Қоректік орталарды дайындау Сабақтың мақсатты



бет1/5
Дата15.11.2023
өлшемі27,06 Kb.
#122778
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Қоректік орталарды дайындау


Қоректік орталарды дайындау
Сабақтың мақсатты: Зертханалық ыдыстарды және мақталы тығындарды әзірлеу. Ет суын және ет-пептонды сорпасын (ЕПС), ет-петонды агарын (ЕПА) дайындау. Қоректік орталардың рН-ын колориметриялық және басқа да тәсілдермен анықтау. Стерильдеу тәсілдерімен танысып, дайындалған қоректік орталарды бу стерилизаторында стерильдеу және олардың стерильділігін термостатқа қою арқылы бақылау. Бу стерилизаторының, Кох аппаратының, кептіргіш шкафтың, Зейтц сүзгішінің және т.б. құрылысы мен істеу тәртібімен танысу.
Жабдықтар мен материалдар. Еттің суын дайындауға арналған ыдыс, 1000 с-қа дейінгі бөліктері бар термометр. Аралыстыруға арналған шыны таяқшалар. Ет тартқыш, ет, пышақ, дәке, мақта, воронка. Эрленмейердің сыйымдылығы 1 литрлік екі колбасы, 500 мл-ге дейінгі бөліктері бар мензуркалар мен цилиндрлер. Электр және газ плиталары. ЕПС мен ЕПА дайындау үшін: әр студент үшін сыйымдылығы 250 мл Эрленмейер колбасы, 100-200 мл-лік мензуркалар. Тығындарды дайындауға арналған мақталар. Сүзгіш қағаздар. Воронкалар. Қоректік орталарды дайындау рецептері. Екі-үш таразы. Пептон, натрий хлориды (ас тұзы), агар-агар, фарфордан немесе пластиктен жасалған қасықшалар. рН метр, 10% натий гидоксидінің ерітіндісі. Шаюға және рН анықтауға арналған дистильденген су (екі стаканда 200 мл-ден), 0,1; 1; 10 мл-лік пипеткалар. Бу стерилизаторлары, Кох аппараты, кептіргіш шкаф (Пастер пеші), Зейтц сүзгіші, су стерилизаторлары және басқа жабдықтар. Студенттер ет суын, ЕПС, ЕПА дайындаған соң шыны түтіктерге құйып (3-4 мл), стерильдейді.
Микроорганизмдердің қоректенуі. Жасуша ішіне сыртқы ортадан енген қоректік заттардан жаңа заттардың түзілуі немесе олардың ыдырауы күрделі биохимиялық процестердің көмегімен іске асып отырады. Микроорганизмдер табиғатта қоректік заттарды өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан немесе тірі жасушалардан алады.
Зертханаларда микроорганизмдерді өсіру үшін арнайы әзірленген қоректік орталар қолданылады. Оларды өздерінің құрамына қарай табиғи (сүт, сарысу, жұмыртқа, ет, картоп, бұршақ, сәбіз, т.б.) және жасанды қоректік орталар деп екіге бөлінеді. Жасанды қоректік орталар арнайы рецептер бойыншадайындалады. Олар жануар текті (ЕПС,ЕПА, ЕПЖ) және өсімдік текті (сыра суслосы) болып екі топқа бөлінеді. Барлық микроорганизмдер бір ғана қоректік ортада өсе бермейді. Әр организм өзінің өсіп дамуына арнайы құрамы бар қоректік орталарды элективті (таңдаулы) орталар деп атайды. Дайындалған орталарды құрғақ, салқын орындарда ұстайды, қоректік орталарға арналған ыдыстарды (шыны түтіктерді) жақсылап жуып, нейтралдап, кептірген соң бу стерилизаторында немесе кептіргіш шкафта стерильдейді (160-1700С). Мақталы тығындарды қолмен немесе тығын жасағыш қондырғы көмегімен әзірлейді. Қолданылған тығындарды әуелі кептіреді, сонан соң стерильдейді. Мақталы тығындар құрғақ және шыны түтікке жақсы үйлестірілген болуы керек. Дымқыл жерде олар ылғалды тартып алып, зең саңырауқұлақтардың өсуіне жағдай туғызады. Бұл саңырауқұлақтар және басқа микроорганизмдер шыны түтіктің ішіне түседі де, қоректік ортаның стерильділігін бұзады.
Жасанды қоректік орталар және олардың компоненттері. Еттің суы көптеген қоректік орталардың негізгі компоненті болып саналады. Ол жылқы немесе қара малдың сапалы еттерінен дайындалады. Сүйек, сіңір, фасция және майлары алынып тасталады. Кәрі малдың етін қоректік отаны дайындауға қолданбау керек. Етті еттартқыштан өткізіп, өлшейді, сонан соң оған ағын суының екі есе мөлшерін құяды да, 18-24 сағатқа салқын жерде қалдырады. Фаршты сығып алып, еттің экстрактын 30-40минут әлсіз отта қайнатады. Мақталы дәке сүзгіштен экстракты өткізгеннен соң, қайта қағаз сүзгішпен сүзеді де бастапқы мөлшеріне ағын суын құю арқылы келтіреді. Ет суын шыны сауыттарға құйып 1200С-та 30 минут стерильдейді.
Ет суын дайындау процесін жеделдету үшін фаршқа екі есе мөлшерде ағын суын қосады да, бір сағат бойы 500С-та қыздырады. Пайда болған массаны екі қабатталған дәкемен сүзіп, етті сығып, алынған сұйықтықты 30 минут қайнатады. Ұйып қалған белоктарды мақталы-дәкеден, сонан соң сүзгіш қағаздан өткізу арқылы бөліп алады. Фильтратқа оның бастапқы мөлшеріне дейін ағын суын қосып, шыны сауыттарға, шыны түтіктерге құйып, 1200С-та 30 минут стерильдейді. Дайын ет суының рН мөлшері 6,8-6,5 шамсында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет