Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет66/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131
 
Салыстырмалы-тарихи парадигма лингвистика тарихындағы алғашқы 
ғылыми парадигма ретінде танылады. Бұл парадигма ХІХ ғасырда тілдік 
зерттеулерде 
жүргізілген 
салыстырмалы-тарихи 
әдіске 
негізделеді. 
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі тілдің шығуы, ататіл реконструкциясы, тілдер 
туыстастығы, туыс тілдердің фонологиялық, лексикалық және грамматикалық 
Тіл білімі 
тарихындағы 
бағыттар
Салыстырмалы-
тарихи аспект
Структуралды 
аспект
Антропоөзектік
аспект 


104 
жақтан ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттаумен, дүние жүзі тілдерінің 
генеологиялық жіктелімін түзу мәселесімен айналысты.
Жүйелі-құрылымдық парадигма тілдің құрылымдық-жүйелілік сипатына 
негізделеді. Мұнда Ф. де Соссюрдің «Тілді өзі үшін және өз ішінде қарастыру 
керек» деген лингвистикалық тұжырымы басшылыққа алынды. Тілдің 
құрылымын, оның ішкі ұйымдасу жүйесін зерттеу мәселелесіне назар 
аударылады. Жалпы тілтанымда жүйелі-құрылымдық парадигма негізінде әлі 
күнге дейін тіл ғылымының дамуына өз септігін тигізетін фундаменталды
зерттеулер жүргізілуде. 
ХХ ғасыр басында негізі қаланған структурализм бағытындағы 
мектептерді біріктіретін ортақ мәселелер мынадай болды: 
- тілдің ішкі элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, бір бүтін, 
біртұтас жүйе, құрылым; 
- тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің құрылымын, жүйесін зерттеу, тілдің 
құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау; 
- тілді таңбалар жүйесі ретінде тану, тілдік бірліктерді жеке-жеке таңба 
ретінде қарастыру.
2 Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт және зерттеу нысаны. 
Антропоөзектік парадигманың негізі В. фон Гумбольдт, Э.Бенвенист 
еңбектерінде қаланған болатын. В. фон Гумбольдттың пікірінше, тіл – халық 
пен өзін қоршаған ортаның қатынасындағы аралық әлем болып табылады. 
Ұғым, түсінік, пайымдаудан тұратын тіл адам баласының қоршаған ортаға 
деген қатынасын, дүниетанымын, ұлттық ойлау жүйесін, мінез-құлқын 
айқындап береді. Осылайша тіл қоршаған ортаны өзінді рухқа айналдырушы 
әрекет ретінде түсіндіріледі. В.фон Гумбольдт тілдің мәнін «тіл – халықтық
рух» тұжырымы негізінде дәйектейді. Ол «халықтық рух» ұғымын 
интеллектуалды құндылықтар мен халықтар мәдениетінің (рухани, 
материалдық) кешені, өзара байланыстағы халықтық тілдік сананың көрінісі
ретінде түсіндіреді. В.фон Гумбольдттың бұл ілімі Э.Сепир мен Б.Уорф 
теориясының өзегіне айналды. Бұл теория бойынша, қоршаған ортаны танып 
білутәсілдері мен ойлау жүйесі тіл құрылымы арқылы анықталады; ойдың 
логикалық құрылымын тіл анықтайды; адамдар дүниені бөлшектеп, оның 
ұғымын жасап, мағынасын түрлендіреді. 
Тіл білімінің қазіргі даму кезеңі типологиялық құрылымы әр басқа 
тілдерді 
салыстыра-салғастыра 
зерттеумен 
қатар, 
функционалды, 
прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық сынды өзге де зерттеу 
парадигмаларының қатар жүруімен ерекшеленеді. Осы парадигмалардың 
орталық нүктесінде жеке тұлға мен адам қызметінің әлеуметтік жағына деген 


105 
қызығушылықты арттыратын антропоөзектік әдістеме тұр. Антропоөзектік 
бағыттың зерттеу нысаны: тіл – адам – болмыс. 
Антропоөзектік парадигма және оның принциптері негізінде қазіргі тіл 
білімінде бірнеше ғылым саласы пайда болды: этнолингвистика, 
лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, психолингвистика, гендерлік 
лингвистика, лингвоелтану.Болмысты қабылдау, тану және ұғыну әрекеттері 
адам санасында тілдік таңбалар арқылы бейнеленеді. Бұл туралы Н.Уәли 
былай дейді: «Адам санасындағы ақиқат дүние туралы ақпараттар – сыртқы 
дүниенің тілдік тұлға санасындағы моделі. Сыртқы дүниенің санадағы 
ақпараттық моделі бірте-бірте жинақталған, жүйеге түскен түрде болады. 
Ұзына бойы сыртқы дүние туралы, ондағы белгілі бір обьект туралы ақпарат 
қабылданған сайын санада оның бейнесі тереңдей түседі, нақтылана береді» 
[1,56]. Мәселен, табиғатта саңырауқұлақтың көптеген түрлері кездессе де, 
қазақ халқының танымы бойынша оның бір ғана түрі бар. Өйткені қазақ 
халқының мәдениетінде, тұрмыс-тіршілігінде саңырауқұлақтың мәдени 
семасы жоғары емес. Ал славян және Европа халқының мәдениетінде 
есімдіктің түрі жоғары бағаланады.
Кеңестік тіл білімінде антропоцентризм принципін қазіргі тіл ғылымы 
дамуының негізі ретінде таныған Ю.Степанов былай дейді: «... лингвистика 
всегда будет наукой о языке в человеке и о человеке в языке» [2,78]. Жалпы 
тіл білімінде антропоцентризмнің негізі ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басында қаланды. 
Тіл біліміндегі антропоөзектік парадигманың қалануы негізді,өйткені тіл 
табиғаты жағынан антропоөзекті болып табылады. Антропоөзекті тілдік 
зерттеулердің орталық нүктесінде индивидтің тілдік тұлғасы, яғни тілдегі адам 
факторы негізге алынады, тілдік форманың орнына тілдік мазмұн, тілді 
қолданыс (сөйлеу әрекеті) тұрады.
В. фон Гумбольдт концепциясынан бастау алатын антропоөзектік 
зерттеулер қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, М.Копыленко, Р.Сыздық, 
Е.Жанпейісов, 
Н.Уәли, 
З.Ахметжанова, 
Ж.Манкеева, 
Г.Смағұлова, 
Б.Момынова, А.Салқынбай сынды тілші-ғалымдар тіл тарихы, лексикология, 
этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тарапынан 
ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет