Сүзу арқылы стерильдеу сұйық материалды бактериологиялық сүзгілерден өткізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілмен қыздыруға болмайтын сұйық қоректік орталарды, қан сарысуларын, антибиотикті ерітінділерді залалсыздандырады. Сүзгілер қатты – керамикалық, асбесті және мембраналы болады.
Ультракүлгін сәулелермен стерильдеу зертханалардың және тағам өнімдерін ұзақ сақтау үшін залалсыздандыруға негізделген.
Ультрадыбысты су, сүт, тері өнімдері мен басқа да заттарды стерильдеуге қолданады. Ультрадыбыстардың әсерінен пайда болған кавитациялық көпіршіктер бактериялардың цитоплазмасына еніп, жасушаның ішкі құрылымын талқандайды.
Химиялық заттармен стерильдеу қоректік орталарды, вакциналарды, сонымен қатар емдік – профилактикалық қан сарысуларын химиялық заттармен консервілеу үшін қолданылады. Қоректік орталарды хлороформ, толуол, кейде эфирмен консервілейді (консерванттардан тазарту үшін ортаны 560 С-қа дейін қыздырады). Вакциналар мен емдік қан сарысуларды 0,25-0,5% фенол, 0,05% формалин немесе мертиолатпен консервілейді. Агглютинирлеуші қан сарысуларын бор қышқылы, толуол немесе глицеринмен консервілейді.
Химиялық заттарды зертхананы дезинфекциялау үшін қолданады (1-3%-ды хлорамин, 3-5%-ды фенол, 70%-ды спирт, т.б.).
Әдебиеттер: 1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік нұсқауы. Астана, 2005ж. 27-33 беттер. 2 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва, «Агропромиздат». 1988. С. 46-57. 3 Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 60-66.
Бақылау сұрақтары: 1 Қоректік орталардың түрлері мен олардың компоненттері. 2 Қоректік орта компоненттерін алу жолдары. 3 Китта – Тароцци ортасын қандай микроорганизмдерді өсіруде қолданады? 4 «Стерилизация» және «дезинфекция» туралы түсінік. 5 Стерильдеу тәсілдері 6 Ыстық бумен, қыздырылған құрғақ ауамен және дробты стерильдеудің маңызы. 7 Пастерлеу әдісі. 8 Бактериологиялық сүзгілермен сүзу техникасы, сүзу нәтижелерін тексеру.