16 қараша Толеранттылық күні



Дата31.12.2021
өлшемі18,83 Kb.
#22567
түріСабақ
Байланысты:
Толеранттылық тәрбие сағаты


Тәрбие сағатының тақырыбы: “16 қараша - Толеранттылық күні”

Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды – ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілік, кішіпейілділік, тазалық, достық, ар - ұят, әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Міндеті:

  • оқушыларға “толеранттылық” ұғымы туралы түсінік беру

  • адамдардың тұлғалық ерекшеліктеріне деген төзімділікке тәрбиелеу

  • өзіне және өзгеге деген төзімділікке тәрбиелеу

  • өз сезімдерін түсінуге үйрету

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, дидактикалық сұрақ жауаптар, жаттығулар, сергіту сәті, т.б

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер, т.б

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Шаттық шеңбері (5 минут)

3.Топтық ережемен танысу (5 “Т” ережесі)

4. Бейнебаянды талқылау кезеңі. (2 минут)

6. Сергіту сәті (3 минут)

7. Шығармашылық кезең (10 минут)

8. Рефлексия (5 минут)

Сабақ уақыты:30минут

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Сәлеметсіздерме оқушылар!!! Тәрбие сағатында сіздерді көргеніме қуаныштымын.



2. Шаттық шеңбері.

- Балалар, бүгін мейірімділік пен қуаныш, қайырымдылық пен қамқорлық күні.Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.

- Балалар,бәріміз ортаға шығып, “Шаттық шеңберін” құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі ,жылы сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен,жымиған езуімізбен жеткізейік.

Мысалы:- Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және т.б.

-Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

3. Топтық ереже (5Т ережесі)

Балалар 5т ережесімен танысайық!



  1. Тәртіп

  2. Талап

  3. Тазалық

  4. Тыныштық

  5. Татулық

4. Бейнебаянды талқылау кезеңі.

- Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды бастамай тұрып бейнебаянға назар аударайық!

https://youtu.be/1eRfASsTLak

Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы деп ойлайсыздар? Видеосабақтан не түйдіңіздер?



5. Сергіту сәті

Не істейді!!!!?????

6. Шығармашылық кезең

1-топ: “Адалдық” туралы постер

2-топ: “Кішіпейілділік” туралы постер

3-топ: “Достық” туралы постер



7. Қорытынды. Рефлекция

Тақтаға “Көңілді пойыз” әдісімен кері баланыс алынады.

-Бүгін біз сабағымызды қорытындылай келе, “Толеранттылық” терминімен таныстық. Бейнебаяннан көрген кішіпейімділік, адалдық, көмек керек жандарға көмектесу деген секілді бүгінгі алған білімдеріңізді өмірлеріңізде қолданасыздар деп сенемін.

Оқушылар алдарыңызда көңіл-күй бейнеленіп тұрған смайликтер жатыр. Бүгінгі сабақ ұнаса күліп тұрған, ал ұнамаса мұңайып тұрған смайликті көтересіздер!Және осы жерде топтарды марапаттай кетсек.



Осымен,балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Белсене қатысқандарыңыз үшін көп-көп рақмет! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет