«Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімінің К.Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Перспективалық дамыту жоспарының паспорты



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі118,48 Kb.
#15660
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Перспективалық жоспар Жасулановна

Перспективалық дамыту жоспарының паспорты

Стратегиялық дамудың:

Мақсаты:
  • Қазақстан Республикасындағы орта білім берудегі мемлекеттік саясатты жүргізу;
  • Қоғамның, жеке тұлғаның сұранысын қанағаттандыру, білім беруде сапаны жақсарту үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру;
  • Кез келген жағдайда өз бетімен оң шешім қабылдай алатын өзіндік білім алу траекториясы қалыптасқан бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
  • Сындарлы оқыту теориясын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу арқылы білім сапасын арттыруға жағдай жасау.

Перспективалық даму жоспарының аннотациясы

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнының жаңаруы оның сапасын арттырудың басты жағдайы. Соған байланысты жаңарған білім мазмұнын жүзеге асыруды басқару бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындығы, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты және инновациялық қызметті талап етеді.

Әр мұғалім жаңашыл әрекеттерді игере, оны жүзеге асыра алатын жаңа формациядағы мұғалім үлгісіне сай болуы – бүгінгі күн талабы. Ал бұған қол жеткізу үшін мұғалімдердің педагогикалық қызметіне бақылау жасау жолдарын жаңартудың тиімді әдіс – тәсілдерін ұйымдастыру қажет.

Ұсынылып отырған жоспар білім мазмұнын жалпы білім беретін орта мектепке тәжірибені сабақтастыруға, білімі терең, рухани құндылықты бойына сіңірген, саналы азамат қалыптастыруға білімі мен тәжірибесін жұмсай алатын жаңа форматтағы педагогтар білім беру саласында қызмет көрсетудің сапалық деңгейіне алып шығуға бағытталады.

Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауында: «Біз оқушылардың қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу керекпіз» деген болатын.. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс.

Мектеп оқушыларын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет