3 Тілдердің тоғысу процестері: субстрат, суперстрат және адстрат процестері. Тілдердің өзара әсері мен тоғысуының (этникалық топтардың
бірігуі) нәтижесінде субстрат, суперстрат, адстрат құбылыстары пайда болады.
Суперстрат дегеніміз – тілдік қатынас жағдайындағы жеңген тілдің
жеңілген тілге тигізген фонетикалық, семантикалық, морфологиялық ықпалы.
Субстрат дегеніміз – тілдік қатынас жағдайындағы жеңілген тілдің жеңген
тілге тигізген ішкі лингвистикалық әсері.
Адстрат дегеніміз – екі халықта да жарыса қатар өмір сүретін тілдік
элементтері.
Әдебиеттер: 1 Хасенов Ә. Тіл білімі. ‒Алматы, 1996.
2 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –Алматы, 1991.
3 Қалиев Б. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 2000.
♦ Тапсырма Тіл біліміндегі субстрат, суперстрат және адстрат процестері туралы
баяндаңыз.
Салыстырмалы-тарихи және тарихи-салыстырмалы әдістің бір-бірінен
ерекшелігі.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін қалыптастырушылар және олардың
негізгі зерттеу еңбектері.
♦ Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: Тіл білімінде «тілдер туыстастығы» мәселесі қай уақытта көтерілді?
Тілдер туыстастығы мәселесі алғаш кімдердің тарапынан көтерілді?
Тіл біліміндегі Гримм заңы деп аталатын теорияның мәнін түсіндіріңіз?
Тіл білімінде салыстырмалы-тарихи әдіс ұғымы қай ғалымның еңбегімен
байланысты?
Я.Гримм тілдегі фоно-морфо-семантикалық өзгерістердің себебін қандай
факторлармен байланыстырады?
Диалектологияны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің бір саласы ретінде кім
ұсынды?
Ф.Бопптың пікірінше, тілдер туыстастығын танытатын ең негізгі тілдік
ерекшеліктер және оның мәні неде?
80
2.2 Әлем тілдерінің генеологиялық жіктелімі Жоспар: 1 Генеологиялық жіктелім туралы түсінік.
2 Түркі тілдерінің генеологиялық жіктелімі.
3 Үндіеуропа тілдерінің генеологиялық жіктелімі.