152
Аспан әлемі маған бас көтермей оқи беруге
болатын ғажайып қызық
кітаптай боп көрінуші еді. Сол кітапты оқып жатып, Арман ауылына саяхат
жасам кетемін. Сонау қиял жетпес жұлдыздарға да
талай мәрте барып
қайттым.
Мен сан қилы қиялға беріліп жатырмын. Қазір жұрттың бәрі қалың
ұйқыда. Адамның күні ертең істейтін жұмысы да, алдағы мақсаты да, көңіліне
ұялаған арманы да сұмдық көп қой. Әйтсе де,
адамдар соның бәрін ұмытып,
тәтті ұйқыға беріледі.
Таң қылаң бере бастады ма, аспандағы бұлт ыдыраңқырады ма, әйтеуір,
түні бойы қап-қара боп тұрған терезе жақ бозамықтануға айналды. Иә, әлемге
тағы бір жаңа Күн шығып келе жатса керек. Өмірде күн сайын соны көруден
артық қуаныш жоқ. Жұрттың бәрі одан тек шапағат күтеді.
Әрбір таң арай
шашып атқан сәтте біреулерге қуаныш сыйласа, енді біреулерге реніш ала
келуі де ықтимал. (Келімбетов Н. Жарлы емеспін, зарлымын).
Достарыңызбен бөлісу: