Жазғы демалыс кезінде балалардың күндізгі мектеп жанындағы лагерін ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар
Мектеп жанындағы лагерь бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты:
лагерь ауысымының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге;
балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға;
лагерь қызметінің іске асырылатын бағдарламаларының сапасына; білім алушылардың жасына, мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес іс- шараларды өткізу нысандарының, әдістері мен құралдарының сәйкестігіне;
оқушыларының мен қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын сақтауға.
Мектеп жанындағы лагерьдің жұмысы жалпы білім беру мекемесінің базасында жүргізіледі.
Лагерь I - IV сыныптардың білім алушылары үшін 25 адамнанаспайтынжәне V-VIIIсыныптардыңбілімалушыларыүшін30адамнан аспайтын отрядтарға бөлінетін білім алушылар қатарынан жасақталады. Ауысымның ұзақтығы жазғы демалыс кезеңінде кемінде21күндіқұрайды.
Мектеп жанындағы лагерьді қабылдауды уәкілетті орган ашқанға дейін 3-5 күн бұрын құрған комиссия жүзеге асырады. Лагерьді ашу ауысым басталар алдында ауданның санитарлық қызметінің оның санитарлық қағидаларына сәйкестігі туралы санитарлық- эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
Белгіленген үлгідегі медициналық кітапшасы бар адамдар мектеп жанындағы лагерьде жұмыс істеуге жіберіледі.
Білім беру ұйымының басшысы, орынбасарлары, мектеп жанындағы лагерь бастығы, тәрбиешілер, дене шынықтыру нұсқаушылары, медицина қызметкерлері өздеріне сеніп тапсырылған балалардың өмірі мен денсаулығына дербес жауапты болады. Ол үшін білім беру ұйымының басшысы еңбекті қорғау, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, мектеп жанындағы лагерьдің өрт қауіпсіздігін сақтау үшін жауапкершілік жүктеу туралы бұйрықтар шығарады.