§ 31. Екінші сыңары аралық, тану, mac, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сөздер және бірінші сыңары әсіре, көп сөздерімен келетін қазақ сөздері, сондай-ақ бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино, гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады. Мысалы: халықаралық, ауданаралық, континентаралық; жаратылыстану, шығыстану, абайтану; тілтаным, дүниетаным, жартас, қойтас, жылыжай, саяжай, мекенжай, ашықхат, қолхат, ауруханааралық, рұқсатқағаз, түсқағаз, шешенсымақ, фотосурет, электрұстара, радиоқабылдағыш, автоқалам, аэрошана, киноқондырғы, агрошаралар, инфрақызыл, ультракүлгін, изосызық, гипержазықтық, әсіресолшыл, әсірепатриот, әсіреқызыл; көпбалалы, көпдінді, көпүнділік, көпұлтты.
Ескерту.Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкіл- одақтық, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын есімдер осы түрінде жазылады (олар сөздікте беріледі).
§ 32. Екі кейде үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар, негізінен, түбірі сақталып, бірге жазылады. Мысалы: Досжан, Өтепберген, Әбдіманап, Мергенбай, Қартбай, Талдықорған, Жезқазған, Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақтүйесай, Ақдаласор.
Алдыңғы сыңары дауысты дыбысқа аяқталып, екіншісі дауыстыдан басталатын, негізінен, кісі есімдеріндегі қатар келетін екі дауыстының бірі (алғашқысы) түсіріліп жазылады. Қожа+Ахмет Қожахмет, Торы+айғыр - Торайғыр, Мырза+әлі — Мырзәлі (немесе Мырзалы).
Ескерту. а) Адам аттарының ішінде бек, хан, мырза, құл, әлі (әли, ғали) сияқты сөздермен жасалған есімдердің сыңарлары да әрдайым бірігіп жазылады: Мырзалы, Тұрсынзада, Әбдуәлі (Әбдуәли), Құлмұхамбет,
Бекмұхамбет; соңғы кездерде байқалғандай жалқы есімдердің сыңарларын ажыратып жазу (Мырза Әлі, Бек Мұхамбет) тәжірибесі сәтті емес.
Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздермен тіркескенде, жалқы есімге косылып жазылады. Мысалы: Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Сара Сәтбақызы Есова;
ә) екі түбірден құралған бірқатар кісі аттары түбір тұлғалары өзгеріп біріккен түрінде жазылады. Мысалы: Дәметкен, Ұлмекен, Ұлбосын (Дәмееткен, Ұлмаекен, Ұлболсын емес);
б) екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатын кейбір кісі аттары екі түбірдің үндесу ыңғайына қарай да жазылады: алдыңғы түбір қатаң дыбысқа аяқталса, келесі сөз де қатаң қ, к әріптерімен жазылады. Мысалы: Күсепқали, Қоскелді, Айткелді, Айтқожа, Сейітқұл, Аққыз; алдыңғы түбір дауысты дыбыстар мен ұяң, үнді дыбыстарға аяқталғанда, келесі түбірдің басқы дыбыстары ұяндап, ғ, г болып айтылса, ғ, г әріптері жазылады. Мысалы: Амангелді, Нұргелді, Төрегелді, Нұрғиса, Нұрғожа, Есенгүл, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз. Ал қатаң түрде айтылса, қ, к әріптері жазылады. Мысалы: Әбілқайыр, Әбдіқадыр, Әбілқасым, Қаламқас, Бибікамал, Шәмшіқамар;
в) қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған кісі аттары қатарынан екі дауыссыз дыбыстан басталмайды, олардың не алдынан, не ортасынан ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы:Ысқақ (Сқақ емес), Ысқақбай (Сқақбай емес), Сымахан (Смахан емес), Ырза (Рза емес), Ырзабай (Рзабай емес), Рысалды (Рсалды емес);
г) аттас жерлерді бір-бірінен ажырату үшін алдарынан қолданылатын анықтауыш есімдер бас әріптен басталып, бөлек жазылады. Мысалы: Кіші Азия, Орта Азия, Орталық Азия, Үлкен Қарой, Кіші Қарой.
V. ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
§ 33. Қос сөздердің барлық түрі дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: дүркін-дүркін, үлкен-кіші, үлкенді-кішілі, аяқ-табақ, қып-қызыл, қолма- қол, көзбе- көз, қолды-қолына, жалт-жұлт, өзінен-өзі, қараптан-қарап, некен- саяқ, жөн- жосық, саяси-бұқаралық.
Араларына да, (де, та, те)шылауын салып, етістіктің бұйрық рай тұлғаларынан жасалған сипаттама тіркестер қос сөздер сияқты дефиспен жазылады, шылау сөз бірінші сыңарға (сөзге) қосылып беріледі: уда-илу (айғай), аста-төк (байлық), ұрда-жық (мінез), келде-кет (немесе кел-кет болып отыру).
ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ
§ 34. Қосымшалар сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай буын үндестігі бойынша я жуан, я жіңішке болып жазылады. Мысалы: жұмыс-шы-лар-дың, инсти-тут-тар, пле-нум-да, бюлле-тенъ-дер, мұға-лім-ге, по-ляк-тар.
Ескерту. Күнә, кінә, шүбә, куә, іңкәр, күмән, Күләш, Күләй, Мүтән сияқты соңғы буынында жіңішке ә әрпі жазылатын сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады, тек барыс, жатыс, шығыс жалғаулары мен етістік тудыратын -ла жұрнағы жуан айтылып, жуан жалғанады. Мысалы: күнәсіз, күнәлі (бірақ кінәға, кінәдан, кінәсіна, күнәлау), шүбәсіз, шүбәлі (бірақ шүбәлану, шүбәға, шүбәсінан), куәсі, куәлік (бірақ куәға, куәдан, куәда), күмәнсіз (бірақ күмәндану, күмәнга, күмәнінан), Күләштің (бірақ Күләшқа).
Достарыңызбен бөлісу: |