55
зекет
шығып, ақшасыз қалғандар мен бар күшін ілімге
жұмсап, соның жолына берілген адамдар.
6) Зекет жинаушы қызметкерлерге: Мемле-
кеттің тағайындаған адамдары.
7) Муәлләфә Қулубқа: Жүректерін исламға
ысыту мақсатымен берілетін кісілер.
8) Құлдарға: Құлдықтан азат болатындарға
беріледі. Бірақ құлдық күнімізде жойылған.
Зекет берген кезде мына ретті сақтау керек:
Алдымен бауырлары, бауырының балалары,
немере ағасы, әпкесі, нағашы ағасы мен әпкесі,
содан кейін басқа туған-туысқандар мен көршілер,
олардан кейін көшесінде және ауылында тұратын
тұрғындар мен еліндегі жерлестері. Зекеттен алған
ақшаларын күнә жолына жұмсап, ысырап ететін
адамдарға емес, шын мәніндегі қажеттері үшін
жұмсайтын кедей адамдарға берген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: