48
зекет
«Аллаһым! Мал-мүлкін хақ жолында жұмсағанға мал-
мүліктің жаңасын бере гөр! - деп дұға етеді.
Екіншісі: «Аллаһым! Сараңдық жасағанның мал-мүлкін
жоқ ете гөр!, - деп қарғыс бата береді»
(Мүслим, Зекет)
.
Бұл ақиқат себебімен тақуа көңілдер мына
ескертуді ешқашан да
естерінен шығармай өмір
сүрген: «Халалдың есебі, ал харамның азабы
бар».
Шүкіршілік иесі жомарт байлар мен сабырлы
әрі ар-намысы бар кедейлер адамдық абырой бой-
ынша әрі иләһи ризалыққа жетуде тең.
Сондай-
ақ, Исламда сараң әрі өркөкіректі байлар мен
өтірікші кедейлер жек көрінішті болады. Хазірет
Пайғамбар (с.а.у.):
«Уа, Раббым! Кедейліктің және
байлықтың фитнасынан, яғни жамандығынан саған
сыйынамын»
(Мүслим, Зікір 44)
- деп дұға ететін.
Аллаһ Тағала былай айтқан:
«Егер шүкіршілік
етсеңдер, сендерге берген игіліктерімді арттыра-
мын…»
(Ибраһим сүресі, 7-аят)
.
зекет – харам жолмен жиған байлықты
адалға жатқызбайды
Зекеттің
жиған малыңды адалға жатқызуы,
оның көбеюіне сеп болуы тек адал еңбекпен тапқан
байлыққа қатысты. Егер де мемлекет тонаудан, кісі
затын иеленуден, парадан, сұғанақтықтан, адам-
дарды қанаудан, өсімқорлықтан,
құмар ойнаудан
және заңсыз түрде біреудің малын иелену сияқты
харам жолмен жиналған болса, онда зекеттің