Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі педагогикалық-Әдістемелік кабинет химия пәнінен 8-9 сынып оқушыларына қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы темірлан



бет25/28
Дата06.04.2023
өлшемі1,21 Mb.
#79919
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Сабақтың тақырыбы: 16 (VI)-топ элементтері. Күкірт
Оқу мақсаты:

  • 9.4.2.1 -қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру

  • 9.2.1.13-күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру

Бағалау критерийі:

  • қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін кері әсерін сипаттайды

  • күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстырады

Ойлау деңгейі: талдау, жинақтау
«Қышқыл жаңбыр» терминін алғаш рет ағылшын зерттеушісі Роберт Ангус Смит 1850 жылы, өнеркәсіптік революцияның ортасында ұсынды. Атмосферада түзілетін ең көп қышқылдар азотты және күкіртті табиғи немесе жасанды ластаушы заттардың тотығуымен жүреді.Күкірттің қос тотығы мен азот тотығының жуылуы күкірт қышқылы мен азот қышқылының түзілуіне және қышқыл жауынның түсуіне әкеледі. Бұл үлкен территорияда табиғи ортаның жалпы қышқылдануына және елеулі экологиялық өзгеріске әкеледі, Түзілген қышқылдар мен оның өзгеріс өнімдері жауын-шашынның, жерүсті суларында, топырақ құрамында болады және экожүйеге кері әсер береді. Бұдан басқа қышқылдардың бүлінушілік әсеріне әр түрлі конструкциялар, ғимараттар, өте сирек кездесетін ескерткіштер үшырайды. Ең бастысы, бұл заттар адам денсаулығына да әсер етеді.

1– тапсырма. «Шын», «Жалған»

Тұжырымдама

Ш / Ж

Темірдің қос тотығы мен сынаптың тотығының жуылуы күкірт қышқылы мен азот қышқылының түзілуіне және қышқыл жауынның түсуіне әкеледі




Атмосферада түзілетін ең көп қышқылдар азотты және күкіртті табиғи немесе жасанды ластаушы заттардың тотығуымен жүреді




Қышқылды жаңбырдың рН- 5,6-дан төмен болады




Қышқыл жаңбырдың әсеріне әр түрлі конструкциялар, ғимараттар, өте сирек кездесетін ескерткіштер бүлінуге үшырайды.




«Қышқыл жаңбыр» терминін алғаш рет ағылшын зерттеушісі Роберт Ангус Смит 1855 жылы ұсынды




Топырақтың қышқылдығы өсімдіктер үшін қоректік заттардың болуын азайтады



Дескриптор:



  • қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін кері әсерін түсінеді [4]

2 - тапсырма. Берілген оксидтердің қасиеттерін сәйкестендіріңіз



күкірт диоксиді
SO2

а)түссіз сүйықтық, 17 0С – та ақ түсті кристалл зат

б) өзіне тән иісі бар газ

г) өте ылғал тартқыш зат

күкірт триоксиді
SO3

в) жеміс-жідектерді шіруден қорғайды

ә) тотығу дәрежесі (+4)

д) тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиетте көрсете алады

SO2______________________, SO3______________________.
Дескриптор:

  • күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыра алады [7]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет