59
зекет
лады. Еңбек етілмей жаңбырмен өсіп қолға түскен
өнімнен 10%, суару сияқты еңбек етіліп алынған
өнімнен 5% өшүр беріледі.
Осы өшүрді бермегендер зекет бермегендер
сияқты Аллаһ алдында тонаушы және қылмыскер
болып
саналады.
Өйткені,
бұлар
кедей-
кепшіктердің және Аллаһ жолында соғысқандардың
ақыларын тонап кеткен болып есептеледі.
Йемендік жомарт
бір кісінің Сана қаласының
маңында жүзім, құрма бақтары мен егіндері бар еді.
Осы жомарт кісі өнім жинау кезінде пақырларға,
мүсәпірлерге және әлсіздерге өшүрдегі үлестерін
артығымен беретін. Осы кісі қайтыс болғанда бала-
лары дүниеге деген құмарлықпен: «Жанұямыздағы
адам
саны көп, бірақ дүние аз. Пақырларға
ешнәрсе бермейік! Олар келмей тұрып өнімді жи-
нап алайық…» - десті.
Аллаһ Тағала олардың
осы арам пиғылдарына
қарай, бақтарын күйретіп күлін көкке ұшырады.
Кең бақтары танылмайтындай болады. Бұл
жағдайды көрген сараң балалар: «Басқа бір жерге
келдік пе?» - деп ойланып қалады.
Алайда әкелерінің өшүрді жомарттықпен та-
ратып, мұқтаждардың
қайыр дұғасын алуы баққа
артығымен берекет беретін. Бүкіл кедей-кепшік
сол бақтан пайда көретін.
Бірақ балалардың
көзіне әкелері таратқан өшүр көп болып көрінетін
де одан бергенді ұнатпайтын. Олар сол баққа