Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Архаизмдер (грек.archaios «көнерген») –



Pdf көрінісі
бет108/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

Архаизмдер (грек.archaios «көнерген») – 
белгілі бір дәуір үшін ескірген, өзге 
сөздермен ауыстырылған немесе қолданыстан біржола шығып қалған сөздер.
 
Архилексема –
лексикалық бірліктерді ортақ семантикалық белгілері 
бойынша топтастырушы, жалпылаушы мағынасы бар лексема.


155 
Арнаулы лексика - 
ғылым мен техниканың әр алуан салаларына қатысты 
ғылыми ұғым атаулары. Арнаулы лексикаға терминдер мен кәсіби сөздер 
енеді.
Архисема (өзексема) – 
белгілі топтың барлық единицаларына тән және 
олардың жалпы категориялық қасиеттері мен белгілерін бейнелейтін сема.
Әдеби тіл – 
белгілі мөлшерде сұрыпталып, тілдік нормалық бағыты 
анықталған, стиль жағынан сараланған, жалпыхалықтық сипат алған ұлттық 
тілдің жоғары формасы.
Бейнелі мағына – 
адамның сезімі мен көңіл-күйіне байланысты айтылатын 
эмоционалды сөздер мағынасы.
Бихевиоризм –
тілдің мәні мен қызметін адам организміндегі вербалдық және 
эмоционалдық әсерлердің сыртқы ортамен қатынасы арқылы түсіндіру. 
Буын жазуы
– буынға негізделген жазу. Онда дыбыстық таңба буынды 
білдіреді. Идеографиялық жазу. Пиктографиялық жазу. 
Бастауыш
– сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі, сөйлемде айтылатын 
ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың иесі. 
Басыңқы сөз
– тірек сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем құрамындағы ұйытқы сөз, 
басқа бір сөзді өзіне бағындырып тұратын сөз. 
Баяндауыш
– сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі, сөйлемде грамматикалық 
жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі 
заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше. 
Глоссематика – 
Батыс Еуропа тіл біліміндегі структурализм бағытының 
неғұрлым дәйекті сипатын білдіретін тіл теориясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет