Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет106/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

 
 


154 
 
ГЛОССАРИЙ 
Аралас құрмалас сөйлем – құрамындағы компоненттері бір-бірімен 
салаласа, сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлемдер жүйесі. 
Апокопа – екпінге қатысты дыбыстық процес нәтижесінде сөз соңындағы 
дыбыстың не буынның түсіп қалуы.
Арго – адамдардың белгілі бір әлеуметтік және кәсіби шағын топтарына 
түсінікті тіл.
Артикуляциялық база – белгілі бір тілге тән сөйлеу мүшелерінің дағдылы 
қызметі.
Ассимиляция – дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің неғұрлым кең 
тараған түрі. Сөйлеу үстінде сөздегі не сөз тіркесіндегі дыбыстар 
артикуляциясы жағынан бір-бірімен қиюласып, үндесіп айтылады.
Ауыспалы мағына – белгілі қасиеттеріне қарай шындық құбылысты 
білдіретін сөздің басқа бір құбылысқа атау болуынан туатын мағына. Мұндай 
мағына заттар мен құбылыстардың қандай да бір ұқсастығына, шектестігіне 
байланысты сөздің тура мағынасынан өрбиді.
Аферезис – алдыңғы сөздің соңғы дыбысының әсерімен келесі сөздің 
басындағы дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Бірен-саран сөз тіркестерінде 
болмаса, қазақ тілінде сирек кездеседі.  
Аффикс – қосымша, түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық 
мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші 
морфема. 
Антоним – өзіне тән сапалық белгісін сақтап, бір-біріне қарсы мағынада 
қолданылатын сөз. 
Антропологиялық лингвистика – методологиялық негізі ретінде 
«антропологиялық принципті» қолдайтын зерттеулердің шартты атауы.
Антропонимика – (грек. anthropos «адам», onyma «ат, атау») – кісі 
есімдерін зерттейтін сала. 
Атау (лат.nominatio «наименование») – қоршаған орта құбылыстар мен зат, 
сапа, сын, әрекет атаулары, таңбалануы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет