Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Тілдің шығуы жөнінде тілтанымда қалыптасқан теориялар



Pdf көрінісі
бет7/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   131
4 Тілдің шығуы жөнінде тілтанымда қалыптасқан теориялар.Тілдің 
шығуы туралы мәселе антикалық тіл білімінде көтерілген болатын. Бұл мәселе 
грек ойшылдарының тілдің мәні туралы философиялық тұжырымдамаларымен 
тікелей байланысты. Тілдің шығуы жөнінде дыбыстық тілден бұрын ым тілі 
болған деген пікір тілші-ғалымдар арасында кеңінен таралған. Ым тілі – 
мидың қызметінде нейрофизиологиялық ауытқушылықтары бар адамдардың, 
яғни керең-мылқау адамдардың тілі болып саналады.
Адам тіліндегі сөздердің дыбыстық тұлғасы мен олардың мағынасы 
арасындағы байланыс мәселесі лингвистерді өте ерте заманнан бері 
қызықтырып келе жатқаны белгілі. Көне грек философы Гераклит пен 
Демокрит дыбысталған сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс жөнінде 
пікірталас жүргізген. Платон жекелеген дыбыстар мен аталған заттардың 
сипаттары арасында ассоциация, яғни байланыс бар деп есептеген.
Дыбысқа еліктеу теориясы (ономатопоэтикалық теория) – тілдің шығуы 
жөнінде қалыптасқан теориялардың бірі. Бұл теория бойынша, тіл адамның 
қоршаған ортаның шығаратын табиғи дыбыстық белгілеріне еліктеуден туған. 
Мәселен, желдің, құстың, жан-жануарлардың, судың шығаратын табиғи 
дыбысы т.б. Тілтаным жүйесінде дыбысқа еліктеу теориясы өз негізін грек 


13 
философтары Демокрит, Платонның философиялық тұжырымдамаларынан 
бастау алады. Дыбысқа еліктеу теориясын жоққа шығаратын философтар мен 
тілші-ғалымдар кез келген тілде табиғи дыбысқа еліктеуден туындайтын 
сөздердің өте аз болуымен, сондай-ақ көптеген сөздердің о бастағы шығу 
негізін дыбысқа еліктеу теориясымен түсіндіруге келмейтіндігін дәйектейді.
Бұл теория кейінгі тілдік зерттеулерде дыбыстық символизм ретінде 
кеңінен таныла бастады. Ұсынылған теория дыбыс пен мағынаның арасындағы 
табиғи байланысты мойындаудан туындаған. ХХ ғасырдың 50-80 жылдары 
аралығында бұл бағыттағы зерттеулер дыбысқа еліктеу, дыбыстық символизм 
мәселесін ым-ишарат тілімен бірге тілдің шығуында аса маңызды қызмет 
атқарғандығын айқындайды.
Қазіргі таңда әлемдік тіл білімінде жаңа бағыттар көп болғанмен, сонау 
көне дәуірден бастап басы ашылмай, нақты шешімін таппай келе жатқан 
мәселелер бар. Олардың ішінде ең күрделісі – дыбыс пен мағынаның өзара 
байланысы.
Тіл білімінде ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап пайда болған 
фоносемантика бағыты С.Воронин, А.Журавлевтің есімімен байланысты. 
С.Воронин ұсынған фоносемантикалық талдау әдісі И.Братусь, О.Казакевич, 
Т.Койбаева, А.Афанасьев, Е.Кузнецова, Э.Вельди, И.Мазанаев, Л.Лихоманова, 
К.Құсайынның 
зерттеу 
еңбектерінде 
қолданылды. 
К.Құсайынның 
«Дыбысбейнелеуіштік теориясының негіздері» атты ғылыми монографиясында 
қазақ тіліндегі дыбысбейнелеуіш сөздерді фоносемантикалық аспект 
тұрғысынан талдау негізінде 9500-ден астам бейнелеуіш түбір және негіз 
дериватив сөздердің, қырықтан астам туыс және туыс емес тілдердің (түркі, 
тұңғыс-манчжур, үндіеуропалық, семиттік тілдер) негізінде салыстырмалы-
типологиялық түрде зерттеледі. Нәтижесінде, тіларалық генетикалық және 
типологиялық сәйкестіктер айқындалып, дыбыстардың астарлы табиғаты 
психолингвистика теориясы қағидалары негізінде сарапталады. 
Тілдің шығуы жөнінде жүргізілген зерттеу нәтижелерінің түйіні ретінде В. 
фон Гумбольдт ұсынған тұжырымы алынады. В.фон Гумбольдттың тұжырымы 
бойынша, адамзат баласының ішкі қажеттілігі оның тілінің шығуына негіз 
болған. В. фон Гумбольдт тілдің шығуы жөнінде кеңінен қарастырылған 
«қоғамдық келісім теориясын» жоққа шығарды.
Қоғамдық келісім теориясының негізін салушылар – Ж.Руссо, А.Смит т.б. 
Қоғамдық келісім теориясы бойынша, қоғамдағы адамдар бір-бірімен келісе 
отырып, болмыстағы әр затқа, құбылысқа, іс-әрекетке атау берген деген 
тұжырымды ұстанады. Негізінен бұл теория іске асуы үшін сол қоғамға 
бұрыннан қандай да бір тіл қызмет етуі керек деген пікір өзінен-өзі келіп 
шығады. Дегенмен, тілдік жүйедегі арнаулы ұғым атауларының тілші-
мамандар мен салалық мамандардың өзара келісімімен жасалатыны белгілі. 
Сондықтан бұл теорияның лингвистикалық негізін жоққа шығаруға болмайды.


14 
Тілдің шығуы жөніндегі келесі бір теория – одағай теориясы. Одағай 
теориясы – адамның сезімі, көңіл-күйі шартты рефлекс негізінде шығаратын 
дыбыстық ишараттар арқылы тіл пайда болған деп түсіндіреді. Бұл теорияның 
негізін қалаушы – К.Кудрявский болса, оның жақтаушылары ретінде В. фон 
Гумбольдт, Г.Штейнталь, Я.Гримм есімдерін атап өтуге болады. Одағай 
теориясы тілдік жүйедегі ау, әй, моһ-моһ, тәйт, бәрекелді, ойбай, 
астапыралла, әттеген-ай, қап, оһо сынды одағай сөздерге негізделген.
Одағай сөздер зат туралы, оның сыны мен санын, іс-әркеті мен қимыл-
қозғалысын атап білдірмейді. Кез келген тілдік жүйеде есім сөздер мен 
етістіктер одағай сөздерге қарағанда басымдық танытады және мұндай 
сөздердің сөзжасамдық сипаты да жоғары болып келеді. Одағай сөздердің 
тілдік коммуникацияда сөйлеушінің көңіл-күйін білдіру арқылы ондағы негізгі 
мағынаны толықтырып, күшейтіп отырады, өзге сөздермен грамматикалық 
қатынасқа түспейтіні белгілі.
Тілдің шығуы жөнінде қалыптасқан келесі теория – еңбек айқайы 
теориясы. Бұл теорияның негізін қалаушы – Л.Нуаре, К.Бюхер. Ұсынылған 
теория бойынша, тіл алғашқы адамдардың бірігіп еңбек ету процесінде туған, 
осы идеяны ары қарай дамыта түскен К.Бюхер тілдің негізін ұжымдық, яғни
«еңбек үстіндегі айқайлардан» шыққан деп тұжырымдайды.
Ф.Энгельстің тұжырымдауынша, тілдің шығуы мен алғашқы адамдардың 
бірігіп еңбек ету процесі, еңбек ету барысында адам санасының дамуы тығыз 
байланысты. Еңбек ету процесінде, бірігіп өмір сүру жағдаяты адамдардың 
бір-бірімен тілдік қатынас жасау қажеттілігін туғызған. Психологиялық 
тұрғыдан алғанда, тіл адам мен қоршаған орта арасындағы байланысты 
құрайды, тілсіз болмысты танып білу процесі жүзеге аспайды.
Қазіргі тіл ғылымында, шет тілі ғылымында адамзат тілінің 
ерекшеліктерін 
оның 
тумысындағы 
табиғи 
психофизиологиялық 
механизмдермен байланыстыру туралы пікірі басымдық танытуда. 
Психофизиологиялық тұрғыда тілдің шығуы еңбектің дамуы мен қоғамдық 
қатынастың неғұрлым күрделене түсуінің арқасында қарым-қатынас процесі 
мен функционалды жүйелердің қамтамасыз етілуі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет