155
Арнаулы лексика - ғылым мен техниканың әр алуан салаларына қатысты
ғылыми ұғым атаулары. Арнаулы лексикаға
терминдер мен кәсіби сөздер
енеді.
Архисема (өзексема) – белгілі топтың барлық единицаларына тән және
олардың жалпы категориялық қасиеттері мен белгілерін бейнелейтін сема.
Әдеби тіл – белгілі
мөлшерде сұрыпталып, тілдік нормалық бағыты
анықталған,
стиль жағынан сараланған, жалпыхалықтық сипат алған ұлттық
тілдің жоғары формасы.
Бейнелі мағына – адамның сезімі мен көңіл-күйіне байланысты айтылатын
эмоционалды сөздер мағынасы.
Бихевиоризм – тілдің мәні мен қызметін адам организміндегі вербалдық және
эмоционалдық әсерлердің сыртқы ортамен қатынасы арқылы түсіндіру.
Буын жазуы – буынға негізделген жазу.
Онда дыбыстық таңба буынды
білдіреді. Идеографиялық жазу. Пиктографиялық жазу.
Бастауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі, сөйлемде айтылатын
ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың иесі.
Басыңқы сөз – тірек сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем құрамындағы ұйытқы сөз,
басқа бір сөзді өзіне бағындырып тұратын сөз.
Баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі, сөйлемде грамматикалық
жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі
заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше.
Глоссематика – Батыс Еуропа тіл біліміндегі
структурализм бағытының
неғұрлым дәйекті сипатын білдіретін тіл теориясы.
Глоттогенез теориясы – адамзаттың табиғи
дыбыстық тілінің қалыптасу
процесі. Бұл теория тілдің пайда болуының философиялық,
әлеуметтік және
психологиялық мәнін ұғынумен байланысты туған жалпы мәселелердің
жалғасы.
Достарыңызбен бөлісу: