3 Әлеуметтік тіл білімінің негізгі базалық ұғымдары. Тіл саясаты –
көпұлтты мемлекетте өмір сүретінэтностардың ұлтаралық бейбітшілік пен
келісімнің сақталуына бағытталып жоспарланған, мемлекет тарапынан
жүргізілетін іс-қимылдар жүйесі. Тіл саясатын іске асыру көптеген елдерде екі
кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде елдегі тілдік жағдаяттың хал-ахуалы
анықталып болған соң, осыған байланысты осы елге тән тілдік саясаттың
негізгі принциптерін жүзеге асыруға арналған бағдарлама жасалады. Бұл –
тілдік жоспарлау кезеңі. Екінші кезең жоспарланған тіл саясаты
бағдарламасының негізгі мақсаттарын іске асыруға бағыттылады.
Сонымен тілдік саясат көпұлтты (көптілді) социумдағы қоғамның әртүрлі
тілдердің бір-біріне әсер ететін функционалды қарым-қатынасын анықтап,
оларға белгілі бір деңгейде ықпал жасап отыратын саясат. Мұндай жұмысты
мемлекет пен оның құқықты органдары, заң шығару органдары және әртүрлі
комиссиялар жүргізеді. Тіл саясатын анықтауға түрлі саяси институттар,
қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, мұғалімдер мен жазушылар,
журналистер мен ғалымдардың біріккен ассоцияциялары ана тілін қорғау, оны
дамыту мақсатымен құрылған әртүрлі қоғамдық құрылымдар (халықаралық
«Қазақ тілі қоғамы») қатысады.
Тілдік жоспарлау – тілдік құрылыс, тілдің дамуын саналы түрде реттеу, саналы
түрде тілге өзгеріс енгізу, арнайы құрылып және тиісті өкілеттілігі бар саяси,
демографиялық және психологиялық өзгерістермен санаса отырып әлеуметтік
деңгейде тіл мәселесін қарау және реформалау.
27
Қостілділік – белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттің) екі тілде сөйлеуі.
Бірнеше тілде сөйлеу (полилингвизм) көп ұлттар тұратын елге тән. Мысалы,
Ресей Федерациясы, АҚШ, Үндістан, Нигерия, Қазақстан, т.б.Көптілділік
жағдайында коммуникативті формалардың (тіл, диалект, говор, әлеуметтік
және кәсіби жаргон, т.б.) қызметтік иерархиясы пайда болды: а) бір топ ішінде
ғана қолданылатын тіл (отбасында); ә) топ аралық тіл («базар» тілі); б) облыс
(ұлттық тілі); в) көп ұлтты аймақтағы тіл; г) жалпы мемлекеттік тіл
(халықаралық тіл болуы мүмкін).
Елбасы 2008 жылғы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан
халқына арнаған Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі –
мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –
жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Осыған орай
ғылыми тұрғыдағы «көптілділік» ұғымы қоғамдық белсенділікке ие бола
бастаған «Үш тұғырлы тіл» идеясымен түсіндіріліп келеді. Алайда
социолингвистикалық еңбектерде «үш тұғырлы тіл» термині кездеспейді, ал
«көптілділік» терминіне социолингвистика ғылымы тұрғысынан көптілділік,
мультилингвизм, полилингвизм– нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер
етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, «нақты
коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада немесе
мемлекетте бірден үш немесе одан да көп тілдердің қарым-қатынас құралы
ретінде қызмет етуі» деген анықтама беріледі.
Көптілділік – нақты коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір
әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш я одан да көп тілде сөйлей білушілік.
Жеке адамның көптілділігі және бүтіндей ұлт пен ұлыстың көптілділігі бар.
ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік
сирек. Мәселен, Жапония, Корея, Германия, Исландия сияқты мемлекеттерде
жеке адамның ғана көптілділігі қолданылса, АҚШ, Ресей Федерациясы,
Үндістан, Нигерия сияқты елдерде жүздеген ұлт пен ұлыс мекендейтіндіктен
көптілділік құбылысы көрініс тапқан. Сондай-ақ,Қазақстандағы славян тектес
халықтың дені – бір тілді, қазақ – қостілді, ал күрт, тәжік, дүнген, шешен,
өзбек, татар, ұйғыр халқының өкілдері – негізінен көптілділер. Көптілділік
жағдайында коммуникативтік формалардың (диалектілер, говорлар, әр алуан
жаргондар, жеке тілдер) күрделі қолданысиерархиясы құралады.
Қазақстандағы
тіл
саясатын
жоспарлауда
қазақ
тілінің
өміршеңдігінарттыратын тетіктерге баса көңіл бөлінуі тиіс. Әлеуметтік тіл
білімінде «тілдің өміршеңдігі» (витальность языка) терминінің мәні – ол
қандай да бір тілдің қоғам мұқтаждығын атқара алатын қызметі,
бәсекелестікке түскендегі өмір сүруге қабілеттілігі, тұрақтылығы, қажеттілігі
28
дегенді білдіреді. Көп жағдайда тілдің өміршеңдігі сол елдегі жүргізіліп
отырған тіл саясатының қызметінен туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |