Орфографиясы


Басы сыңарлы біріккен сөздер



Pdf көрінісі
бет34/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

Басы сыңарлы біріккен сөздер. Басы сыңарлы қолбасы, онбасы,
дуанбасы, жүзбасы, рубасы, түменбасы, көшбасы, әскербасы, сияқты көне,
әскери-әкімшілік терминдер біріктіріліп, қазақ тіліндегі БС-дердің
формалды белгілерінің жүйеленуі – ҚТОС-терінің (1978, 1988) тағы бір
нақты нәтижесі. Мұнда “I изафет дамуындағы екінші бағыт 4
құрамындағы сөздері мағыналық жағынан жымдасып, бөлінбейтін
түйдекке айналып, осының салдарынан изафеттік тіркес күрделі сөздер
тобына ауысып отыратын (109. 224) процесс жүріп, басы сөзінің
лексикалық мағынасы жалпылану негізінде БС жасаудың бір тәсілі
қалыптасқан. Көп мағыналы бас лексикалық бірлігінің бұл жердегі
мағынасы “бір іске ұйтқы болу, топтың алды, басшысы, жетекшісі болу”


(ҚТТС,*2 т.) десек, оның қол, он, мыт жүз, ру, түмен, көш, әскер, дуан
сыңарларымен валенттілік құруы уәжді болмақ. Әрі олардың термин
мәнде жұмсалуы тіркесті жаңа бір мағыналық сатыға көтеріп, жиынтық
ұғым тудыруға, сөйтіп, универбтелуге әкеледі. Осы үлгімен елбасы,
қалабасы, отбасы, топбасы универбтерінің қолданысы активтенді. Ал сөз
басы, түлік басы, төл басы, мал басы, жан басы сияқты изафеттің екінші
типіндегі тіркестер бөлек тұлғаланады.
* * *
Жинақтаушы құрастыруыштар. Қазақ тіліндегі БС-дердің келесі
бір формалды белгісі деп бас, ағаш, құрт, тамыр, тікен, жапырақ, аяқ,
mac, сөз тұлғаларының алдыңғы компонентпен бірге жазылу сипатын
аламыз. Оларды жинақтаушы құрастыруыштарға топтауға мынадай себеп
бар. Мұнда бас, ағаш, құрт, тамыр, тікен, жапырақ тұлғалары “бүгіннің
жалпыға ортақ бөлшегі ретінде жұмсалып, белгілі бір сөздің сүйемелі
арқылы ғана” (27. 60) заттың атауы болатын, стандарт мағынадан гөрі
ұғымды жинақтау қызметін атқаратын, бір денотативке байлаусыз, көп
денотативке ортақ сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет