144
кіріп келгенде біз өліп жатсақ «о, өліп қапты ғой мына байғұстар»
дейсің де
қоярсың. Ұнжырғасы түседі де жүреді», ˗ деп ұрысып кеп алады баяғы. Бірақ,
Ерғабыл: «Не айтамын. Тоқтарбектің үйінде болдым. Жатып кет, жатып кет
деп жалынған соң бір-екі күн түнедім...»˗ деп сөзінің соңын жұтып қояды.
Ата-ана
ашу атаулыны біржолата ұмытып, ұлын жас баладай қарсы алып
шешіндіреді, жуындырады. Тамақ береді. Ерғабыл осы кісілердің көңілі
қалмасын дей ме, алдына қойған тамақтан аз ғана ауыз тиіп жататын бөлмесіне
кіріп кетеді. Екі күні екі жыл боп күткен ата-ана жүрегіндегі сағыныш бәсеңсуі
былай тұрсын, баласына көз тоқтатып қарай да алмай өкініп қала береді.
Қоңыр күз келіп, жауын-шашынды сіліңгір күн басталды.
Ерғабыл жерге
көң себетін жұмысшылардың бригадирі болып бекіді. Соңғы кезде ол
жұмыстан келген соң бұрынғыдай тасыр-тұсыр ете бермей жақсылап жуынып,
шашын майлап, галстугін тағып, мотоциклімен күнде бір жаққа ғайып болады.
Достарыңызбен бөлісу: