Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет70/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы


Функционалды 
грамматика 
саласының 
қалыптасуы 
мен 
дамуы.Функционалды грамматиканы грамматиканың ерекше бір түрі 
ретінде қалыптасуына И.А.Бодуэн де Куртенэнің «математикалық есеп» 
моделіне сәйкеспейтін тілдік ойлау туралы идеясының мәні зор болды. 
Сонымен қатар жалпы тіл біліміндетілдік бірліктердің атқаратын 
функциясына назар аудару қажеттілігі туралы концепцияны ұсынған Прага 
лингвистикалық мектебінің өкілдері болатын. Функционалды грамматика 
кеңес тіл білімінде ХХ ғасырдың екінші жартысында арнайы зерттеу 
нысанына айналды. Кеңес тіл білімінде тілдік жүйені функционалдық аспект 
тұрғысынан Ф.И.Буслаев, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ
А.А.Шахматов және А.М.Пешковский сынды тілші-ғалымдар тарапынан 
зерттелді.
Қазақ 
тіл 
білімінде 
функционалдық 
бағыттағы 
зерттеулер 
А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Кемеңгерұлы, 
Қ.Жұбанов 
еңбектерінен 
бастау 
алады. А.Байтұрсынұлы өз зерттеулерінде грамматикалық категорияларды 
мазмұннан 
формаға 
қарай 
бағытталған 
семасиологиялық 
аспектідеқарастырады. А.Байтұрсынұлы «Тіл – құрал» атты еңбегінде етістік 
сөздерге тән етістің мынадай түрлерін көрсетеді: сабақты етіс, салт етіс, ортақ 
етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді 
етіс, өсіңкі етіс (1, 42). Құрылымдық грамматикада етіс категориясының төрт 
түрі көрсетіледі: өзгелік етіс, ортақ етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс. 
Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов өз зерттеулерінде өткен шақ көрсеткіштерінің
өзіндік ерекшеліктері бар екендігін көрсетеді. Мәселен, келіп еді, келген 
еді деген тіркестерде келу қимылының бір реттік мәнін, ал келетін еді, келуші 
еді дегендегікелу қимылының бірнеше рет, дағдылы түрде іске асатындығын 
білдіріп тұр.
Қазақ 
тіл 
ғылымында 
функционалды 
грамматикаға 
қатысты 
З.Ахметжанова, Қ.Рысалды, Т.Абдығалиева, Б.Шалабай, А.Салқынбай, 
Б.Нуртазина, М.Жолшаева, О.Жұбаева, А.Жаңабекова сынды тілші-
ғалымдардың еңбектерінің қазақ тілінің функционалды грамматикасының 
негізін қалауда маңызы өте зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет