Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет98/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

 
Найман-Ана 
Найман-ана тұла бойын билеп алған үрейді, қолының дірілін білдірмеуге 
тырысып, кеудесіндегі шар еткен жаралы құстың үнін өшіргендей болып, тек 
бурыл басынан көптен бері түспей келе жатқан қаралы жаулықпен бетін 
бүркемелей берді.
Сол бір ұйқысыз өткен түнде Найман-Ана Сарыөзекке барып, әлгі 
мәңгүрт түйешіні іздеп тауып, өз баласы емес екеніне көзі жеткенше жаны жай 
таппайтынын ұқты. Ұлының соғыс даласында мерт болғанына бұрыннан да 
ана жүрегі түскір бір түрлі шүбәлана беретін сияқты еді, сол біл зілмәуір 
зымиян күдік көкейінен қайта көтерілген... Соңырасыз сол күдікпен жүрегі 
мәңгі сыздап, ұдайы үрей меңдеп жүргенше, өлі-тірісіне біржолата көз 
жеткізіп қайту керек болды. (Ш. Айтматов). 
 
Берілген мәтін негізінде сөз формаларына формалық және 
семантикалық тұрғыдан талдау жасаңыз.
Осы жұмыр жер бетінде тек Қарекеңнің ғана баласы осылайша ерекше 
жаратылған ба, әлде, барлық әке мен баланың арасында болмай қоймайтын 
заңды алшақтық па, Ерғабыл даладан келгенде кәрі адамның жанын 
жадыратып, айызы мен мейірін қандырып, ашық-жарқын бір сөйлемейді. 
Сұрақ қойса ғана қысқаша жауап береді де, өз бетінше бір нәрсемен 
айналысып тұрғаны, тіпті ештеңе таба алмаса адам түсініп болмайтын қайдағы 
бір жоқ өлеңді ыңылдап айтып отырады. Мұндағы ата-аналар өзінен жарқын 
бір сөз естуге ынтық болып, онсыз өткен екі-үш күндері жылға теңеліп 
кеткенін, ай тентек-ай, бір түсінсейші, ой жіберсейші соған бір. 
Осындай кездерде Қарекең жарыла жаздайды. Ақыры шыдай алмай: "Ау, 
айтсаңшы күмілжімей, қайда болдың, не іс істедің? Біз бөтенбіз бе осы саған. 
Үйде бармыз ба, жоқпыз ба, онымен ісің болмайды ғой жүдә-а. Құдай біледі, 


144 
кіріп келгенде біз өліп жатсақ «о, өліп қапты ғой мына байғұстар» дейсің де 
қоярсың. Ұнжырғасы түседі де жүреді», ˗ деп ұрысып кеп алады баяғы. Бірақ, 
Ерғабыл: «Не айтамын. Тоқтарбектің үйінде болдым. Жатып кет, жатып кет 
деп жалынған соң бір-екі күн түнедім...»˗ деп сөзінің соңын жұтып қояды. 
Ата-ана ашу атаулыны біржолата ұмытып, ұлын жас баладай қарсы алып 
шешіндіреді, жуындырады. Тамақ береді. Ерғабыл осы кісілердің көңілі 
қалмасын дей ме, алдына қойған тамақтан аз ғана ауыз тиіп жататын бөлмесіне 
кіріп кетеді. Екі күні екі жыл боп күткен ата-ана жүрегіндегі сағыныш бәсеңсуі 
былай тұрсын, баласына көз тоқтатып қарай да алмай өкініп қала береді. 
Қоңыр күз келіп, жауын-шашынды сіліңгір күн басталды. Ерғабыл жерге 
көң себетін жұмысшылардың бригадирі болып бекіді. Соңғы кезде ол 
жұмыстан келген соң бұрынғыдай тасыр-тұсыр ете бермей жақсылап жуынып, 
шашын майлап, галстугін тағып, мотоциклімен күнде бір жаққа ғайып болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет