Орфографиялық СӨздік



бет131/132
Дата01.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#54172
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік


§ 35. Соңғы дыбыстары рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке түрде жалғанады. Бұлар к, г дыбыстарының және жіңішкелік белгісімен келген р, л дыбыстарының жіңішке айтылуына байланысты. Мысалы: парктен, паркке, паркі, митингілер, митингіге, фактіге, фактісі, полкке, полктер, полкі, ансамблъге, ансамблі.
Ескерту. Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздер мен соңғы буынында ё, э дыбыстары бар сөздерге қосымша әрдайым жіңішке жалғанады. Мысалы: тюльдер, тюлі, Пётрдің, Пётрге, актёрге, актёрлер, дуэттер, дуэті.
§ 36. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның басқы дыбысы да қатаң, ал сөздің соңғы дыбысы ұяң я үнді болса, қосымшаның басқы дыбысы да ұяң я үнді болып жалғанады. Мысалы: астық-ты, астық-тан, табыс-пен, айт-тыр, трактор-лар, қағаз-дар, мал-мен, киім-мен, ауыз-бен.
Ескерту. б, в, г, д әріптеріне бітетін сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымшалар тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады. Мысалы: штаб-тан, клуб-қа, парад-тан, парад-қа, актив-ке, пассив- тен, резерв-тік, педагог-тер, геолог-тер, геолог-ке, Ашгабад-қа, Мадрид- тен.
§ 37. Сөздің соңғы дыбысы с немесе з болып, оған с, ш дыбыстарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің соңғы дыбысы өзгертілмей жазылады. Мысалы: ауызша (ауышша емес), жұмысшы (жұмышшы емес), басшы (башшы емес), сөзсіз (сөссіз емес), жазсын (жассын емес), көзсіз (көссіз емес).
§ 38. Сөздің соңғы дыбысы н болып, оған ғ, г, б дыбыстарының бірінен басталатын қосымша жалғанғанда, алдыңғы дыбыс өзгертілмей жазылады. Мысалы: күнге (күңге емес), жанбайды (жамбайды емес), жанға (жаңға емес).
§ 39. -ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады. Мысалы: Әділбаевқа (соңғы буын - бай - жуан), Әділбековке (соңғы буын - бе-к), Жүсіповтің (соңғы буын - сі-п).
§ 40. Қосымшалар дауысты дыбыстан басталғанда, түбірдің соңындағы қ, к, п дыбыстары ұяңдап, ғ, г, б (немесе у) болып өзгерген түрінде жазылады. Мысалы: тарақ - тарағы, тайлақ - тайлағы, қызық - қызығы, жүрек - жүрегі, тік - тігеді, кітап - кітабы, жап - жауып - жабады; man- тауып - табады, кеп - кеуіп - кебеді. Бірақ қазақы (ат), қалмақы (ер), can - сапы(еңбек сапында) сияқты бірер сөздердің түбірі сақталып жазылады.
Ескерту.а) Соңғы буынында ы, і дыбыстары бар кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: орын+ы - орны, құлық+ы - құлқы, әріп+і - әрпі, ерін+і - ерні, көрік+і - көркі, халық+ы - халқы, ойын+а - ойна, үрік+ек - үркек (мұндай сөздер емле сөздіктерінде толық көрсетіледі);
ә) ауыл, дауыс сияқты бірен-саран сөздерге тәуелдік жалғауы жал- ғанғанда, айтылу (дыбысталу) ыңғайына қарай соңғы буындағы ы, і әріптері түсіріліп те, түсірілмей де жазыла береді (олар емле сөздіктерінде және деген белгімен қатар беріледі);
б) п, х дыбыстарына аяқталатын кірме сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, п, х дыбыстары ұяңдамайды: принцип - принципі, тип - muni, окоп - окопы, цех - цехы, альманах - альманахы; тарих - тарихы.
§ 41. нд, мп, кт, нк, мб, ск, фт сияқты дыбыстар тіркесіне бітетін сөздерге қосымшалар ы, і дәнекері арқылы қосылады. Мысалы: штамп - штамп-ы-лау; факт - факт-і-ге; митинг - митинг-i-ге; объект- объект-і- лер, объект-і-ге;ромб - ромб-ы-ның.
§ 42. ст, сть, зд дыбыстар тіркесіне біткен сөздер түбір күйінде ешбір өзгеріссіз жазылады да, оларға қосымшалар жалғанғанда түбірдегі соңғы дауыссыз түсіріліп жазылады. Мысалы: трест - трес-тің, трес-іне; ведомость- ведомос-қа, ведомос-ы; съезд- съез-ге, съез-і-нің; социалист - социалиске, социалистік.
§ 43. Бас әріптерден қысқарған сөздер тек қана дауыссыз дыбыстардан тұрса, оларға қосымшалар соңғы әрпінің жуан я жіңішке айтылуына қарай үндесіп, я жуан, я жіңішке болып жалғанып, дефис арқылы жазылады. Мысалы: ТМД-ға, АҚШ-қа. Ал араларында немесе соңында дауысты дыбыс әріптері тұрса, қосымша сол дыбысқа үндесіп, жуан не жіңішке болып дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: ЮНЕСКО-ның, НАТО-ңа, БҰҰ-ның.
§ 44. Тырнақшаға алынған сөздерге жалғанатын қосымшалар тыр- нақшаның ішіне жазылады. Мысалы: Ол өлең «Қазақ әдебиетінде» басылды. Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігін» қазақ тілінде де, орыс тілінде де оқыдық.
ШЫЛАУ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ

§ 45. Шылау сөздер төмендегіше жазылады:


а) шылаулар, негізінде, бөлек жазылады. Мысалы: сабақтан кейін, жиналысқа дейін; қағаз да, қарындаш та; қалам мен сия; аз ба, көп пе?
ә) ақ, ау, ай, мыс, міс, ды, ді, шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден дефис (-) арқылы бөлініп жазылады. Мысалы: сен-ақ, келмейді-ау, әдемісін- ай, барыпты-мыс, шамалы-ақ, көретін-ді, қой- ақ қой;
б) ма (ме, ба, бе, па, пе) сұраулық шылауы түбір мен қосымша арасында қолданылғанда мы, мі, бы, бі, пы, пі болып өзгерген қалпында бірігіп жазылады. Мысалы: келемісің? айтыппысың? Сұлтанбысың?
БАС ӘРІПТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

§ 46. Нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, көбінесе, өлеңнің әрбір жолы бас әріптен басталып жазылады.


§ 47. Жалқы есімдер (кісі аттары, географиялық атаулар, кәсіп- орындардың аттары, кітап, журнал, шығарма, мереке, мекеме, ұйым аттары т.б.) бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Абай Құнанбаев, Максим Горький, Балқағи, Алматы, М.Әуезовтің «Абай жолы» романы, Наурыз мейрамы, Мәдениет министрлігі, Ғылыми комитет Тіл білімі институты.
§ 48. Күрделі есімдерден құралған мынадай атаулардың әрбір сөзі бас әріппен жазылады.
а) Ең жоғарғы мемлекеттік кызмет аттары мен құрметті атақтар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет