Қорғаныс механизмдері



бет6/6
Дата06.01.2022
өлшемі63,5 Kb.
#11440
1   2   3   4   5   6
Катарсис

Емдік әсері бар психотерапиялық әдіс – бұл тазалану (катарсис), патогенді аффектілердің разрядталуы. Ем субьектіге травманың негізі болған жағдайларды есіне түсіріп және оны қайта басынан кешіруге және оларға жауап беруіне мүмкіндік береді.

Тарихи «катарсистік әдіс» психоаналитикалық терапия гипнозды қолданудан босай бастаған кезеңмен (1880-1895) байланысты.

«Катарсис» (грек.) – тазалану, босаңсу... Брейер және Фрейд катарсистік әдісті травмаға және оның нәтижесінде адекватты әсер ету деп атайды. «Истерияны зерттеуде» разрядталуға жол таппаған аффектілер патогенді әсер көрсетеді. Катарсис теориясының соңында Фрейд : «Истерикалық симптом саналы қорытындылауға келмейтін психикалық энергия денелік иннервацияны бұзу жағдайында пайда болады. Оны емдеуде өз жолынан ауытқыған аффект пен оның разрядынан босатылады, басқаша айтқанда әсер етеді».

Алғашында катарсистік әдіс гипнозбен тығыз байланысты болды. Бірақ Фрейд тура сендіретін симптомдарды басуға қабілетті гипноздан бас тартады; гипноз симптомдар негізінде жатқан, субьект нәтижесінен ығыстырылған жағдайлардың санаға енгізетін еске сақтау құралы болып табылады.Бұл қайтадан шақырылған еске ауруларды субьект қазіргі болып жатқан драма ретінде басынан кешіреді және алғашқы травмалық тәжірибемен байланысты, аффектілердің разрядталуына, өзін көрсетуіне мүмкіндік береді.

Одан кейін Фрейд гипноздан толығымен бас тартады, оны сендірумен айырбастайды.(ерекше тәсіл көмегімен – пациенттің маңдайын қолымен басады), оның мақсаты ауруға патогенді еске түсіру келеді деп сендіру. Соңында Фрейд сендіруден де бас тартып, аурудың «еркін ассоцияциясына» сүйенеді. Емдеудің сыртқы мақсаты – ауруды симптомдардан босату, аффектілерді дұрыс разрядкалармен қамтамасыз ету – кез-келген терапиялық тәсілдерді қолдану кезінде өзгертілмейді.

«Истерияны зерттеудегі» «истерияның психотерапиясы» бөлімінде емдеу тәсілдерін концептуалды ауысулармен бірге жүрді – қарсылықты талдау, трансфер, психикалық материалды өңдеу нәтижесіне көп мән беру.

Бірақ катарсистің ролі нақты психопатологиялық құрылымның спецификасымен негізделсе де, психоаналитикалық терапияның маңызды элементі болып қалды. Бір жағынан , көптеген терапиялық бағыттар күшті разрядпен жүретін, еске алудың ашық қайғыруын болжайды. Екінші жағынан катарсистік эффект емдеу кезіндегі әр түрлі қайталаулар кезінде пайда болады, әсіресе трансфермен байланысты. Сонымен қатар Брейер мен Фрейд тілдік символизацияны қажет деп нақты көрсетті.

Осы катарсистік эффектілерден басқа, психоанализге қатысатын, катарсиске бағытталған психотерапияның ерекше түрлері бар. Мысалы: травмалық невроз кезінде қолданылатын наркоанализ. Дәрінің көмегімен шақырылған нәтижелерді Брейер мен Фрейд гипноздың көмегімен алғандағыға ұқсайды.

Морено бойынша психодрама – актерлік ойындар және т.б. көмегімен ішкі шиеленістерден босаңсу.


Эротизм

Зәр шығарумен байланысты либидинальді қанағаттану тәсілі.

Зәр шығарудан қанағаттану және оның сексуалдық мәні ең алғаш «три очерки по теории сексуальности» еңбегінде ашылды.Бір жағынан балалардың зәрді ұстай алмауы мастурбацияның эквиваленті ретінде трактатталады. Екінші жағынан Фрейд «Овладение огнем» еңбегінде өңделген от пен зәр шығарудың арасындағы символикалық байланысты көрсетеді.

Фрейдтің 3-ші маңызды сәті – мінез сипаты мен эротизм арасындағы нақты байланыстың болуы туралы гипотеза. «Мінез және анальді эротизм» статьясының соңында Фрейд: «мінездегі әр түрлі комплекстер нақты эрогендік зонаның қозуына тәуелді. К.Абрахам айтқандай, зәр шығару актісі кейде балалық фантазиялармен бірге болады: бұл ...» кез-келген обьектіні құруға немесе бұзуға қабілетті үлкен, шексіз билік сезімі».

М.Кляйн зәр шығарудың көмегімен бұзғыш және агрессиямен байланысты осындай фантазиялардың мәнін ашып көрсетті. Ол «баланың дамуындағы уретральді садизмнің саналы жетіспеуінің» мәнін ашты. Психоанализ процессінде үлкендер және балалар фантазиясында зәр күйдіретін, ерітетін, өлтіретін сұйықтық, құпия және қауіпті у ретінде кездеседі. Мұндай уретральді - садистік фантазиялар күш көрсету құралы ретінде жыныс мүшесі образының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Фрейд уретральді эротизмді «балалық шақтағы» мастурбацияның екінші фазасымен байланыстырады (өмірдің төртінші жылында). Сексуалды көрінудің симптомологиясы кедей, сексуалды құрал әлсіз дамыған және оның орнына зәр шығару аппараты әрекет жасайды. Осы жастағы қуықтың бұзылулары, шын мәнінде сексуалдық бұзылулар; түнгі энурез түнгі поллюцияға сәйкес келеді. Осы кезеңді Фрейд фаллическая стадия деп атады. Уреральді және фалический эротизмнің ара қатынасы өте тығыз. Сондықтан бұл екеуін жеке қарау мүмкін емес.



Фрейд осы екі функцияның арасындағы қатынасты бала мен үлкен екі түрлі түсінеді - , дейді. Баланың ойында «балалар әйелдің денесіне еркек зәрін құйғаннан пайда болады» деп ойлайды. Ал үлкен адам бұл екі әрекеттің бір-біріне сәкес келмейтінін түсінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет