Тікен сыңарлы біріккен сөздер. ҚТОС-інде “кейбір ағаштар мен
өсімдіктердің бұтақтарында болатын, үш жағы үшкір зат, тікенек”
мағынасындағы тікен сөзімен 15 шақты өсімдік атауы кездеседі. Олар:
әнектікен, әректікен, бозтікен, бүрметікен, жабыскақтікен, жалаңтікен,
жалбызтікен, көктікен, қаратікен, сарытікен, сортікен теміртікен, түйетікен,
шағыртікен, шегіртікен т.б. Орта компонент (тікен) денотаттың
дифференциалды бір белгісі болғанмен, ол атаулар құрамында қайталана
келе, көп денотатқа ортақ белгіге айналып, жалпы мағына алған. Сөйтіп,
аталған сыңардың көп денотатқа ортақ бүтіннің бөлшегі болуы оның әр
сипатта сөздермен (әнек, шегір, көк) бүтін атауды жинақтау қызметіне
әкеледі.
Тамыр сыңарлы біріккен сөздер. “Су мен қоректік затты жеткізіп
тұратын өсімдіктің жер асты мүшесі” болып, бүтіннің бөлшегі ретінде
жұмсалатын тамыр сөзі де БС құрастыру қызметін “жандандырады”. Ол
біріккен алтай тамыр, алтынтамыр, бұраматамыр, жертамыр,
жуантамыр, жылантамыр, көгентамыр, кіндіктамыр, мыңтамыр,
сабынтамыр, қаратамыр, майтамыр, маралтамыр сияқты өсімдік атаулары
экстралингвистикалық мәнділікпен Д1 Д1 қатынаста емес, Д2 Д2
қатынаста, яғни жанама байланыста тұрғандықтан, өсімдіктің бір кездегі
айқындаушы белгісі бүтін атау сипатын алып, БС жасаудың үлгісіне
айналған.
Жапырақ сыңарлы біріккен сөздер. Бүтіннің бөлшегі ретінде КС
құрамында қолданып, БС жасаудың бір тәсіліне айналған жапырақ сөзін де
жинақтаушы құрастыруыш қатарына қосуға болады: бабажапырақ,
балажапырақ, бөбежапырақ, бұйражапырақ, бұрамжапырақ, жебежапырақ,
жүнжапырақ, жүрекжапырақ, иманжапырақ, қанжапырақ, мүйізжапырақ,
мыңжапырақ, садақжапырақ, сужапырақ, сүтжапырақ, тартаржапырақ,
таспажапырақ, теңгежапырақ, түйежапырақ, ужапырақ, шайжапырақ,
шүкіржапырақ. Мұнда да бүтіннің бөлшегі (жапырақ) әр текті, әр сипатты
сөздермен біріге, бүгін ұғымның бүтін атауын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |