Ығыстыру. Фрейд ығыстыруды алғашқы эгоның қорғанысы ретінде қарауы, ол күрделі қорғаныс механизмдерін қалыптастыруға негіз болу себебіне байланысты ғана емес, сонымен қатар ол мазасыздықтан кетудің тура жолын қамтамасыз етеді. Кейде мотивацияланған ұмыту ретінде бейнеленетін, ығыстыру қайғыруға әкелететін сезімдер мен ойларды санадан шеттету процесі. Ығыстыру әрекетінің нәтижесінде индивмдуум мазасыздықты шақыратын конфликтілерді саналамайды, сонымен қатар өткен травмалық жәйттер естерінде қалмайды.
Ығыстыру жолымен мазасыздықтан босау ізсіз өтпейді. Фрейдтің ойынша, ығыстырылған ойлар мен импульсер санасыздықта өзінің белсенділігін жоғалтпайды және осы процесс одан әрі жалғасу үшін санада үнемі психикалық энергия шығындалады. Бірақ ығыстырылған материалды ашық көрсетуге үнемі талпыну түс, қалжың және басқа да Фрейд айтқан «күнделікті өмір психопатологиясында» қысқы уақыттық қанағаттану ала алады. Осы теорияға сәйкес ығыстыруневротикалық ығыстырудың барлық түрінде болады, психосоматикалық ауруларда (мысалы язвалық ауру), психосексуалды бұзылу (импотенция және фригидтілік). Бұл негізгі және көп кездесетін қорғаныс механизмі.
Проекция. Қорғаныс механизмі ретінде өзінің теориялық мәнділігі бойынша проекция ығыстырудан кейін болады. Бұл процесте индивидуум өзінің қабылданбайтын ойларын, сезімдерін, қылықтарын басқа адамдарға және қоршаған ортаға жазады. Сонымен, проекция адамның кінәні басқа біреуге жабуына мүмкіндік береді. Мысалы: эмтиханға дұрыс дайындалмаған студент алған төмен бағасын дұрыс өткізілмеген тестке немесе осы тақырыпты лекцияда дұрыс түсіндірмегені үшін, профессорға кінә тағады.
Айырбастау. Қорғаныс механизмдерінде ауыстыру, инстинкті импульсердің көрінуі қауіптірек обьекті немесе тұлғадан аз қаупі барына айырбасталады. Мысалы: әке-шешесі жазалағаннан кейін бала өзінің қарындасын итеріп жіберіп немесе ойыншығын сындырады. Ауыстыру сонымен қатар кішкентай тітіркендіруші сәттерге үлкен адамның жоғары сезімталдығынан көрінеді. Мысалы: жұмыс беруші өзінің қызметшісін сынайды. Соған байланысты ол (қызметші) күйеуі немесе баласы жағынан болған ондай мәнді емес ескертулерге ашу, ызамен жауап береді. Осы мысалдардың әрқайсысында субьект үшін қауіп жоқ. Өзіне-өзі бағытталған айырбастаудың мұндай түрі аз таралған: басқа адамдарға бағытталған қауіпті импульстер өзіне айырбасталады. Онда өзін-өзі басып, тұншықтыру сезімі пайда болады.
Рационализация. Фрустрация және мазасыздықты игере алу тәсілі, шынайылықты төмендету, сонымен өзін-өзі бағалуды қорғау. Рационализация өтірік аргументацияға қатысты, соның арқасында ирроционалды қылықтар дұрыс болып, қоршаған орта алдында ақтаулы болады. Кеткен қателіктер, сәтсіз талдаулар рационализация магиясының көмегімен ақтау табуы мүмкін. Мысалы: кездесуге шақырған әйелдің кері жауабын алғаннан кейін еркек өзіне-өзі әйелдің ешкімді қызықтырмайтынын айтып жұбатады. Сол сияқты медицина институтының стамотология бөліміне түсе алмаған студент, өзін стамотолог болғым келмейді деп сендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |