4
құрылымындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктері бойынша әлем тілдерінің
типологиялық жіктелімі қарастырылады.
Үшінші модуль бойынша тіл білімінде
қалыптасып отырған
антропоөзектік бағыт негізінде қалыптасқан жаңа ғылым салалары жайлы
студенттерге толыққанды ғылыми-теориялық ақпараттар беріледі.
Әрбір
дәріс
материалдары
соңынан
тақырып
мазмұнына
сәйкестендірілген практикалық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстар
қамтылған. Лингвистикалық мәтіндер зертханалық жұмыстардың мақсат-
міндетіне, мазмұнына
сәйкес таңдап алынған, атап айтқанда, тілдің
социолингвистикалық аспектісі, тілдің таңбалық сипаты, тілдің құрылымдық-
жүйелілік сипаты, тілдердің жіктеліміне байланысты тілдік талдаулар жүргізу
арқылы теориялық білімдерін практика жүзінде іске асыра білу дағдысы
көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: