139
От ала келгендей ‒өте асығыс жүрген адамға айтылады.
От алғалы тұр‒бәле
іздеуге, бүлдіруге дайын тұр.
От алып ораққа түсті‒ештеңеден тайынбады.
От ауызды, орақ тісті‒өткір тілді, ділмар, шешен (ҚТС, ).
Маған амандаса келген ауыл адамдары қашан қазан оттан түсірілмейінше
түкіріктерін жұтынып,
төр алдында жарбиып, отырып алатұғын әдеттері.
Қызыл оттың ішінен шыбын жанын шүберекке түйіп аман алып шыққан нағыз
бақыттыдай көреді. Термометр айналайын денем от екенін көздеріне шұқып,
көрсетіп берді. Кішірек қоңыр көздерінде жалтылдаған от бар.
Сыртта от
жағып, отын жарып, қызмет қылып жүргендердің біреуі сол
(Б.Соқпақбаев).
Берілген мәтін негізінде бір лексика-семантикалық топқа жататын
сөздерді көшіріп жазып, олардың арасындағы парадигмамалық қатынасты
айқындаңыздар.
Құбылмалы көл
Бір көлдің суының дәмі әлденеше түрлі десе, сіз сенер ме едіңіз? Бірақ
ғылыми тәжірибе осыны дәлелдейді.
Жер қойнауы тас қабат, құм қабат,
топырақ қабаты сияқты неше түрлі болатыны белгілі. Тексере келгенде, көл
суы нақ осылай түзілетіні белігіл болған. Мәселен, Кольск түбегіндегі Кильден
аралында Могильная деп аталатын кішкентай көл бар.
Мұнда ешқашан
араласпайтын судың үш қабаты байқалады. Ең үстінде жәндіктер мекендейтін
су тұщы, одан төменіректегі су тұзды, ал көлдің түбіндегі су күкіртті сутегімен
аралас. Демек, онда өсімдік те, жәндік те жоқ. Оның түбіндегі шөгінділер
жаздың ыстығында да мұз болып қатып жатады.
Бірақ судың температурасы
жоғары.
Ғылым бір бөлігі ащы, бір бөлігі тұщы көлдерді (Балқаш көлі) білетіні
сияқты,
бір жағы суық, бір жағы жылы көлді де біледі. Мұның сыры ондай
көлдер әртүрлі географиялық ендікте жатқандықтан болса керек (Ғалам
ғажаптары).
Достарыңызбен бөлісу: