1.1 оқу орнының атауы: ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
1.2 ЦӘК №3
1.3 Пән: АНАТОМИЯ, ФИЗИОЛОГИЯ
1.4 мамандығы: СТОМАТОЛОГИЯ
1.5 оқу сағатының көлемі/кредит: 270 / 9
1.6 курс және семестр: 2 - iii
1.7 оқытушы туралы мәлімет
1.8 Байланыс ақпараты: Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 228
Телефон: 8 701 143 8597, 8 776 736 4959
2.1. Кіріспе. Адам анатомиясы, физиологиясы биологиялық ғылымдардың, соның ішінде морфологиялық ғылымдардың бір саласы. Адам анатомиясы мен физиологиясы – адам денесінің құрылысы мен болмысын, оның жастық, жыныстық, жекелеген ерекшеліктеріне байланысты дамуын және қызметін зерттейтін ғылым. Анатомия тәжірибелік дәрігер үшін өте қажет болып саналатын қосымша клиникалық пәндердің медициналық білімінің негізі болып саналады.
2.2 Пәннің саясатыоқу үрдісін кезекті оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық колледжде оқудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған:
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу.
Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәріс (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі.
Орындау түрі әркелкі болатын СӨЖ-ң 4 түрін міндетті орындау.
Студент СӨЖ-н тақырыптық жоспарға сәйкес сол тарау бойынша аралық бақылауға дейін 1 апта бұрын тапсыру керек.
Аралық бақылауды тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыруы тиіс. Аралық бақылау теория бойынша сұрақтарға жауап беруден және тәжірибелік дағдыларды (зертханалық жұмыстарды орындау және безендіру) тапсырудан тұрады.
Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (зертханалық жұмыстарды конспектілеу, теориялық материалды дайындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу, зертханалық жұмыстарды өз бетінше орындау).
Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген оқу бөлімінің рұқсат қағазы болғанда ғана жүргізіледі.
Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс.
Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен келуі керек.
Профессор-оқытушылар құрамымен, оқу-көмекші құрамның қызметкерлерімен және студенттермен құрмет тұтарлық қарым-қатынаста болу.
Топтардағы талас тудырған мәселелерді колледждің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен ашық түрде талқылау.
Колледж мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау.