да Аллаһ 
қабыл қылмайтыны белгілі болды. Пайғамбарымыз 
Мұхаммед (с.а.у.): 
«(Егер де) Аллаһтың құлы харамнан 
мал жиып, оның бір бөлігін жұмсаса, бұл іс оны игілікке 
бөлемейді. Харамнан жиғаннан садақа берсе, оның бұл 
ісі қабыл етілмейді, ал (егер) оны артына мұра ретінде 
қалдырса, онда бұл тозаққа барар жолындағы азығы 
болады. Шындығында, құдіреті күшті Аллаһ Тағала 
жамандықты жамандықпен емес, жақсылықпен өшіреді. 
Расында, жексұрындық жексұрындықпен өшірілмейді»
(Ахмад бин Ханбәл)
.
Ибн Абидин былай жазады: «Ханафилік кейбір 
ғұламалардың айтуы бойынша, егер де адам сауап 


50
зекет
үшін харам ақшасынан жарлыға бір нәрсе бер-
се бұл күнә болып есептеледі. Ал, егер жаңағы 
қайыршы ол ақшаның харам екенін біле тұра, 
садақа берген адам үшін Аллаһқа құлшылық етіп, 
дұға етсе, бұл қайыршы тарапынан жасалған күнә 
болады. Егер де тағы бір адам осының бәрін естіп 
біле тұра тіленшінің дұғасынан кейін «Әмин» 
десе, бұл да әлгі адамның тарапынан жасалған 
күнә. Кімде-кім харамнан жиған ақшасына мешіт 
салғызып, осы арқылы Аллаһқа жақындаймын деп 
үміттенсе күнәға батқаны. Өйткені, бұл адам өзінің 
күнәлі ісінен сауап іздеуде. Себебі, харам етілгенді 
халал деп күнәға ұрынып отыр. Осы айтылғанның 
бәрі анық түрде харам деп жарияланған істерге 
қатысты, ал харамдығы күмәнді істерге қатысы 
жоқ».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет