107
қолданыс ретінде терминдік тіркесімнің құрамында қолданысқа түсіп,
қызыл
бұрыш, қызыл ағаш, қызыл түйіршік, қызылсу, қызыл әскер, қызыл отау
сияқты екіншілік номинацияның түзілуіне әсер еткен.
Лингвомәдениеттану –лингвистика мен мәдениеттанудың өзара қарым-
қатынасынан туындайтын, әрі этнолингвистика, лингвоелтану сияқты ғылым
салаларын ортақтастыратын ғылым саласы. Лингвомәдениеттанудың ең негізгі
мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың
танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани және
материалдық мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау.
Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылыми пән ретінде жаңа қадам
басып жатқанымен, ұлттық мәдениет пен ұлттық болмысты таныту
мақсатындаШ.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов, М.Әуезов еңбектерінен
бастап, ғалым-тілшілер І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов,
Е.Жанпейісов,
Т.Жанұзақов,
Н.Уәлиев,
Ж.Манкеева,
А.Жылқыбаева,
Қ.Рысбергенова, Р.Шойбековсынды ғалымдар еңбектерінде жан-жақты
қарастырылады. Е.Жанпейісов «Этнокультурная лексика казахского языка»
еңбегінде «Абай жолы» эпопеясындағы этнографизмдердің қолданысын қазақ
халқының ұлттық болмысы мен ұлттық мәдениеті арқылы түсіндіріп, сол
тілдік бірліктердің мәдени семасына түсініктеме беріледі. Тұрақты сөз
тіркесінің немесе оның құрамындағы мағынасы күңгірттенген сөздердің
мағынасын академик Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» атты еңбегінде қазақ
халқының
ұлттық
дүниетаным
тұрғысынан
жан-жақты
түсіндіріп,
этимологиялық мағынасын ашып береді.
Бүгінде мәдениеттану ұлттық тілді танудың негізі екені Г.Смағұлова,
А.Алдашева, А.Салқынбайдың ғылыми зерттеулерінде қарастырылуы
лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптасқандығын көрсетеді.
Тілші-ғалым Г.Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуынан
туындаған
фразеологизмдердің
бойындағы
арастырған.
Ғалым
лингвомәдениеттану
пәнінің
ерекшелігін
былайша
көрсетеді:
«Лингвомәдениеттану– этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен
тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану
бағытында зерделеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық
ерекшелігін ешбір идеологиясыз, заманға сай келбетін таныту. Бұл ретте
тіл-
Достарыңызбен бөлісу: