155
Арнаулы лексика -
ғылым мен техниканың әр алуан салаларына қатысты
ғылыми ұғым атаулары. Арнаулы лексикаға терминдер мен кәсіби сөздер
енеді.
Архисема (өзексема) –
белгілі топтың барлық единицаларына тән және
олардың жалпы категориялық қасиеттері мен белгілерін бейнелейтін сема.
Әдеби тіл –
белгілі мөлшерде сұрыпталып, тілдік нормалық бағыты
анықталған, стиль жағынан сараланған, жалпыхалықтық сипат алған ұлттық
тілдің жоғары формасы.
Бейнелі мағына –
адамның сезімі мен көңіл-күйіне байланысты айтылатын
эмоционалды сөздер мағынасы.
Бихевиоризм –
тілдің мәні мен қызметін адам организміндегі вербалдық және
эмоционалдық әсерлердің сыртқы ортамен қатынасы арқылы түсіндіру.
Буын жазуы
– буынға негізделген жазу. Онда дыбыстық таңба буынды
білдіреді. Идеографиялық жазу. Пиктографиялық жазу.
Бастауыш
– сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі, сөйлемде айтылатын
ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың иесі.
Басыңқы сөз
– тірек сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем құрамындағы ұйытқы сөз,
басқа бір сөзді өзіне бағындырып тұратын сөз.
Баяндауыш
– сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі, сөйлемде грамматикалық
жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі
заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше.
Глоссематика –
Батыс Еуропа тіл біліміндегі структурализм бағытының
неғұрлым дәйекті сипатын білдіретін тіл теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: