Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет112/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

Компонентті талдау әдісі
– мағыналы тіл бірліктерінің мазмұндық жағын 
зерттеу әдісі. Оның мақсаты мағынаның ең кіші семантикалық бөлшектерін 
ажырату.
Коммуникация
– адамдардың танымдық-еңбек процесінде қатынас жасау
пікір алысу, ой бөлісу – олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша 
формасы болып табылады.
Кодификация
– тілдің нормалық қалыпқа түскен үлгілі нұсқасын сөйлеуде, 
жазуда үнемі сақтап, қайталап отыруды қамтамасыз ететін ережелер 
жиынтығы. 
Лексема (грек. lexis «сөз») –
өзара қатыстық байланыста болатын лексикалық
мағына мен грамматикалық форманың жиынтығынан тұратын лексикалық 
жүйенің негізгі единицасы.
 
Лексикология (гр.lexikos сөз туралы және logos ілім) – 
тіл білімінің сөздік 
құрамды, тілдің лексикасын зерттейтін сала. 
Лексикалық архаизмдер – 
қазіргі тілдік қолданыста сәйкес синонимдік 
мағынасы бар көнерген сөз.
Лингвистикалық география – 
тілдік құбылыстардың таралған кеңістігін 
зерттейтін тіл білімінің саласы. Лингвистикалық география арқылы тілдердің
тарихы мен шығу тегін ретроспектив тәсілмен зерттеуге мүмкіндік беретін 
диалектологиялық, тілдік атластар жасалады.
Семантикалық архаизмдер – 
қазіргі тілдік қолданыста дыбыстық тұлғасын 
сақтап қалған, бірақ ескі мағынада қолданылатын сөз. 
Сөздік құрам (грек. lexikos «сөздік», лексика) – 
тілдегі сөздердің тұтас 
жиынтығы. Лексика термині тілдік жүйедегі сөздердің қолданылу сипатына 
қарай да қолданылады. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай 
бірнеше топқа бөлінеді: әдеби лексика және диалектілік лексика; 
жалпыхалықтық лексика дәне арнаулы лексика, бейтарап лексика және 
эмоционалды-экспрессивті лексика;
 
Сема - 
сөз мағынасының ең кіші единицасы немесе мазмұн өрісінің ең кіші 
единицасы 
Тіл мен ойлау
– қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты, мәні және 
арнайы белгілері жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлау – шындық болмысты 
бейнелеудің жоғарғы формасы, ол заттар мен құбылыстардың арақатынасын, 
байланыстарын жинақтап танып білуге бағытталған.
Тілдің шығуы
– бұл мәселе антикалық тіл білімінде тілдің мәні туралы жалпы 
философиялық тұрғыда қойылған. Грек ғылымындағы тағы бір бағыт тілдің 
шығуын заңды биологиялық сипатын жақтаған, екінші бағыт – оның жасанды 
сипатын жақтаған.


159 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет