Ораза зекет Садақа


зекет кІМдерГе БерІЛМейдІ?



Pdf көрінісі
бет32/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

зекет кІМдерГе БерІЛМейдІ?
1) Ата-ана, аталар мен әжелерге.
2) Ұлына, немерелеріне, қызына, қызының ба-
лаларына және шөберелеріне.
3) Бай адамдарға.
4) Мұсылман еместерге.
5) Ерлі-зайыптылар бір-бірлеріне.


56
зекет
зекетІ БерІЛМейтІН НӘрСеЛер
Өзінің және қарамағындағы адамдардың 
қажеттілігі болған нәрселерден зекет берілмейді. 
Бұлар «Негізгі қажеттіліктер» деп аталады. 
Мұндай заттарға негізінен мыналар жатады:
Отырған үйлері, үй мүліктері, киімдері, мініс-
көліктері, сауда-саттыққа жатпайтын кітаптар
өнер адамдарының қолданатын құрал-саймандары, 
жейтін тағамдары, алтын мен күмістен басқа сауда-
саттық мақсатымен алынбаған інжу-маржан, алмас 
және гауһар тас сияқты әшекей асыл бұйымдар.
зекетІ БерІЛетІН НӘрСеЛер МеН зекет 
МӨЛШерІ
Зекет болып берілуі керек нәрселердің нисабы 
мен олардың мөлшері мынадай:
1) Алтын: ең аз дегенде 80.18 г. немесе одан да 
көп болса, соның 40/1 бөлігі.
2) Күміс: ең аз дегенде 561 г. немесе одан да көп 
болса, соның 40/1 бөлігі.
3) Ақша: ең аз дегенде 80.18 г. алтынның құ-
нындай ақша болу керек.
4) Сауда-саттық тауарлар: ең аз нисаб мөл-
шеріндегі ақшаның құны немесе одан да көп сауда-
саттық тауарларының 40/1 бөлігі.
5) Қой мен ешкі: қырық қой яки қырық ешкіден, 
бір қой немесе бір ешкі.
6) Сиыр немесе буйвол: отыз сиыр немесе буй-
волдан бір жасар тайынша.


57
зекет
7) Түйе: бес түйеге бір қой немесе ешкі.
Малдың саны артқан сайын зекет мөлшері 
(көлемі) де өзгеріп отырады. Жерден алынатын 
өнімдердің берілетін зекеті мүлдем басқаша.
Жоғарыда аталған заттардан берілетін зекет 
сол заттардың өзі немесе солардың құнындай ақша 
ретінде де берілсе болады.
Зекет қабыл болуы үшін ниет маңызды. Өйткені 
зекеттің шынайы, көңілден болуының шарты – 
ниет. Бай-дәулетті мұсылман, кедейлерге зекет 
бергенде шын көңілден ниет етуі керек, ал тілімен 
айтуы шарт емес.
пІтІр СадақаСЫ
Қарызынан және негізгі қажеттіліктерінен басқа 
ең аз нисаб мөлшеріндей дүниесі немесе соның 
құнындай ақшасы бар мұсылман пітір садақасын 
беруі керек. Ол қысқаша «пітір» деп аталады. 
Пітір садақасын беру – уәжіп. Пітір садақасы 
уәжіп болу үшін зекеттегідей дүние-мүліктің ең аз 
дегенде бір жыл қолында болуы және өсу күйінде 
болуы шарт емес.
Пітір – Рамазан айында кедейлерге берілетін 
садақа. Айт намазынан бұрын берілгені абзал. 
Кейбір қиын жағдайлар себебінен Айт күні немесе 
одан кейін де берсе болады. Діни тұрғыдан алғанда 
бай-дәулетті мұсылман өзінің, әрі ер жетпеген 
балаларының пітір садақасын беруі уәжіп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет