Оразова Ә. С. 1781-1819 жылдары хандық құрған



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі3,69 Mb.
#10699

Оразова Ә.С.

1781-1819 жылдары 

хандық құрған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республикалық ғылыми – педагогикалық кітапхана

УӘЛИ ХАН

(1741-1819) 

Уәли хан 1741-1819 жылдары 

өмір сүрген. 1781-1819 жылдар 

аралығында Орта жүздің ханы 

болған.


Абылай ханның екінші әйелі 

қарақалпақ Сайман ханымнан 



туған үлкен ұлы. 

Уәли жасынан билікке араласып, 

арғын тайпасының билеушісі 

болды.

Бірнеше рет әкесінің 

тапсырмасымен елшіліктерді 

басқарды. 

Уәли әкесі Абылай қайтыс 

болғаннан кейін, Орта жүз 

өкілдерінің құрылтайында хан 

сайлау негізінде билікке келген. 

Уәли таққа отырысымен Ресей және 

Қытай билеушілеріне елшілік 

аттандырды. 

1782 жылы 25 ақпанда Ресейдің 

патшайымы Екатерина ІІ Уәлиді Орта 

жүздің ханы деп танитындықтары 

жөнінде грамота жіберген. 

Көп ұзамай Уәлиді билеуші деп 

танитындықтары жөніндегі осындай 

грамота Цин императоры тарапынан да 

келген. Сөйтіп, Уәли сұлтан Орта жүз 

аумағында хандық қызметін бастайды.

А.И.Дмитриев-Мамонов. Орал мен Сібірдегі

Пугачев көтерілісі еңбегінде: Абылай хан 1781 жылы

69 жасында қайтыс болғаннан кейін оның ең үлкен

ұлы Уәли (1738-1819 ж.ж.) әкесінің орнына хан болып

сайланады. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі

өзінің шырқау шегіне жеткен кезде Уәли 1774 жылы 2

маусымда

Орынбордың

генерал-губернаторы

Рейнсдропқа былай деп хат жазады: «Сізге дұғай

сәлем жолдай отырып айтатыным төменгідей:

Жоғары мәртебелі, Сіздің Шыныят мырза арқылы

жіберген хатыңызды алдық, тек әкем Абылай хан

болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған

еді,

жауымыздың

тас-талқанын

шығарғандығы

жайлы хабар алып отырмыз. Ал, мұнда елді оның

орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қандыбалақ

қарақшыны ұстапсыздар, бұл хабарды естіп мен

қуанып қалдым. Себебі ұлы мәртебелі императордың

біз жауына жау, досына доспыз ғой!» (А.И.Дмитриев-

Мамонов. Орал мен Сібірдегі Пугачев көтерілісі.

Санкт-Петербург. 1907, 139-140 бб.).

А.И.Дмитриев-Мамонов.

(1758—1803)

Уәли хан ішкі-сыртқы саясатта әкесі 

Абылайдың ісін әрі қарай 

жалғастырушы болды. Ол Орта жүз 

руларының ішіндегі тұрақтылықты 

сақтай отырып, сыртқы саясатта Ресей 

мен Қытайға тең қарым-қатынас 

жасауға тырысты. Ресей өкіметі өз 

тарапынан Уәли ханның Қытаймен 

байланыстарына тыйым салуға 

ұмтылды. Казак әскерлерін жіберіп, хан 

сарайына келе жатқан Қытай елшілерін 

орта жолдан қайтарып отырды.

Дегенмен, Уәли хан Қытаймен қарым-

қатынасын тоқтатқан жоқ. Орта жүзге 

ықпалын күшейту үшін патша өкіметі 

шекаралық шепті қазақ даласының ішіне 

жылжыта бастады. Ресейдің ықпалын 

бәсеңдету мақсатында Уәли хан Қытай 

үкіметімен және Бұқар хандығымен 

байланысын күшейтті. Патша өкіметінің 

үсті-үстіне жасаған қысымына қарамастан 

Уәли ханның алғашқы он жылдық билігі 

тыныш жағдайда өтті. 

Алайда, XVIIІ ғасырдың аяғына қарай 

Уәли ханның ішкі саясатына кейбір қазақ 

рулары тарапынан қарсылық күшейді. Олар 

Ресей патшасына ханның үстінен наразылық 

хат жазды. Сол жылы 2 сұлтан мен 19 би 

қарамағындағы 120 мыңнан аса адамымен 

орыс шекарасына жақын жерлерге көшіп 

барып, патша өкіметіне тікелей бағынғылары 

келетінін мәлімдеді. Бірақ өзінің 

дипломатиялық шеберлігі арқасында Уәли 

хан бұл жанжалды ушықтырмай, өз 

пайдасына шешті. 

Ол 1803-1805 жылдары өз 

қарамағындағы қазақ рулары мен 

сұлтандарды Сырдарияға, Шығыс 

Түркістанға көшуге үгіттеді. Патша өкіметі 

қазақ руларының оңтүстік-шығысқа көшіп 

кетпеуіне жол бермеу үшін Уәли ханмен 

келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. 

Уәли ханның 1809 жылғы орыс 

әкімшілігіне жазған хатында, 

қазақ ауылдарына орыс-казак 

жасақтарының қысымшылық 

көрсетпеуін және жайылымдық 

жерлерді иемденіп, рұқсатсыз 

пайдалануларын тоқтатуын 

сұрайды.

Дегенмен, Уәли ханның Орта жүздегі жағдайды

реттеу мақсатында Ресей

әкімшілігінің алдына

қойған

талаптарының

бірі

де

орындалмады.

Сондықтан, Уәли хан орыстармен

сөз жүзінде

ешқандай келісімге келе алмайтындығына көзі жетіп,

күш

қолдануға

мәжбүр

болады.

Орта

жүз

территориясынан

сауда

керуендерін

тоқтатып,

саудагерлер салық толемеген жағдайда, олардың мал-

мүліктерін алып, өздерін ұстап қалады. Мысалы, 1810

жылы 2 сәуірдегі рапорттарда Уәли хан мен оның

маңайындағыларға

байланысты

орыс

әскери

қызметшілерінің шағымы баяндалған.

Уәли ханның негізгі қонысы Есіл өзенінің 

бойында Көкшетау мен Шыңғыстау аралығанда 

орналасқан. Бас ордасы Бурабай көлінің маңайында 

Ханкөл, Қызыл ағашта, екінші ордасы 

Көкшетаудың шығысындағы Сырымбет 

қыстауында болды. Ол әкесі Абылайдың ісін 

жалғастырып, қазақ хандығының дербестігін 

сақтауға тырысқанмен ХІХ ғасырдың басында 

қалыптасқан саяси ахуал оған мүмкіндік бермеді. 

Ресей өкіметі қазақ даласындағы хандық жүйесін 

құлату үшін барлық амалдарды қолданды. 

Нәтижесінде Уәли ханның билігі бірте-бірте әлсірей 

бастады. 

ХІХ ғасырдың басында Уәли ханның орыс 

отарлауына ашық түрде қарсы шығуы орыс 

әкімшілігінің нақты шаралар қабылдауына себеп 

болды. 1810 жылғы Әулие Петр қамалының 

басқарушысы Агеевке орыс әскери 

қызметшілерінің жазған хабарлама, рапорттарында 

Уәли ханның Ресейге байланысты дұрыс ниетінің 

жоқтығын және оның бұрын да болмағанын

сонымен қатар, Ресейдің тарапынан жасалынып 

отырған қайырымдылық пен сыйластықты оның 

түсінбейтіндігін жазады: “... Я заметил, что он хан 

Вали не имеет здравого рассудка да едва имел и 

прежде оной ... И совсем не понимает оказанную к 

нему Российским двором милость и уважение”

Орыс әкімшілігі Уәли ханның патша 

өкіметіне адал қызмет ету ниетінің 

жоқтығына, жалпы Абылай хан 

ұрпақтарының саяси тәуелсіздікті сақтау 

мүдделерінің жоғары екендігіне көздері 

жетіп, бұл әулеттің Орта жүздегі ықпалын 

төмендетуге белсенді түрде кіріседі. Қазақ 

қоғамының дәстүрлі басқару жүйесінің 

өзіне тән ерекшеліктерін жақсы меңгерген 

патша қызметкерлері Орта жүздегі Абылай 

ұрпақтарына бағынбайтын, беделді төре 

тұқымдарын қарастыра бастайды. 



М. Вяткин осыған 

байланысты 

мынадай мәлімет 

береді: 


• “Царское правительство 

рекомендовало генерал-

губернатору для ослабления 

власти хана прибегнуть к 

старому, но испыттанному 

средству: весьма сильное 

средство,- писал канцлер, 

представляется в искусном 

употреблении противных 

хану Вали партий и в 

привличении на нашу 

сторону знатных султанов, 

без коих он ничего 

предпринять не может”

Уәли ханның билігін одан әрі 

әлсірету үшін патша өкіметі 

қазақ рулары арасында ішкі 

қайшылықтарды пайдалану 

арқылы 1816 жылы Барақтың 

тұқымы Бөкейді Орта жүздің 

2-ханы етіп бекітті.

Орыс әкімшілігі қызметкері 

Л. Глазенап Петерборға жазған өтініш-

хатында Орта жүздегі Бөкей 

сұлтанның хан сайлануын қолдау, ең 

алдымен Уәли ханның билігін 

әлсіретеді, сонымен қатар Уәли 

ханның орыс өкіметі үшін сенімсіз 

билігінің номинальдылығын, Орта 

жүздің бір бөлігіне ғана билік 

жүргізетіндігін, ал Бөкей мен оның 

ұлдары Ресей мемлекетінің адал 

қызметшілері бола алатындықтарына 

сенімінің мол екендігін хабарлайды.

Л. Глазенап 

(1750-1819)

Уәли хан Ресей, Қытай мен 

Орта Азия мемлекеттері толық 

мойындаған соңғы орта жүз 

ханы болды, ол қайтыс 

болғаннан кейін, көп ұзамай 

патша өкіметі Орта жүзде хан 

сайлауды мүлдем тоқтатты. 

Жалпы, XVIII ғасырдың соңы – ХІХ

ғасырдың басында Орта жүзде қалыптасқан

ахуал,

рулық-территориялық



құрылымының

біртұтастығына кері әсер етті. Дәстүрлі хандық

билік жүйесі дағдарысқа түсті. Бұл құбылыс ең

алдымен,


орыс

мемлекетінің

отарлау

саясатының күшеюімен байланысты болды.



Әрине, дәстүрлі қоғамның өзінің ерекшеліктері

де әсер етті. Орта жүздің саяси тәуелсіздігін

сақтап қалу мақсатында Уәли хан белгілі

деңгейде әрекет жасады.



Уәли хан өлгеннен кейін оның тұңғыш ұлы

Ғұбайдолла хан болып сайланады. Алайда патша өкіметі 

бұл шешімді бекітпейді. Тек қытайлықтар ғана 1823 жылы 

Ғұбайдолланы хан деп таниды. Қазақ хандығын таратуды 

мақсат тұтқан Ресей империясы «Сібір қазақтарын 

басқару туралы» арнайы Жарғы шығарып, қазақ жерінде 

сыртқы округтерді ұйымдастыра бастайды. Және де 

мұрагер – ханзаданы Көкшетау округінің аға сұлтаны етіп 

тағайындап, оған медаль беріп, шапан жабуға шешім 

қабылдайды. Ғұбайдолла ақ патшаның бұл шен-шекпен, 

сыйлығының бәрінен бас тартып, туысы Қасым 

сұлтанның баласы Саржанмен бірге Ресей 

императрицасына наразылық танытады. Ол 1824 жылы 

Қытаймен байланыс жасауға әрекеттеніп жүргенінде 

сотник Карбышевтың отряды оны Баянауылда тоқсанға 

жуық сұлтан – билерімен бірге ұстап, кейін Ғұбайдолланы 

Березовкаға жер аударады.

«Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, 

алған бағытынан қайтпайтын қайсар, 

әрі құбылмалы» жан болған

Орыс бақылаушысы П. Чучаловтың айтуынша:

УӘЛИ ХАННЫҢ МӨРІ

И. Андреевтің XVIII ғасырдың соңына 

дейінгі уақытты қамтитын жазбаларында Уәли 

ханға қарасты жерлерге тоқталады, яғни Әулие 

Петр мен Пресногорьков қамалдарының 

аралығында ханға бағынышты рулар көшіп-

қонғандығы туралы мәлімет береді. Автор 

негізінен атығай және қарауыл болыстарының 

руларын Уәлидің төңірегінде болғандығын 

көрсетеді. Атығай болысының жайылымдары 

Әулие Петр қамалының маңына қарай Есіл 

өзенінің бойымен жоғары орналасқан.


Хан билігі жойылып, «Сібір 

қырғыздары жөніндегі Жарғы» 

қабылданғаннан кейін Уәли ханның 

мұрагерлікке қалдырған жерлері 

балаларына бөлініп берілді. Оның 

қара шаңырағы Қызылағаш үлкен 

баласы Ғұбайдоллаға және оның 

ұрпақтарына көшіп, ал Сырымбет 

Уәлидің кіші әйелі Айғанымның 

балаларының еншісіне тиді.

ХIХ ғасырдың екінші жартысында 

Г.Н.Потанин жазып алған 

Уәлихановтардың отбасына қатысты 

әңгімеде былай делінеді:

«Уәли ханның екі қыстауы болған, бірі -

Көкшетаудың шығыс жағындағы хан 

көлінде, Абылайдың бәйбішесі Сайманнан 

өрген ұрпақтар қазір де сонда (яғни, 

Бурабай жағасында) тұрады. Екіншісі -

Сырымбетте.  Ол жерде Айғанымның Уәли 

ханның кіші әйелі) балалары тұрады».

Сырымбет жазығы

Уәли хан мен оның ұрпақтарына 

мұрасы ретінде тиген Бас орда 

Бурабай көлінің жағасында 

орналасқан және ол түрліше Орда, 

Хан көлі, Ханның Қызылағашы 

т.с.с. атпен белгілі болатын.



Айғаным ақылды, көреген, өзінің заманына 

сай білімді болған әйел. Ол шығыстың бірнеше 

тілдерін білген, орыс мәдениетіне ден қойып, 

Сыртқы істер министрлігінің Азия 

департаментімен және Петербордағы Сібір 

комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. 

Айғаным жергілікті халықтың арасында өте зор 

беделге ие болды. Мұрағат мәліметтері 

Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте 

ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір 

қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан 

кейін, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы 

қандай да маңызды оқиғалар оның қатысуынсыз 

өткен емес.



Айғаным қазақтар мен орыстардың 

арасындағы достық қарым-қатынастың 

нығаюына ұмтылып отырды. Ол Қазақ 

даласында геодезиялық зерттеу жұмыстарымен 

айналысып жүрген орыс ғалымдары мен 

инженерлеріне көмек көрсетті. «Уәли ханның 

орысқа бағынуын, - деп жазды П. П. Семенов 

Тянь-Шаньский, - Айғанымның өзге туыстары, 

Уәли ханның алғашқы әйелінен туған балалары 

мен інілері мойындағысы келмегенде, тек 

Шоқанның әжесі, Уәли ханның жесірі Айғаным 

ғана өзінің балаларымен бірге Ресейге адал 

болып қалды. Александр I Уәли ханның жесіріне 

үлкен ілтипат көрсетіп, оған арнап үй салдыруға 

әмір еткен. Шоқан Уәлиханов сол үйде туған».


Өкінішке орай, қонысты 1930 жылдары 

Кеңес үкіметі өртетіп, біраз бөлігін жойған. 

Бөренелерін алып құрылысқа пайдаланған. 

Тек Елбасы     Н.Ә. Назарбаевтың 

бастамасымен Айғаным ханым қонысы 1993 

жылы қайтадан қалпына келтірілген. Қазір 

мыңдаған адамдар келіп, қызықтайтын, 

тарихқа саяхат жасайтын қасиетті орынға 

айналған бұл жерге жерлестерімізбен қатар, 

арнайы Түркия, АҚШ, Ресей, Германия 

елінен қызықтап келушілер де бар.

Айғыным ханымға арналып қойылған құлпытастар

Шоқанның әкесі, Шыңғыс Уәлиев 1811

жылы

Қызылағашта

(басқа

деректер

бойынша Сырымбетте) туған. Уәли қайтыс

болғанда Шыңғыс жеті жаста еді. Шыңғыс

жас кезінен бастап орыстармен тығыз қарым-

қатынас жасады, Омбы әскери училищесін

тамамдады, патша әкімшілігіне жақын қазақ

ақсүйектерінің бірі болды. Әке мұрасына

Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла ие болу

керек

еді,

алайда

саяси

себептерге

байланысты ол өзінің бұл құқығына ие бола

алмады. Сөйтіп отбасына Уәли ханның

жесірі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным

(1783-1853 жж.) бас болады.

Уәли ханның 2 әйелінен 14 баласы 

болды. Үлкен әйелінен 5 бала, кіші әйелі 

Айғанымнан 9 бала болған. Ұлдарының 

ішінде мұрагері болып саналатын 

Ғұбайдолла мен Шыңғыс Уәлиханов 

Көкшетау және Қосмұрын округтерінің 

алғашқы сұлтандары болып сайланған. 

Уәли ханның кейінгі ұрпақтарынан да ірі 

тұлғалар шықты. Қазақ ұлы ғалымы Шоқан 

Шыңғысұлы Уәлиханов. Уәли ханның немересі

.

Ермұхан Бекмаханов. 

Ол -Уәли ханның Тәуке 

деген баласының ұрпағы. Тәукеден - Жанбөбек, 

одан - Бөген, одан – Бекмахан. Абылайға бес атадан 

барып қосылады. Ермұхан Бекмаханов 1915 

жылдың 14 ақпанында Павлодар облысының 

Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің 

жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген.

Тарих ғылымының докторы, Қазақ КСР Ғылым 

академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, 

1947 жылы жарық көрген "Қазақстан XIХ ғасырдың 

20-40 жылдарында" деген монографиялық еңбегі 

үшін қуғынға ұшырап, түрмеге де қамалған. Бар 

"кінәсі" ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі 

Кенесарыға берген әділ бағасы еді. Ермұханның 

қызы Нәйлә Бекмұханова - тарих ғылымының 

докторы, профессор, бірнеше ғылыми кітаптардың 

авторы.


ЕРМҰХАН 

БЕКМАХАНОВ 

(

1915-1966)



Филология

ғылымының

докторы,

сәулетші, Түрік ғылыми

орталығының

толық

мүшесі,

профессор,

ауыл

шаруашылығы ғылымының докторы 1943

жылы

туған

Шота-Аман

Уалиханов

-

Абылайдың ұлы Әділдің алтыншы ұрпағы.

Халықаралық

Абылай

хан

қорының

президенті.

Қазақстан

Республикасының

мемлекеттік елтаңбаның авторларының бірі.

Шота - Аман Ыдырысұлы Уалиханов

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.

Балғабекұлы Е. Уәли; Уәли хан (1738/41-1821) /Е Балғабекұлы //Қазақстан: 



ұлттық энциклопедия /бас. ред. Б. Аяған. – Т. 8. - Алматы, 2006. - 645 б.

2.

Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарында /Е. Бекмаханов. –



Алматы, 1994.

3.

Муканов М. Этническая территория казахов в ХVІІІ- нач. ХХ вв. /М. Муканов. —



Алматы, 1991. - 14 б.

4.

Мұқтар Ә. Уәли /Ә. Мұқтар // Егемен Қазақстан. – 2013. – 5 мамыр.



5.

Омарбеков Т. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты /Т. Омарбеков //Ана тілі. –

2011. – 8 желтоқсан.

6.

Тілегенова Л. Дағдару дәуірі: Уәли хан билігі /Л. Тілегенова // Мәдени мұра. -



2015.- № 4. 

7.

https://kk.wikipedia.org/Уәли (қаралған уақыты – 21.09.2015)



8.

http://www.madenimura.kz/Уәли хан (21.09.2015)




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет