Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет110/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

Дәстүрлі тіл білімі
– қалыптасқан тілдік дәстүрге сай тілдің және оның 
құрылымының ішкі қатынастары мен компоненттерінің байланысын ашумен 
бірге, тіл мен ойлаудың өзара қатынасы, тілдің қоғаммен байланысы сияқты 
мәселелердің зерттелуін мақсат ететін тіл біліміндегі бағыт.
Дескриптивті лингвистика – 
жалпы структуралды тіл білімі аясында ХХғ. 
30-50 жылдары пайда болып, жедел дамыған Америка тіл біліміндегі 
бағыттардың бірі. 
Дистрибутивті талдау
– мәтіндегі жеке тіл бірліктерінің орналасқан 
айналасын, сол ортада жекеленуін, алатын орнынзерттеуге негізделген, бірақ 
олардың лексикалық я грамматикалық мағыналарына мән бермейтін әдіс. 
Денотат – 
тілдік бірлік арқылы белгіленетін шындықтың көптеген белгілері. 
Денотаттық мағына 
– әртүрлі реңк тудыратын үстеме мағынадан тыс сөздің 
негізгі мағынасы.
Деривация
– бастапқы тіл бірліктерінің негізінде басқа тіл бірліктерін жасау 
процесі.
Деривациялық мағына – 
өз алдына дербес қолданылмайтын сөзжасам 
жұрнақтары білдіретін үстеме мағына. Ол арқылы сөздің лексикалық 
мағынасына өзгерістер енеді. 
Дублет (фр. doublet – екі еселенген) 
– мағыналық толық сәйкесетікке 
негізделген, қолданыста стильдік мәні жағынан ерекшеленетін, морфемдік 
құрамы әр басқа лексикалық бірліктер. 


157 
Дыбысқа еліктеу теориясы (ономатопоэтикалық теория) – 
тілдің шығуы 
туралы теориялардың бірі. Бұл теория бойынша, тіл адамның табиғи дыбыстық 
және дыбыстық емес белгілерге еліктеуінен туған.
Диссимиляция
– ассимиляцияға қарама-қарсыкомбинаторлық өзгерістің бір 
түрі. Сөз ішінде қатар келген ұқсас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде 
өзге дыбысқа айналуы.
Диалектология – 
белгілі бір тілдегі диалектілер мен говорлардың қазіргі 
қалпын, тарихын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет