Қорғау бойынша


Ойындар, спорттық сабақтар өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары



бет3/6
Дата30.06.2023
өлшемі45,52 Kb.
#103832
1   2   3   4   5   6

Ойындар, спорттық сабақтар өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары


Ойын және спорттық-сауықтыру алаңдарын пайдалану кезінде төмендегі талаптарды сақтау қажет:
спорт алаңдарына балаларға тек спорттық киіммен және аяқ киіммен ғана рұқсат етіледі;
қозғалмалы спорттық құрылғылар, алаңдардағы шұңқырлар және т. б. қоршалуы тиіс;
қолданылатын спорттық және ойын жабдықтары қауіпсіз, жарамды, сенімді, тұрақты түрде бекітіліп, балалардың бойы мен жасына сәйкес келуі керек;
бітпеген алаңда іс-шаралар өткізуге және спорттық құралдарды, жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді;
балалар спорттық жабдықтарды, спорттық құралдарды дұрыс және қауіпсіз пайдалануға үйретілуі керек.
    1. Спорттық іс-шаралар орындарын дайындау және балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушыға жүктеледі.


Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде дене шынықтыру нұсқаушысы гимнастикалық жабдықтармен жаттығу кезінде спорттық құралдың, жабдықтың, сақтандырудың толық жарамдылығын қамтамасыз етуге міндетті. Орналастырылған спорттық жабдықта әр құралдың бір-бірінен кемінде 1 м қауіпсіз аймақтары болуы тиіс. Қозғалмалы ойындарға арналған алаңдардың периметрі бойынша қауіпсіз аймақтары баскетбол ойнауға арналған алаң - кемінде 1 м; волейболға арналған алаң - кемінде 3 м; футбол алаңы - кемінде 2 м болуы тиіс . Бұл аймақта бұталар, ағаштар және олардың тамырлары жер бетінен діңгектерден, орындықтардан, адамдардан және т. б. биік орналастырылмауы керек.

    1. Спорттық іс-шараларды өткізу кезінде тәрбиешілер, лагерьдің медицина қызметкері балалармен бірге болуға тиіс. Балалар спорт командалары жарысқа тек мектеп жанындағы лагерь бастығының, тәрбиешілердің, дене шынықтыру нұсқаушысының қолдауымен жіберіледі.

    2. Балалардың спорт секцияларындағы сабақтары мектеп жанындағы лагерьдің медицина қызметкерімен келісіледі. Дене тәрбиесі бойынша іс-шаралар балалардың жасына, олардың

денсаулық жағдайына, дене шынықтыру деңгейі мен дене шынықтыру дайындығына сәйкес ұйымдастырылады.

    1. Іс-шараның басталуының алдында балаларға дене жаттығуларын орындаудың қауіпсіз тәсілдері мен әдістері бойынша нұсқама журналына жазып, нұсқама беру керек.


    2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет