Фронтальдыжазықтық (фрацузша “phrontalis” - маңдай) маңдайға параллель жүргізілген жазықтық. Ол адам денесін құрсақ және арқа бөліктеріне бөледі.
Хоаналар (грекше “choanos” – “шұрық”) омыртқалы жануарлардың мұрын қуысы мен жұтқыншағын байланыстыратын ішкі танау тесіктері. Хоана алғаш рет қостынысты балықтарда пайда болып, ауыз қуысына ашылады.
Эндокард(грекше “endo” – “ішкі”, “kardia” - жүрек) – омыртқалы жануарлардың жүрек қуыстарын ішкі жағынан астарлап жататын жүректің ішкі қабаты.
Эндолимфа (грекше “endo” – “ішкі”, “lympha” – мөлдір сұйықтық) - ішкі құлақтағы ұлулы дене мен вестибулярлық аппараттағы (кіреберіс бөлім мен үш иірім өзекшелердегі) қуыстарда болатын тұтқыр сұйықтық. Ол дыбыс толқындарын өткізуге қатысады.
Энтодерма (грекше “endo” – “ішкі”, “derma” – “тері”) жануарлардың ұрығының даму кезінде пайда болатын ішкі ұрық жапырақшасы.