Қорғаныс механизмдері



бет4/6
Дата06.01.2022
өлшемі63,5 Kb.
#11440
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қорганыс

Регрессия. Мазасыздықтан сақтану үшін қолданылтын қорғаныс механизмдерінің тобының біреуі – бұл регрессия. Регрессияға балалық шақтағы мінез-құлық моделі тән. Бұл қауіпсіз және жағымды өмірдің ерте кезеңіне оралу жолымен мазасыздықты жұмсақтау тәсілі. Регрессияның бұл түрін еш қиындықсыз тануға болады. Үлкендерде өзін-өзі ұстай алмау, жақтыртпау,сонымен қатар ауызын шошайтып алып басқалармен сөйлеспеу, балалық ыңылдау (лепет), авторитеттерге қарсы әрекет немесе жоғары жылдамдықпен автомобилде жүру.

Сублимация. Адамға адаптация мақсатында өзінің импульстерін өзгерту, сонымен оны әлеуметтік қабылданбайтын ойлар мен әрекеттер арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін қорғаныс механизмі. Сублимация денсаулық бірлігі ретінде қарастырылады, конструктивті стратегия қажетсіз импульстерді сыртқа шығармайды, өйткені импульстердің көрінуін ұстамай-ақ, олардың обьектілері мен мақсаттарын өзгертуге мүмкіндік береді.Инстинктер энергиясы басқа каналдар арқылы беріледі:- қоғам қажет деп санайтын каналдар. Мыссалы : егер мастурбация уақыт өтуімен жасөспірімдерде қорқыныш туғызатын болса, ол өз әрекетін сублимациялайды, яғни, өз импульстерін әлеуметтік қолдау табатын іс-әрекеттерде көрсетеді. Мысалы: футбол, хоккей және т.б. Тағы сол сияқты әйелдер өзінің санасыз садистік бейімділіктерімен хирург бола алады. Мұндай іс-әрекеттерде ол басқалардан жоғары екенін көрсетеді және қоғамға қажетті нәтиже береді. Фрейдтің ойынша, сексуалдық қызығушылықтың сублимациясы – мәдени эволюцияның сипаты болып табылады. Соның арқасында, біздің өркениетті өмірімізде маңызды роль ойнайтын ғылым, өнер, идеология жоғарылай бастады дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет